Музыка Бастауыш мектеп 1-сынып
| 8-бөлім: Дені саудың – жаны сау |
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
|
Алдыңғы бөлімде оқушылар, жаңа ән репертуарын үйреніп, тыңдауға арналған әртүрлі музыкалық шығармалармен танысты. Оқушылар музыка сауаттылығына қатысты теориялық білім дағдыларын тәжірибеде бекітті. Оқушылар соль және ми ноталарының орналасу биіктігін анықтап, олардың екпінін (интонация) таза орындау үшін жұмыстарды жалғастырды. Сонымен қатар, жоғары және төмен регистрлі дыбыстарды тану, тыңдалған музыканы талдап, талқылау және коммуникативтік дағдыларын дамытты.
|
Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Бөлім бойынша оқушылардың оқыту мақсаттарына жетуіне көмектесетін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» мазмұнына қараңыз.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы мен терминологиясы
|
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
|
Оқушылар
• анық дикция арқылы аудиториямен тілдесе алады
|
полька
дайындық
режиссер
фестиваль
орындау
|
Талқылауға арналған сұрақтар?
• Егер көрермен болсаңыз, Сіз не ойлар едіңіз?
• Бұл қалай жақсартылуы мүмкін?
Неліктен екендігін айта аласыз ба…?
• … бұл Сіздің ең сүйікті қойылымыңыз болды?
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлім 1-сынып бойынша жасалған барлық жұмыстың қорытындысы болып табылады. Бөлімде бір «Шаңырақ» астында үйренген барлық әндер мен музыкалық шығармаларды түрлі музыкалық-театрландырылған қойылым жасау мақсатында біріктіру идеясы қарастырылған. Аудитория алдында өнер көрсете білу мәдениеті, ән орындау, аспапта ойнау кезінде сахналық шеберлік, әртістік қабілетке баса назар аударылады. Қойылымдарды ұйымдастыру мен жүргізу барысы нақты ойластырылып, сахнада өнер көрсетудің барлық жағдайлары жоспарлануы тиіс: бастау және аяқтау, өнерін көрсету, вокалдық орындау кезіндегі анық дикция, ансамбльде, оркестрде үйлесімді ойнау және кез келген аудитория алдында өз өнерін таныстыру.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
Оқыту ресурстары
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет
|
1.1.1.1
Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл-күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
|
Кел, билейік!
Талқылау:
Қандай би түрлерін білесіздер?
Қандай билер халық биі деп аталады?
Қазақтың ұлттық би түрлерін атаңыз?
1-тапсырма. Музыка тыңдау және талқылау
М.И. Глинканың «Полька» шығармасын тыңдаңыз.
Шығарманың сипатын анықтаңыз?
Шығарманың екпінін, ырғағын, динамикасын анықтаңыз?
2-тапсырма. Орындау
Ән үйреніңіз, мысалы «Кел, билейік»
Муз. Б. Байқадамов, сөзі. М. Әлімбаев
Әнге ырғақтық қимылдар ойлап тауып, орындаңыз.
|
Мұғалім сабақты биге байланысты сұрақтарды талқылаудан бастай алады.
1-тапсырма. Мұғалім кез келген композитордың «Полька» музыкалық шығармасын таңдай алады. Оқушылар музыкалық шығарманы тыңдап, сипаты мен екпінін анықтайды.
Мұғалім оқушыларға полька биінің бейнеролигін көрсету қажет. Оқушыларды полька музыкалық терминімен таныстырыңыз.
2-тапсырмада оқушылар әнге қимыл қозғалыстар ойлап табу үшін мұғалім кез келген ырғақтық әнді таңдауы керек.
Оқушыларға көмек ретінде, мұғалім өзі бірнеше қимыл қозғалыстар көрсете алады. Сонымен қатар мектеп хореографының көмегіне жүгінуге болады.
|
М.И.Глинка «Полька»
балаларға арналған музыкалық аспаптар
«Кел, билейік»
Муз. Б. Байқадамов, сөзі. М. Әлімбаев
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет
|
1.1.1.1
Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2 .2
Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау
|
Музыкалық шаңырақ!
1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау
А. Естеновтың сөзіне жазылған А. Танидің «Шаңырақ» әнін тыңдаңыз.
Әнде не туралы айтылған?
Ән қандай көңіл-күйді жеткізеді? Неліктен?
Әнді тыңдаған кезде қандай сезім туды?
Шаңырақ бейнеленген суретке қараңыз.
Бұл суретте не бейнеленген?
Шаңырақ туралы не білесіздер?
Шаңырақ қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды?
Неліктен оның пішіні күмбезге ұқсайды?
2-тапсырма. Орындау
Шаңырақ туралы ән үйреніңіз, мысалы, сөзі А. Естенов, музыкасы А. Тани «Шаңырақ» әні.
