Музыка Бастауыш мектеп 1-сынып
| |
Осығандейін меңгерілуі тиіс білім
|
Оқушылар тыңдаған музыка жайлы өздерінің пікірлерін айтады және өз жұмыстарын талдай бастайды. Олар Curwen-Kodaly жүйесі бойынша қол белгілерін қолдана отырып, соль, ми ноталарына негізделген қысқа әуендерді орындайды, жаңа әндермен танысады, музыкалық-шулы- аспаптарда ойнай бастайды.
|
Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Бөлім бойынша оқушылардың оқыту мақсаттарына жетуіне көмектесетін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсат үлгісі төменде берілген. Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімге қараңыз.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы мен терминологиясы
|
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері
|
Оқушылар:
•қоршаған ортадағы дыбыстарды сипаттау үшін сын есімдерді қолдану және олардың мәнін түсінетіндігін музыка тілі арқылы түсініп көрсету
|
• соғу, ырғақ, төрттік нота, сегіздік нота
• ұзақ дыбыстар, қысқа дыбыстар
домбыра
барабан
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Бұл дыбыс неге ұқсайды?
• Бұл дыбыс неден құрылады?
• Бұл дыбыс нені еске түсіреді?
• Осы дыбысты қалай өзгерте алар едіңіз?
|
Қысқаша шолу
|
Осы бөлімді оқу кезінде оқушылар мектептің өміріндегі және қоршаған ортадағы дыбыстарды зерттейді. 1-бөлімге негізделіп, оқушылар музыкалық, ұрмалы, шулы-аспаптарда ойнайды, өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады. Музыканың сүйемелеуімен өз дауысын, аспаптарды және қимыл-қозғалыстарды пайдаланып, қарапайым импровизациялар жасайды. Оқушылар дыбыс пен символдар арасындағы байланысты зерделей бастайды.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
|
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
Оқыту ресурстары
|
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
2.2
Музыка шығару және импровизациялау
|
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2 .2
қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау
1.2.2.1
дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
|
Мен және менің мектебім
1-тапсырма. Орындау
Оқушыларға Ғ. Тамендаров – М. Әлімбай. Сүйемелдеуін жазған А. Тани «Біз мектепке барамыз» әнін үйретіңіз. Әннің қай бөлігінде ұзақ және қай жерінде қысқа дыбыстар болғанын анықтауды тапсырыңыз. Әннің қысқа ырғағында қолды шапалақтауды, ұзын ырғағында тізені соғуды ұсыныңыз.
Тақтаға ырғақты ұзын, қысқа сызықтармен немесе басқадай белгілермен жазып қойыңыз.
2-тапсырма._Аспапта_орындау'>2-тапсырма. Аспапта орындау
Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Бір топ ұзақ дыбыстарды үшбұрышта, екінші топ қысқа дыбыстарды тұяқтас немесе маракаста орындатыңыз. Әннің ырғағын әр топта жеке, кейін ансамбльмен ойнатыңыз.
3-тапсырма. Музыка шығару
Оқушыларға «Менің атым ..........» фразасына ырғақтық сурет құрастыруды ұсыныңыз. Оларға әр түрлі өлшемдегі фигуралар бейнеленген карточкалар таратып беріңіз. Үлкен фигуралар ұзақ дыбыстарды, кішкентай фигуралар қысқа дыбыстарды білдіреді. Әр оқушы өз атына ырғақтық сурет құрастырады.
|
1-тапсырма
Мұғалім топпен орындауда жұмыс жасау үшін, алдын ала ырғақтық суреттер дайындап қояды. Оқушылар есімдеріндегі буындар құрылымында әртүрлілік болатындай бөлуді ойластыру керек.
2-тапсырма
«Ырғақ» сөзіне анықтама беріңіз. Ұзақ және қысқа дыбыстардың ноталық белгісін көрсетіңіз. Ұзақ дыбысты «таа», қысқа дыбысты «те, те» буынымен айтқызыңыз және алда да осыны қолданатынын түсіндіріңіз.
3-тапсырма
Мұғалім оқушылардың санына қарай түрлі өлшемдегі фигуралар бейнеленген үлестірмелі парақшаларды қолданады.
|
«Біз мектепке барамыз», сөзі М. Әлімбаевтікі, музыкасы Г. Тамендаровтікі.
