бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және технологиясы оқу пәні ретінде, оның мазмұны, әдістеме ғылымымен байланысы туралы білуі;
математика бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде және оны оқыту технологиялары туралы білуі;
бастауыш математика курсының маңызды ұғымдары және оларды оқыту технологиялары туралы білуі;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
алған теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетте іске асыра алады;
жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Игерілетін дағдылар:
ӛзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты дағдылар;
жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруға қажетті дағдылар;
оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдана білу дағдылары;
Пәнніңпререквизиттері: математиканы оқыту әдістемесі пәнін игеру үшін
«Педагогика», «Психология», «Метематика негіздері», «критериалды оқыту технологиясы» пәндерін оқып үйрену барысында қалыптасатын білім, білік және іс-әрекет түрлерін қолданады.
Пәнніңпостреквизиттері: математиканы оқыту әдістемесі пәні осы пәнмен байланысты таңдау пәндерін ілгеріде оқыту, педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен ӛткізу кезінде біліктер мен дағдыларды игеру үшін қажет болатын ғылыми әдістемелік және кәсіби технологиялық негіз болып табылады.