Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Ежелгі түркі дәуірі. Этносаяси тарихы



бет6/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Ежелгі түркі дәуірі. Этносаяси тарихы. ҮІ ғасырдың ортасында пайда болған Түрік-ашина бірлестігінің этногенезі ежелгі турлармен байланысты деген жорамал бар. Қытай жылнамалары түрік қарияларынан жазып алған генеалогиялық аңызға сәйкес, түріктердің алғашқы ата - бабасы он жастағы ұл бала қырғын кезінде жалғыз аман қалған екен-мыс. Баланы кейіннен ана қасқыр асырап алады. Кейіннен өсіп азамат болған екеуі қосылып қасқырдың он ұлының мұрагерлері Ашина (қасқыр) есімін алып, ақырында бүкіл жергілікті тайпаларды біріктіріп, оларға түркі (түрік, түрк) деген атау берді (мүмкін тур, туран атауын жаңғыртты).

Екінші бір аңыздар бойынша Түрік-ашина елінде VI ғасырдың орталығында билік еткен Бумын қаған Надулушенің мұрагері-мыс (аңыз бойынша ол адамдарға от әкелген). V - IV ғасырларда, яғни Орталық Азияның тарихи сахнасында түрік этносы қайта жаңғырғанда, оларды шығыстан қытайлықтар, солтүстігінен - тунгус- маньчжурлер, батысынан - ирандықтар, оңтүстігінен - тохар тайпалары қоршады. Деректерге қарағанда түріс қауымы VІ ғасырдың ортасына дейін жуань-жуаньдерге (жужан, ауар) бағынышты болды. Түркі гегемониясының басталуы ашиналардың Жоңғарияны мекендеген теле (мүмкін оғыздар) тайпаларын бағындырумен байланысты болды. Ұлықтана бекуі кезінде түріктер Жужан қағанына елшілік жіберіп, ханшайымды қалындыққа беруді өтінді. Бұған жужан билеушісі былайша жауап берді: «Сен темір балқытушы – құлым, қалай мұндай өтінішке батылың барып бардың?»

Басталып кеткен соғыстың (551-555 ж.ж.) нәтижесінде жужандар толық талқандалып, көп бөлігі қырылды. Осылайша Солтүстік Моңғолия жерінде жаңа орталық азиялық империя – Түрік қағанаты (551-744 ж.) пайда болды. Түрік мемлекетінің негізін салушы Бумын қаған болып есептеледі, ол 551 ж. қаған атағын алды. Оның мұрагерлері Қараеске қаған (552-553 ж.ж.) және Мұқан қаған (553-572 жж.) жужандарды талқандауды аяқтады.

551-554 ж.ж. түркі-ашиналар аварларды, қай, қидан, оғыз татарларды, енисей қырғыздарын жаулап алды. Осы жылдары түріктер Орта Азияда эфталиттермен (Ақ - ғұн) қақтығысып, батыстағы белсенділікке байланысты түркі этногенезінің жаңа типі Ұлы Даланың территориясына тарап, Түркістан оазисін алып жатты. Бұл үрдістер жаңа этникалық тәртіптің бастамасы болды. Осының түгелі жалпы түркі этникалық сана-сезімінің және пан түркі идеологиясының қалыптасуымен аяқталады. Иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан эфталиттермен күресте ашина әулеті Сасанидтік Ираннан қолдау іздеді. Ақ Ғұндардан вассалдық тәуелділікте болған парсылар түркілермен одақтасып 564 ж. Тохарстан үшін соғысты бастады. Бірақ соғыс аяқталған соң Ұлы Жібек жолында билік үшін қайшылықтар өрістеді. Иранға қарсы одақтас ретінде түркілерге Византия императоры Юстиниан II - ден елшілік келді. VII ғ. басында Азия кеңістігінің үлкен территориясы Батыс және Шығыс Түрік державаларының қол астында болды. Батыс Түркі қағанаты Монғолиядағы Шығыс Түрік қағанатынан қатты ерекшеленді. Шығыста көшпелі өмір салты басым болса, батыста халықтың үлкен бөлігі отырықшы болып, жер жырту мен қолөнер, саудамен айналысты. Батыс қағанатының әлеуметтік құрылымы өте күрделі болды. Оның құрамына Шығыс Түркістан мен Мәуереннахр отырықшы, егіншілік орталықтары, Сырдария және Арал маңына дейінгі Орта Азияның дала алқабы кірді. Батыс Түркі қағанының билігі Хорезмге жайылды. Осылайша батыс өлкеде бір жағы көпшілкке, бір жағы отырықшылыққа негізделген өркениеттік симбиоз қалыптасты.

