1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет
3.1 Музыканы бағалау және көрсету
|
1.1.1.1
Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.3.1.1
өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
Туған жерімнің әуендері
1-тапсырма. Бейнеролик қарау
Талқылау:
Оқушылармен әңгімелесу
Бұл бейнероликте не көрдіңіздер?
Қандай музыка естілді?
Қазақстан Республикасының Гимні орындаңыз.
Талқылау:
«Рәміз» сөзі нені білдіреді?
Рәміздер мемлекетке не үшін қажет?
Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді көрсетіңіз. (Ту, Елтаңба)
- Бұл суреттерде не бейнеленген?
- Берілген бейнелерді қай жерде кездестіруге болады? сұрақтарын қойыңыз
2-тапсырма. Орындау
Оқушыларға туған жер туралы оқушылардың дауыс ерекшеліктеріне сәйкес ән үйретіңіз
3-тапсырма. Ақпарат іздеу
Топтарда бір рәміз туралы ақпарат дайындаңыз
1-топ - Елтаңба,
2-топ - Ту,
3-топ - Гимн
4-тапсырма. Презентация
Өз жұмысыңызды көрсетіңіз.
|
1-тапсырма. Мұғалім сабақты Қазақстан спортшыларының марапаттау рәсімі көрсетілген бейнероликті көрсетумен бастауы қажет.
Оқушылардан Гимні орындауын сұраңыз, мұғалімге әнұран сөзінің мағынасы мен әнұран авторлары жайлы мағлұмат беруге болады.
(Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
Мемлекеттік рәміздер ту мен елтаңбаны оқушыларға таныстырыңыз.
Мұғалім Гимн авторлары мен рәміздер туралы презентация дайындауына болады.
2-тапсырмада орындауға арналған патриоттық әнді мұғалім өзі таңдай алады. Бұл әнді Тәуелсіздік күні мерекесіне орай үйретіледі.
3-тапсырма. Бұл тапсырма үшін оқушыларды үш топқа бөліңіз, оларға алдын ала рәміздер туралы ақпараттар бар кітапшалар мен балаларға арналған газет-журналдарды дайындау қажет.
4-тапсырма. Мұғалім бағалау жүргізе алады.
|
https://www.youtube.com/watch?v=UEpLuAp__9Q олимпиадада Серік Сапиевті марапттау рәсімі
Қазақстан Республикасының Гимні
Презентация
Турған жер туралы әндер
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
|
1.1.1.2 таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.1.1.1
тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2 .2
қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау
|
Музыкадағы табиғат суреттері
1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау
Дыбыстарды тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз:
Қандай дыбыс естідіңіздер?
Оларды естігенде нені елестетесіздер?
Тыңдалған дыбыстар қандай көңіл-күйді білдіреді?
Оқушылардан естіген дыбыстарға қимыл-қозғалыстар көрсетуді ұсыныңыз. Дыбыстарға сай неліктен сол қимыл-қозғалыстарды көрсеткендігін түсіндіруді сұраңыз.
2-тапсырма. Орындау
Ауа райы туралы соль және ми ноталарында орындалатын қысқа ән үйреніңіз.
Әнді соль және ми ноталарының қол белгілерін көрсете отырып орындаңыз
3-тапсырма. Аспаптарда ойнау
Ми және соль ноталарын аспапта орындаңыз
4-тапсырма. Музыка тыңдау
Екі түрлі музыкалық шығарманың үзіндісін тыңдап, көңіл-күйін анықтаңыз.
С. Тұрысбеков «Көңіл толқыны» және халық күйі «Жастар биі»
Ойын «Көңілді, мұңды»
Л.В. Бетховенның «Весело - грустно» музыкалық шығармасын тыңдаңыз.
Оқушылар музыканы тыңдау барысында көңіл-күйге сәйкес смайлик бейнесін көтеруі тиіс.
|
1-тапсырма. Мұғалім сабақты табиғат дыбыстарын тыңдатудан бастай алады, оқушыларға тыңдаған дыбысқа сай сынып ішінде қозғалуды ұсыныңыз. (Аудиожазбалардың табиғатпен байланысты екенін оқушыларға айтпаңыз)
Тапсырма барысында әр дыбысты тыңдатқан соң, үзіліс жасаңыз. Бұл оқушыларға тыңдалған дыбысты анықтауға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы табиғат пен ауа райының алуан түрлі болатыны, түрлі көңіл күйді (көңілді, мұңды), түрлі ырғақтарды (жел, жаңбыр, т.б.) беретіні туралы түсінік қалыптастырады.
Ауа райының аудио жазбасын тыңдатыңыз
2-тапсырма үшін мұғалім ауа райы туралы соль және ми ноталарына негізделген шағын ән шығаруы тиіс. Мысалы жау-жау, жау, жаң-быр (соль-ми-соль-соль-ми)
3-тапсырма. Металлофон (немесе ксилофон аспабында) соль және ми ноталарының орналасуын көрсетіңіз. Ауа райы туралы қысқа әнді аспапта орындай отырып айтуды сұраңыз. Бұл тапсырмааны жұптық немесе топтық жұмыс түрінде өткізе алады.