3-тапсырма. Аспаптарда ойнау «Шаңырақ» әніне қазақтың ұрмалы аспаптары мен музыкалық-шулы және ұрмалы аспаптарды қолдана отырып, сүйемелдеу жасаңыз.
|
1-тапсырма. Мұғалім оқушыларға әнді өзі орындап бере алады немесе әннің жазбасын тыңдатуға болады.
Мұғалім оқушыларға шаңырақ бейнесін көрсете отырып, шаңырақтың «үй», «отбасы» мәніне жақын екендігі туралы әңгіме жүргізуі қажет.
Оқушылардың назарын қазақ халқы ерте кезден оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабаның рухы ретінде таратып келетіндігіне аудару керек.
2-тапсырма. Мұғалім ән үйрету ережелеріне сай үйрету қажет.
3-тапсырма. Оқушылардан қазақтың ұрмалы аспаптарын қолдана отырып, әнге сүйемелдеу жасауын сұраңыз. Берілген тапсырманы топтық жұмыс түрінде өткізуге болады, бір топ әнді орындаса, екінші топ әнге сүйемелдеу жасайды.
Оқушылардан жұмысын талқылап, пікірін білдіруді сұраңыз.
|
«Шаңырақ» әні сөзі А. Естеновтікі, музыкасы А. Танидікі.
шаңырақ бейнеленген сурет
Шаңырақ туралы тақпақ/ әнгіме
«Шаңырақ» әні сөзі А. Естенов, муз А. Тани.
Қазақтың ұрмалы аспаптары, музыкалық-шулы және ұрмалы аспаптар.
|
2.1
Идея және материалдар жинақтау
2.2
Музыка шығару және импровизациялау
3.1 Музыканы бағалау және көрсету
|
1.2.1.1
Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну
1.2.2.1
Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
1.3.1.1
өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
Өнер фестиваліне дайындық.
1-тапсырма. Идеяларды жинау
Жыл бойына меңгерген жеті бөлім ішінен бір тақырыпты таңдап, музыкалық көрсетілім дайындауды ұсыныңыз.
2-тапсырма. Музыка шығару және импровизация
Өз жұмысыңызға дайындық жүргізіңіз.
3-тапсырма. Презентация және бағалау
Әр топ өз жұмысын сынып алдында таныстырады.
- Көрсетілімде не жақсы болды?
- Нені жақсарту керек?
|
1-тапсырма. Бұл тапсырманы топтық жұмыс түрінде өткізу қажет.
Мұғалім оқушыларға жеті бөлім ішінен үйренген әндері мен музыкалық шығармаларын таңдауға көмек көрсетеді. Таңдап алған шығармалары негізінде музыкалық көрсетілім дайындайды, қойылым барысында үйренген әндерін шырқап, би билеп, музыкалық шығармаларға ырғақтық сүйемелдеу жасайды.
2-тапсырма. Мұғалім топтарға қажет жағдайда көмек көрсетуіне болады.
Мұғалім қажетті ресурстарды дайындауы қажет: костюмдер, музыкалық-шулы аспаптар, қазақтың ұрмалы аспаптары, жыл бойы үйренген әндердің жазбалары және т.б.
Қорытынды жұмыс үшін мұғалімге ата-аналар мен үлкен сыныпы оқушыларының көмегіне жүгінуге болады. Ата-аналар тек ұйымдастыру жұмыстарына емес, оқушылардың қойылымдарына да көмек көрсете алады.
3-тапсырмада өзара бағалау жүргізіңіз.
|
Қойылымға арналған костюмдер
Балаларға арналған музыкалық аспаптар
|
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
3.1 Музыканы бағалау және көрсету
|
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2 .2
Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау
1.3.1.1
өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
Өнер фестивалі.
1-тапсырма. Орындау
Өз музыкалық қойылымдарыңызды қайталаңыз.
2-тапсырма. Презентация және бағалау
Әр топ өз жұмысын таныстырып, бағалау жүргізеді.
Не жақсы өтті?
Нені жақсарту керек?
|
Бұл қорытынды сабақ. Жыл бойына қол жеткен жетістіктерге қорытынды баға берілетіндіктен, алдын ала көрсеткіштер талқыланады.
Оқушыларға аудитория алдында өздері даярлаған шығармасын жоғары мәдени дәрежеде, барлық ережелерге сәйкес қалай көрсету керек екендігі туралы түсіндірме жұмыс жүргізіңіз.
Мұғалім өнер фестивалі өтетін орынды алдын ала жоспарлауы қажет.
Сонымен қатар бейнелеу өнері мұғалімімен біріге отырып, сахна безендіруін ойластыру қажет. Оқушылардың көрсетілімдерін видеоға түсіріңіз.
|
Аудио/ бейне жазбалар
Қойылымға арналған костюмдер
Қазақ халық ұрмалы аспаптар
Балаларға арналған музыкалық аспаптар
| Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Бастамас бұрын өзіңіздің орта мерзімдік жоспарыңызға жүгініңіз. Сабақ жоспарлары, сабақ беру мен оқытудағы соңғы жаңалықтарға байланысты түзетулерді ескере отырып, осы үлгінің негізінде жасалуы тиіс.
