Музыка Бастауыш мектеп 1-сынып
| 3-бөлім: Менің отбасым және достарым |
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
|
Алдыңғы бөлімдерден оқушылар соль, ми ноталарына негізделген достар, мектеп туралы әндермен, қысқа әуендермен танысып, түрлі музыкалық шулы аспаптарда ойнап, тыңдап, музыка туралы ойларымен бөлісті. Олар қоршаған ортадағы түрлі дыбыстармен танысты және оны дауыспен, қимыл-қозғалыстармен, балаларға арналған музыкалық аспаптардың көмегімен жеткізуді үйренді.
|
Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Бөлім бойынша оқушылардың оқыту мақсаттарына жетуіне көмектесетін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мазмұнға қараңыз.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы мен терминологиясы
|
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
|
Оқушылар:
• динамикалық белгілерді, регистрлерді пайдаланып дыбыс күшін, биіктігін сипаттай алады.
|
• пиано, форте, біртіндеп қатты (крещендо),
біртіндеп ақырын (диминуэ́ндо)
дауылпаз
регистр
музыкалық аспаптар, шулы аспаптар
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Музыка күшейді ме, әлде ақырындады ма?
• Шығарылған дыбысты сипаттай аласыз ба?
• Дыбыстар қалай шығады?
• Бұл дыбыс неге ұқсайды?
• Музыка қалай өзгерді?
• Музыканы қалай өзгертуге болады?
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлімде оқушылар дыбыстарды белгілермен байланыстыруды үйренеді, қысқа әуендерді, әртүрлі кейіпкерлердің дыбыстарын түрлі регистрдегі, сәйкес динамикалық әсерлермен салыстыра қолданады, әнге ырғақтық сүйемелдеу жасайды. Оқушылар балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнайды, өз репертуарларын толықтырады. Оқушылар ақырын (p), қатты (f), біртіндеп қатты (крещендо), біртіндеп ақырын (диминуэндо) белгілерімен, регистрлермен және музыкалық, ұрмалы, шулы аспаптармен танысады.
Олар музыкалық репертуарларын кеңейтіп, балалар музыкалық аспаптарында ойнау дағдыларын дамытуды жалғастырады.
|
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс әрекеттері
|
Мұғалімге арналған
нұсқаулық
|
Оқыту ресурстары
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.3 Музыкалық сауаттылық
2.2
Музыка шығару және импровизациялау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
|
1.1.1.1
тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.3.1
жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау
1.2.2.1
дауысты және музыкалық аспаптардықолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
1.1.2.1
әндерді әуезділікпен, дауысқа қатты баспай, жеңіл дыбыспен, хормен және музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
|
Менің отбасым
1-тапсырма. Тыңдау және талдау
Оқушыларға отбасы туралы ән тыңдатыңыз. Мысалы, А. Естеновтің сөзіне жазылған А. Тани әні «Өнерпаздар отбасы» әні не туралы екенін талдаңыздар. Отбасының суретін көрсетіңіз. Отбасы мүшелері және олардың рөлі туралы әңгімелесіңіз. «Шаңырақ» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.
2-тапсырма._Аспапта_орындау'>2-тапсырма. Аспапта орындау
Оқушыларға отбасы жайлы «Бес саусақ» санамағын оқуды және жаттап алуды тапсырыңыз. Оқушыларды екі топқа «ұлдар» және «қыздар» тобына бөліңіз. «Ұлдар» тобы ата мен әке рөлін, «қыздар» тобы әже мен ана рөлін сомдайды. Оқушыларға өз кейіпкеріне сәйкес аспаптарды таңдап алып, санамақты аспаптардың сүйемелдеумен орындауды тапсырыңыз.
Орындау барысында динамикалық әсерді (қатты, ақырын) қадағалаңыз. Бала туралы соңғы жолды барлығы қосылып орындауы керек.
3-тапсырма. Орындау
Сабақтың соңында оқушыларға отбасы туралы ән үйретіңіз. Мысалы, Сабақтың басында тыңдаған сөзі. А. Естеновтың музыкасы А. Танидің «Өнерлі отбасы» әні
|
1-тапсырма
Мұғалімнің басқа әнді пайдалануына болады.
Оқушылардан ойланып, отбасы мүшелерінің түрлі дауыстарын салып жеткізулерін сұраңыз. Қай отбасы мүшесінің дауысы қатты, қайсысы ақырын екенін ажыратсын.
Мұғалім оқушыларды қатты және ақырын, форте, пиано сөздерінің мағынасын таныстырады, олардың белгілерін көрсетеді.
2-тапсырма
Оқушылар динамикалық белгілері бар парақшаларды қолдана отырып, қатты және ақырын дыбыстарды салыстыруды үйренеді.