«Сандар туралы ән» ойын-өлең. Сөзі А.Естеновтікі, музыкасы А.Танидікі
үшбұрыш, асатаяқ, маракастар, тұяқтастар
Ырғақтар жазылған карточкалар
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.3 Музыкалық сауаттылық
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет
|
1.1.1.2
таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.1.3.1
жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау
1.1.2.1 әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
|
1-тапсырма._Тыңдау_және_талдау'>Мен мектеппен танысамын
1-тапсырма. Тыңдау және талдау
Сабақты күй тыңдаудан бастаңыз. Жеке домбыраның орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңдатыңыз. Оқушылардан күйден алған әсерлері жайында, қандай аспапты естіп тұрғанын, ол аспаптың дыбысы қалай, ол туралы не білетіні жайлы сұраңыз. Оқушылардың барлық жауаптарын қабылдаңыз. Мектепте домбыраның үнін естуге бола ма? Сол туралы әңгімелесіңіздер
2-тапсырма. Музыкалық сауаттылық
Домбыра туралы әңгімелеп беріңіз. Домбырада ойнап көруді ұсыныңыз. Домбыра ішектерін соғып көріңіз. Дыбыс қаншалықты ұзарды. Дыбыс ұзақтығы туралы түсінік беріңіз.
3-тапсырма. Орындау
Сабақтың соңында алдыңғы сабақта үйренген, сөзі: М. Әлімбаевтікі, музыкасы: Г. Тамендаровтікі «Біз мектепке барамыз» әнін қайталаңыздар. Әннің ырғағын қайталаңыздар, әннің әуеніне соль, ми ноталары аралығында жазылғанына назар аударыңыздар.
|
1-тапсырма
Мұғалім музыка тыңдатуға домбыраның орындауындағы кез келген шығарма (күй) таңдай алады. Оқушыларға зерттеуге домбыра аспабын дайындап қояды.
2-тапсырма
Домбыра аспабының шығу тарихына тоқталып өтіңіз. Домбыраның құрылымы – шанағы, құлағы, беті, ішектері, пернелері, ойығы т.б.
3-тапсырма
Үйретілетін әннің ырғағына мән беріңіз. Соль және ми ноталарына құрылған дыбыс биіктіктеріне көңіл аударыңыз. Оқушыларды төрт топқа бөліп, үлестірме паракшалар арқылы әннің фразаларын бөліп қоюды тапсырыңыз.
|
Құрманғазының күйі «Балбырауын»
Домбыра аспаптары
«Біз мектепке барамыз» әні. Cөзі М. Әлімбаевтікі, музыкасы Г. Тамендаровтікі,
Ырғақ карточкалары
Біркелкі ырғақпен сөздер жазылған әртүрлі карточкалар
Ұрмалы аспаптар
|
2.1
Идея және материалдар жинақтау
2.2
Музыка шығару және импровизация-лау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
|
1.2.1.1
музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну
1.2.2.1
дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
|
Мектептегі дыбыстар
1-тапсырма. Идея және материалдар жинақтау
Оқушылармен мектеп ішінде түрлі дыбыстарды анықтау үшін виртуалды серуен жүргізіңіз. Мысалы, кітапхана, асхана, спорт зал, би залы, т.б
Оқушылардан мектеп ішіндегі әртүрлі дыбыстарды тыңдауды сұраңыз. Мектепте тағы не естуге болатынын талқылаңыз? Бұл қандай дыбыстар? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қай жерде қатты, қай жерде ақырын дыбыстар естілді?
2-тапсырма. Музыка шығару
Фотослайд көрсетіңіз. Осы фотослайдқа музыкалық композиция құруды тапсырыңыз.
Музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптарды, қолда бар материалдарды қолданыңыз. Әр слайдқа қандай ырғақ сәйкес келетінін талқылаңыз қатты және ақырын. Қай жерде ақырын, қай жерде қатты орындау керектігіне назар аударыңыз.
3-тапсырма. Орындау
Оқушылардың дауыс ерекшеліктеріне сәйкес мұғалім мектеп туралы әнін үйрете алады.
Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Әр топқа тапсырма беріңіз.
1-топқа: әнге би қимылдарын ойластыруды, ал
2-топқа ырғақтың сүйемелдеу құрастыруды тапсырыңыз. Дайындыққа уақыт беріңіз. Оқушылар өз өнерлерін сынып алдында көрсетеді және топтар бір- бірін бағалайды.
|
1-тапсырма
Виртуалды серуен бағытын алдын ала зерттеп дайындап алыңыз.
Серуен бағытына кітапхана, асхана, спортзал, би залын қосуыңызға болады.
Мектеп өмірінен фотослайд жасаңыз.
2-тапсырма
Дыбысты қалай қатты немесе ақырын шығаруға болатынын талқылаңыз. Берілген тапсырманы шағын топта қысқаша бақылау жұмысы түрінде өткізу тәсілдерін ойластырыңыз.
3-тапсырма
Оқушылардан дыбыстың қаншалықты қатты/жай шыққаны туралы ойлануын сұраңыз. Олар дыбыстарды аспаптарда өзгертіп шығара ала ма?