САБАҚ: Жемістер концерті
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
|
1.1.1.1
Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл-күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2 .2
Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылар:
П.И Чайковскийдің «Времена года» циклінен «Январь» музыкалық шығармасын тыңдап, талдайды;
Ұрмалы және музыкалық-шулы аспаптарды пайдалана отырып, тыңдаған шығармасына ырғақтық сүйемелдеу жасайды
Қыс туралы әнді жаттап, орындайды.
|
Бағалау критерилері
|
Ұрмалы және музыкалық-шулы аспаптарды пайдалана отырып, тыңдаған шығармасына ырғақтық сүйемелдеу жасай алады;
Әннің әуенін дұрыс орындайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
• музыкадағы түрлі көңіл күйді сипаттап, жеткізе білуі керек
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылады?
- Суретте не бейнеленген?
- Жылдың қай мезгілі суреттеледі?
- Қалай ойлайсыңдар, суреттегі қыс қатты болды ма?
- Музыканың көңіл күйі қандай?
- Композитор музыкасында қыстың көңіл күйін қалай жеткізеді?
- Сурет пен өлең музыкаға сәйкес келе ме?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Классикалық музыканы тыңдауға деген ынтасын ояту, табиғатқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Әдебиет – өлең тыңдап, талқылау
|
Бұрыннан меңгерілген білімдер
|
Өткен сабақта оқушылар тыңдап, музыканың көңіл күйін анықтады, ми және соль ноталарына негізделген әндетпе үйренді, қол белгілерімен көрсетіп ән орындады
|
Сабақ барысы
|
Сабақ сатылары
|
Сабақтағы жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
|
Қыс туралы өлең оқудан бастаймыз.
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні!
|
|
|
1-тапсырма. Талқылау.
Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?
Оқушыларға қыс тақырыбындағы суреттерді көрсетіңіз, мысалы И.Шишкин «Қыс»
Қандай көріністі көріп тұрсыздар?
Бұл суретте қандай жыл мезгілі көрсетілген?
Қалай ойлайсыңдар, суреттегі қыс қатты ма?
|
Қыс пейзажы бейнеленген слайд таныстырылым
|
Сабақтың ортасы
|
2-тапсырма. Тыңдау
|
|
Сабақтың соңы
5минут
|
Оқушыларға П.И Чайковскийдің «Времена года» циклінен «Январь» музыкалық шығармасының бейнеролигін тыңдаңыз.
- Композитор музыка арқылы қыс көңіл-күйін қалай жеткізген?
- Өлең пен картина музыкаға сәйкес келе ме?
3-тапсырма. Аспапта ойнау
Оқушыларға ұрмалы және музыкалық-шулы аспаптарды пайдалана отырып, П.И. Чайковскийдің «Январь» музыкалық шығармасына ырғақтық сүйемелдеу жасауды ұсыныңыз.
Презентация. Әр топ өз жұмысын көрсетеді.
4-тапсырма. Орындау
Қыс немесе жаңа жыл туралы ән үйреніңіз.
Мысалы, «Жаңа жылға – жаңа жыр», муз. Ә. Әбдінұров, сөзі. Ж.Әбдірашев
1. Даланың да, қаланың
Думандатып от басын,
Тағы, міне, Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын!
Жоламасын елге мұң,
Жаңғырып кел, Жаңа жыл!
Әкелердің еңбегін
Жандырып кел, Жаңа жыл!
Қайырмасы:
Жаңа жылды бар тілде –
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әркім де
Жақсы үмітпен қарайды!
2. Нұрландырсын әзілің,
Наз айтып кел, Жаңа жыл!
Әжелердің әжімін
Азайтып кел, Жаңа жыл!
Бар баланы бір жасқа
Өсіріп кел, Жаңа жыл!
«Беспен» жаңа сыныпқа
Көшрііп кел, Жаңа жыл!
Әнді сыныппен бірге орындаңыз.
|
https://www.youtube.com/watch?v=TmwlmC4qwA8 –Чайковский «Январь»
ұрмалы және музыкалық-шулы аспаптар
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия:
Нені үйрендім?
Нені білдім?
Қай тапсырма қиын болды?
Қай тапсырма жеңіл болды?
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Тыңдаған музыкаға сүйемелдеу жасаған кезде мұғалім кейбір оқушыларға ырғақты үлгіге қарап орындауды ұсына алады
Кейбір оқушылар әнді мұғалімнің көмегінсіз орындай алады
|
• Бақылау
Бағалау критерилері мен дескрипторлар бойынша
Әнді орындау кезінде өзара бағалау
|
Денсаулық сақтаушы технологиялар
Сергіту сәттері мен іс-әрекеттің белсенді түрлері
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?
Барлық оқушылар ОМ қол жеткізді ме?
Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?
Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?
|
Бұл бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?
|
i
Достарыңызбен бөлісу: |