3-тапсырма
Өлеңнің кейбір жолдарын қатты немесе ақырын айту керектігін көрсету үшін қатты және ақырып белгінің парақшасын көрсетіңіз. Әнді жеке немесе топпен айтқызыңыз.
|
Сөзі: А. Естенов Муз: А. Тани «Өнерпаздар отбасы»
http://bilimkozy.idhost.kz/kz/takpak/2004-takpak.html
«
Динамикалық белгілері (форте және пиано) көрсетілген карточкалар
|
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
1.3 Музыкалық сауаттылық
2.2
Музыка шығару және импровизациялау
|
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.3.2
қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату
1.2.2.1
Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
|
Көңілді достар
1-тапсырма. Орындау
Қол белгілерін қолдана отырып, сабақты соль және ми ноталары негізінде жазылған сәлемдесу әнімен бастаңыз. Мысалы, «Сәлемет пе, балалар» сөзін әндетіп, қол белгілерін көрсетіңіз (соль, соль, ми, ми, соль, соль, ми)
Оқушыларға отбасы және достар жайлы жаңа ән үйретіңіз, Мысалы; cөзі. А. Естеновтің музыкасы А. Танидің «Достарыммен біргемін» әні
Оқушылардан динамикалық символдармен қоса динамикалық белгілер көрсетілген парақшаларға (p, f және) сүйене отырып әнді орындауды сұраңыз.
Оқушыларды әннің қай бөлігінде музыка қатты, қай бөлігінде ақырын шығатынына назар аудартыңыз.
2-тапсырма. Музыкалық сауаттылық
Н. Тілендиевтің «Махамбет» күй-поэмасын тыңдатыңыз. Оқушыларға сұрақ қойыңыз; Күйде қандай аспаптар естіліп тұрғанын анықтаңыз? Осы аспаптардың дыбыс үнін салып көрсетіңіз. Композитор неге ұрмалы аспаптарды таңдады? Дауылпаз аспабын суреттен көрсет?
3-тапсырма. Импровизация
Оқушыларға дауылпазда ақырын, қатты және біртіндеп ақырын, біртіндеп қатты дыбыстарды көрсету үшін суреттік парақшалар көрсетіңіз. мысалы, поездың жақындаған немесе алыстаған, жаңбыр мен найзағайдың, аттардың жақындап, немесе алыстап шауып бара жатқан суретін, т.б.
Әнді барлық сыныпқа динамикалық белгілермен, әндегі дыбыс күштерін көрсетіп тұратын «оқушы-дирижер»-дің басқаруымен қайталаңыз.
|
1-тапсырма
Мұғалім отбасы және достар туралы әнді таңдай алады. Сабақ алдында алдын ала осы белгілердің (p, f и ) кейбір флеш-картасын дайындаңыз.
Мұғалім оқушылардың динамикалық символдар мен қоса динамикалық белгілер көрсетілген парақшаларға (p, f и ) сүйене отырып дұрыс орындауын қадағалауы тиіс.
2-тапсырма
Қазақтың ұлы композиторы, күйші орындаушысы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстырыңыз. «Махамбет» күй-поэмасының мазмұнын түсіндіріңіз. Ести отырып қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының бірнешеуімен таныстырыңыз. (ұрып ойналатын аспаптармен – дауылпаз, дабыл, шыңдауыл, т.б)
Дауылпаз аспабы жайлы әңгімелеп таныстырыңыз.
3-тапсырма
Мұғалім немесе оқушылардың өздері кезекпен «оқушы – дирижер» рөліне кіре алады.
|
https://www.youtube.com/watch?v=h9fDZF8hPic
Сөзі: А. Естенов Муз: А. Тани «Достарыммен біргемін»
қазақ тіліндегі әндер мен минустар сайты:
http://kzmusic.ucoz.net/
http://music.nur.kz/
|
2.2
Музыка шығару және импровизациялау
2.1
Идея және материалдар жинақтау
1.3 Музыкалық сауаттылық
3.1 Музыканы бағалау және көрсету
|
1.2.2.1
Дауысты және музыкалық аспаптардықолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
1.2.1.1
Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну
1.1.3.1
жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау
1.3.1.1
өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
1-тапсырма._Музыка_шығару__«Сұрақ-жауап»_ойыны'>Менің достарым - жануарлар
1-тапсырма. Музыка шығару
«Сұрақ-жауап» ойыны
Мұғалім жануарларға байланысты сұрақ, ал оқушылар ырғақтық суретпен жауап беретін фразаларды әнге салып айтуға болатын ойынды ойнатыңыз. Мысалы «Сиыр қалай мөңірейді? Жауап мұғалімнің көрсеткен ырғағына сәйкес төрттік, екі сегіздік болса, оқушы жауабы: «Мө-ө, мө-мө»
Бұл «сұрақ-жауап» сөйлемдердің ырғақтық арақатынасы қандай болады (төрттік пен сегіздік ноталарды пайдаланыңыз)? Динамикасы (қатты, ақырын) бойынша?