Мұғалім мектеп туралы кез келген әнді таңдай алады
|
Табиғат дыбыстары ғаламтордан қараңыз ecosounds.net
Белгілі бір биіктіктегі және нақты биіктігі жоқ ұрмалы аспаптар
Мектеп өмірінен фотослайд
Мектеп туралы әндер
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
2.2
Музыка шығару және импровизациялау
1.3 Музыкалық сауаттылық
|
1.1.1.2
таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.2.2.1
дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
1.1.3.1
жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау
|
1-тапсырма._Тыңдау_және_талдау'>Мен дыбыстар әлеміндемін
1-тапсырма. Тыңдау және талдау
Оқушыларға қоршаған ортадағы түрлі дыбыстарды тыңдатыңыз. Тыңдаған дыбыстарда ырғақ бар-жоғын талдаңыздар. Сағаттың тықылы, поездың жүрісі, жаңбырдың тамшылауы, адамның және жануарлардың жүрісі, т.б дыбыстарының ырғағын анықтаңыздар.
2-тапсырма. Импровизация
Оқушыларды жұптастырып, бізді қоршаған әлемдегі дыбыстар ырғағын құруды ұсыныңыз. Ол үшін оқушыларға, мысалы, секіріп жүрген қоянның, шауып келе жатқан аттың, адымдап келе жатқан пілдің жүрісінің, жүгірген балалардың ырғақтарын көрсететін суреттік үлестірме паракша таратыңыз.
Оқушыларға өздері таңдаған кейіпкерлердің ырғағын көрсетуді тапсырыңыз. Оқушыларды импровизациялары үшін жақсы сөзбен мадақтаңыз.
3-тапсырма. Музыкалық сауаттылы
Оқушыларды барабан аспабымен таныстырыңыз. Оқушылар тобына екі сегіздік және бөлек төрттік ноталары бейнеленген бірнеше парақшаларды беріңіз. Сондай-ақ оларға жеңіл сөздердің бірнеше үлгілерін беріп, олардың сөздер мен ырғақты дұрыс іріктеуін бақылаңыз.
|
1-тапсырма
Мұғалім алдын ала тыңдауға, сағаттың тықылы, поездың жүрісі, жаңбырдың тамшылауы, т.б жазбаларын дайындап алады.
2-тапсырма Мұғалім секіріп жүрген қоянның, шауып келе жатқан аттың, адымдап келе жатқан пілдің, адамдар мен жануарлардың жүрісін, қимылын көрсететін суреттік парақшалар дайындап алады.
3-тапсырма
Мұғалім ырғақтық үлестірме парақша, сегіздік және төрттік нота ұзақтықтары бар парақша дайындап қояды.
Оқушылар тобына парақшағааға жазылған ырғақтар тобын іріктеуді сұраңыз. Оларды бір қатарға қойып ырғақ бойынша барабанда ойнап көріңіз. Содан кейін әр топқа ұрмалы аспаптарының жинағын беріңіз, олар бірлесіп және жеке өз ырғақтарын ойнап көрулері керек.
|
Қоршаған ортада шығатын түрлі дыбыстар жазбасы.
Суреттік карточкалар
Ырғақтық карточкалар, сегіздік және төрттік нота ұзақтықтары бар карточкалар
|
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
3.1 Музыканы бағалау және көрсету
|
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.3.1.1
өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
Мектебім – алтын бесігім
1-тапсырма. Орындау.
Оқушылармен мектеп туралы үйренген сөзі: М. Әлімбаевтікі, музыкасы: Г. Тамендаровтікі «Біз мектепке барамыз» жәнебасқа да мектеп туралы әндерін қайталаңыз.
2-тапсырма. Көрсетілім
Оқушыларды төрт топқа бөліңіз.
Бірінші топқа «Біз мектепке барамыз» әнін мәнерлеп орындауды,
екінші топ оны сүйемелдеуін дайындауды, үшінші топ «Аяулы әнім – мектебім» әнін орындаса,
төртінші топқа оны сүйемелдеуін дайындауды тапсырыңыз.
Дайындыққа уақыт беріңіз. Дайындық кезінде қажет болған жағдайда топтарға көмек ұсыныңыз.
Көрсетілім кезінде оқушылар бір-бірін тыңдап, бағалайды.
|
1-тапсырма
Мұғалім әнді қайталау кезінде оқушылардың барлығы айтып отырғанына, әннің тазалығына назар аударады.
2-тапсырма
Аспапта орындау барысында ырғақты дұрыс ойнап тұрғанына көз жеткізіңіз.
|
Сөзі: М. Әлімбаевтікі, музыкасы: Г. Тамендаровтікі «Біз мектепке барамыз»
«Аяулы әнім – мектебім». Сөзі Ә. Аймақтікі, әні С. Сапарәлиевтікі
http://balakai.kz/ander/840-ayauly-nm-mektebm.html
Музыкалық, шулы және ұрмалы аспаптар
|
Достарыңызбен бөлісу: |