Сонымен қатар оқушыларды екі топқа бөлуге болады, бірінші топ тек қана ән айтса, екінші топ аспапта ойнайды.
4-тапсырмада мұғалім репертуарды өзі таңдай алады.
Күйлерді тыңдаған соң, оқушыларды мажор, минор ұғымдарымен таныстырыңыз.
Оқушыларға көңілді және мұңды көңіл-күй бейнеленген смайлик суреттерін таратыңыз.
Музыканы тыңдау кезінде көңіл-күйді анықтауды және сәйкес смайликтерді көтеруді сұраңыз.
Сабақ соңында мұғалім оқушыларға мимика арқылы көңілді және мұңды көңіл-күйді көрсетуді сұраңыз.
|
nature-melody.ru –табиғат дыбыстары
ксилофон, металлофон, ұрмалы және шулы аспаптар
http://www.juzp.org/listen?l=rdOaJvb-grRC9 күй «Жастар биі»
http://music.zakon.kz/177820223-asylbek-ensepov-konil-tolkyny.html «Көңіл толқыны»
Л.В.Бетховен «Весело грустно»
|
1.1
Музыка тыңдау және талдау
1.2
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
|
1.1.1.1
тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2 .2
Қарапайым ырғақтық суреттемелерді музыкалық-шулы аспаптарда және қазақ халық аспаптарында ойнау
1.1.2.1
әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
|
Қыс әуендері
1-тапсырма. Тыңдау
Қыс туралы өлең тыңдаңыздар.
Мысалы:
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні!
Талқылау:
Өлеңде қандай жыл мезгілі туралы айтылған?
Оқушыларға қыс тақырыбындағы суреттерді көрсетіңіз, мысалы И. Шишкин «Қыс».
Қандай көріністі көріп тұрсыздар?
Бұл суретте қандай қыс бейнесі көрсетілген?
2-тапсырма. Музыка тыңдау
П.И. Чайковскийдің «Времена года» шығармалар жинағынан «Январь» музыкалық шығармасын тыңдаңыз.
Композитор музыка арқылы қыс көңіл-күйін қалай жеткізген?
Өлең мен картина музыкаға сәйкес келе ме?
3-тапсырма. Аспапта ойнау
2-тапсырма
П.И. Чайковскийдің «Январь» музыкалық шығармасына ырғақтық сүйемелдеу жасауды ұсыныңыз.
Презентация. Әр топ өз жұмысын көрсетеді.
3-тапсырма. Презентация
Өз жұмысыңызды көрсетіңіз.
4 тапсырма. Орындау
Қыс немесе жаңа жыл туралы ән үйреніңіз.
Мысалы, «Жаңа жылға – жаңа жыр», муз. Ә. Әбдінұров, сөзі. Ж.Әбдірашев
1. Даланың да, қаланың
Думандатып от басын,
Тағы, міне, Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын!
Жоламасын елге мұң,
Жаңғырып кел, Жаңа жыл!
Әкелердің еңбегін
Жандырып кел, Жаңа жыл!
Қайырмасы:
Жаңа жылды бар тілде –
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әркім де
Жақсы үмітпен қарайды!
2. Нұрландырсын әзілің,
Наз айтып кел, Жаңа жыл!
Әжелердің әжімін
Азайтып кел, Жаңа жыл!
Бар баланы бір жасқа
Өсіріп кел, Жаңа жыл!
«Беспен» жаңа сыныпқа
Көшіріп кел, Жаңа жыл!
Әнді сыныппен бірге орындаңыздар.
|
1-тапсырма
Сабақты бастау үшін мұғалім қыс туралы кез келген тақпақ пен шағын әңгіме таңдай алады.
Берілген тапсырмада оқушылар әр түрлі өнер түрлері арқылы қыс бейнесін жеткізуге болатынын түсіндіреді.
Қыс туралы кез келген суретті таңдаңыз.
2-тапсырма. Мұғалім оқушыларға қыс бейнесін тереңірек жеткізу үшін музыканы бейнеролик арқылы көрсете алады. Қыс туралы суреттерді музыкамен салыстыра алады.
Сонан соң музыканы талқылап өз ойларымен бөліседі.
2-тапсырманы топтық жұмыс ретінде орындауға болады, оқушылар музыкалық шығарманың ырғағын музыкалық-ұрмалы және шулы аспаптар арқылы жеткізеді.
3-тапсырма.
Мұғалім оқушылардың орындауын бағалау үшін видеоға түсіреді, оқушылар өз орындауларын қарап жұмысына қатысты пікір білдіре алады.
4-тапсырмада мұғалім жаңа жылға сәйкес әнді өзі таңдай алады.
|
https://www.zharar.com/kz/takpak/2205-winter.html#read
https://www.youtube.com/watch?v=TmwlmC4qwA8 –П.И. Чайковский «Времена года». «Январь»
Музыкалық-шулы аспаптар
«Жаңа жылға – жаңа жыр», муз. Ә. Әбдінұров, сөзі. Ж.Әбдірашев
|