2-тапсырма. Идея жинақтау
Оқушылармен әртүрлі жануарлар туралы әңгіме жүргізіңіз. Олардың үй және жабайы жануарлары болып бөлінетініне назар аудартыңыз. Біз қиялымызда қандай жануарды елестете аламыз? Олар қандай дыбыстар шығарады? Бұл жануарлардың дыбыстарын қандай аспаптарда көрсетуге болады?
3-тапсырма. Музыка сауаттылығы
Оқушыларға регистр ұғымы туралы анықтама беріңіз. Жоғары, орташа, төмен регистрлер жайында айтыңыз, Жануарлар дыбыстарынан мысал келтіріңіз.
4-тапсырма. Презентация
Сабақты, «Қасқыр мен қоян» музыкалық ойынын көрсетумен аяқтаңыз. Мұғалім сыныпты екі топқа бөлуе алады. Әр топта 1 қасқыр, қалғандары қоян болады. Олар музыкалық аспаптарды, ырғақтық би қимылдарын, пантомима қосып өз партияларын сәйкес регистрінде ойнап орындауы мүмкін. Дайындыққа уақыт беріңіз. Кейін олар сынып алдында өз өнерлерін көрсетіп бір-бірін бағалайды.
|
1-тапсырма
Бұл ойынды мұғалім сыныппен, содан кейін топта жүргізе алады.
Бұл ойын нота ұзақтығын қайталауға және бекітуге бағытталған.
Оқушылармен флеш-картаны пайдалана отырып сұрақтарға түрлі жауаптар берумен жаттығуларды қайталаңыздар
2-тапсырма
Мұғалім алдын ала жануарлар туралы сұрақтар дайындап алады. Мұғалім оқушылардың жануарлар туралы «Жаратылыстану» пәнінен алған білімдеріне сүйенеді. Төрттік, сегіздік ұзақтықтағы ноталар және динамикалық белгілер; форте, пиано жазылған карточкалар қолданыңыз..
3-тапсырма Мұғалім оқушыларға музыкада дыбыс биіктіктері арқылы жануарлардың бейнесін көрсетуге болатынын түсіндіреді. Регистр - музыкадағы дыбыс биіктігі.
4-тапсырма Мұғалім ойын барысында түрлі ырғақтық суреттердің нұсқаларын пайдалануына болады.
Мұғалім оқушылардың санына қарай қоян мен қасқырдың маскаларын дайындап алады.
|
Нота ұзақтықтарын белгілейтін таңбалары бар карточкалар
Жануарлар суреттері бейнеленген картиналар
Жануарлар дыбыстарының жазбасы
Дыбыс биіктігі нақты және нақты емес, балаларға арналған музыкалық аспаптар
Муз: А. Тани
Сөзі: А.Естенов орысшада басқа автор, авторды нақтылау қажет
«Қасқыр мен қоян»
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.3 Музыкалық сауаттылық
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
|
1.1.1.2
Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.1.3.2
қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату
1.1.2 .2
Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау
|
Отбасылық мерекелер
1-тапсырма. Тыңдау және талдау
Оқушыларға Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің басқы бөлігін қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында тыңдатыңыз. Олардан үзіндіде естіген музыкалық аспаптарды анықтауды ұсыныңыз.
2-тапсырма. Музыкалық сауаттылық
Оқушыларға музыкалық және шулы, ұрмалы аспаптар деген ұғымға түсінік беріңіз. Аспаптарды көрсетіңіз және тыңдатыңыз.
3-тапсырма. Аспапта ойнау
Оқушылармен А. Естеновтің сөзіне жазылған А. Тани әні «Өнерпаздар отбасы» әнін қайталаңыз. Оқушыларды музыкалық, шулы, ұрмалы деп 3 топқа бөліңіз. Әнді жеке топтардың сүйемелдеуімен орындатыңыз. Динамикалық әсерлерді қосып, түрлі ырғақпен ойнатыңыз. Әр топтың орындауын бағалаңыз. Соңында барлық топты қосып оркестрмен орындатыңыз.
|
1-тапсырма
Алдын ала қазақтың ұрмалы және музыкалық аспаптары бейнеленген парақшаларды дайындап алыңыз
2-тапсырма
Ұрмалы және шулы аспаптар неден жасалуы мүмкін деген сұраққа пікірталас өткізіңіз. Олар не үшін қажет, олар неге солай аталған? Мұғалім осы музыкалық аспаптар жайлы бейне сюжет көруді ұсынады немесе осы аспаптардың ойнау тәсілдерін өзі ойнап немесе фильмнен көрсетеді (егер де мұғалім өзі осы аспаптарда ойнай білген жағдайда)
3-тапсырма Бөлім соңында мұғалім оқушылармен қосылып, олардың дыбыс күші (ақырын және қатты дыбыстар), музыкадағы «крещендо», «диминуэндо», «ырғақтық сурет» ұғымдары, «ұзақ» және «қысқа» дыбыстар туралы білімін бағалайды (бағалаудың түрлі формаларын пайдалануға болады)
|
«Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі
Балаларға арналған және қазақтың музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар
|
Достарыңызбен бөлісу: |