VIII ғ. басында түркілер күресті екі майданда жүргізуге мәжбүр болды. Батыста 714 – 715 ж.ж. Сырдарияға жорық жасаған арабтар қауіп төндірсе, Шығыста Жетісуға келген қытайлықтар болды. VIII ғ. 40 ж.ж. Қытай Суяб, Тараз бен Шашты (Ташкент) басып алды. Түркі тайпаларының өзара соғыстары Қытай мен араб жаулаушылары үшін пайдалы болды. 751 ж. екі империя Талас өзені бойында шешуші шайқасты бастайды. Шайқастың бесінші күні кенеттен қытайларға тылдан түркі қарлұқтар соққы жасаса, майданнан шабуылды арабтар бастап, нәтижесінде кытайлықтар жеңіліске ұшырады. Араб тарихшысы Ибн аль - Асирдің пайымдауынша, бұл шайқаста 50 мың қытайлықтар өлтірілді, ал 20 мыңы тұтқынға алынды. Талас өзені бойындағы шайқас ерте түркілердің тағдырында маңызды орын алып, олардың этномәдени стратегиялы даму бағытын анықтап берді.

IX ғ. ортасында Қазақстан территориясында ірі этносаяси өзгерістер болды. Түркі қағанаты құлағаннан соң билік үшін басмылдар, ұйғырлар, қарлұқтар, қырғыздар күресті. VIII ғ. екінші жартысында ұйғырлар басмылдарды жеңіп, Қытайдың ішкі саясатына араласып, Орталық Азиядағы ірі саяси күшке ие болды. Бастапқы уақытта қарлұқ, ұйғыр және басмылдар бір жақта болса, кейін осы үш тайпаның күрестері ұйғыр мемлекетінің құлауына әкелді. Бірнеше сәтсіздіктер 840 ж. қырғыздардың жеңісіне әкелді. Олар Ордабалықты (Қарабалғасын) алып, ұйғыр қағанын өлтіріп, 10 жылға дейін өзінің билігін нығайтты.

IX ғ. басында сәтсіз соғыстарға қарамастан, Шығыс Түркістаннан Ташкентке дейінгі Арғу елдерінің бай қалаларына сүйенген қарлұқ мемлекетінің жағдайы жақсы болды. IX ғ. қарлұқ тайпаларының (шігіл, яғма) Боғра және Арслан хан династиялары мемлекет құрды. Боғра хан ретінде белгілі болған Батыс хандарының Ордасы Тараз қаласы болды. 893 ж. қарахандықтар мен саманидтер (парсы династиясы) бастаған Орта Азияны билеу үшін күресте саманидттер тас-талқан болып жеңілді. Осы дәуірде Қарахандар бірінші болып ислам дінін ресми дін ретінде қабылданған. Сөйтіп түркілер Ислам әлемінің шаруашылық-мәдени кешеніне енді. Мемлекеттің этникалық құрамын қарлұқ тайпалары құрады. Олардың бір бөлігі Тохарстанда өз иеліктерін құрды, ал Ашина руынан шыққан қарлұқ патшалары эфталит билеушісінің орнына келді. Қараханид дәуірінде империяның көп бөлігінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер болып өтті. XII ғ. қарақытайлардың (қидан) жорықтары және XIII ғ. басында наймандардың қоныс аударуы мемлекеттің саяси жойылуына әкеп соқты. Қарахан билігі әлсіреген уақытта қаңлы-қыпшақ тайпаларына сүйенген Хорезмшахтар билігі күшейді. Дегенмен Қазақстанның оңтүстік аймақтарында калыптасқан басым түркілік этникалық жағдай, жаңа рухани - мәдениет ағымдары өз қалпында қалды. Кейіннен оны өзгерту ешкімнің қолынан келмеді.

Буддизм, манихейлік, христиандық сияқты басқа өркениеттің ықпалынан пайда болған әр түрлі рухани жүйелер VI - XII ғ.ғ. ортасында Орталық Азия мен Шығыс Түркістанда түркі тілдес халықтар арасында кең тарады. Буддизм түркі қағанатының ақсүйектік орталығында басқа діндерге қарағанда басым болды. Шығыс пен Батыста көп уақыт бойы буддизм діни бірлестіктер (секта) түрінде сақталды.

Бірте - бірте Қазақстан халықтарының арасында едәуір діни өзгерістер пайда болды. Көшпелілер Тәңірге, Жер - Суға (Тәңірі - Байана) бас иді, ал оңтүстіктегі отырықшы жер өңдеуші аймақтарда жаңа дін - Ислам кең етек жайды. Сонымен бірге маргиналдың кеңістікке исламнның түркілік нұсқасы қалыптаса бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет