Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Алтын орда дәуірі. Этносаяси тарихы



бет7/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Алтын орда дәуірі. Этносаяси тарихы. ХІІ ғасырдың соңында ХІІІ ғ. басында Орхон, Керулен өзендерінің бойында көшпелі моңғол руларының ірі мемлекеті дүниеге келді. Оны ұйымдастырған Шыңғыс атымен жер жүзіне танылған Темучин көсем еді. Моңғолдардың Батыстағы территорияларды бағындыруы 1207 жылдан басталады, сол кезде Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы Оңтүстік Сібір тайпаларын (ойраттар, буйраттар, урсууд, барга (буряттар), хабханастар, тувалар, қырғыздар т.б.) бағындырады. Хорезмшах пен моңғол әскерлерінің алғашқы кездесуі 1216 ж. болады. Жошы хан моңғол мемлекеттің жаулары (найман, керей, меркіттер) ізінен келе жатып, Ырғыз өзенінің маңында Хорезмшах Мұхаммедтің саны көп әскерімен кездесіп қалады.

Хорезмшах әскері қимақ - қыпшақ жеріне қарсы жорыққа аттанған болатын. Хорезмшах пен моңғолдардың алғашқы кездесуі жеңімпазды анықтамады.

Қазақ жерін жаулап алу Жетісудан басталды. Бұл өңір моңғолдарды Ұлы Жібек бойында орналасқан гүлденген қалаларымен қызықтырды. Жетісу Түркістанға, одан кейін Мәуереннахрға жол ашты. Моңғолдар найман ханының соңғы ұрпақтарының бірі Күшлік ханның қарсылығын сылтау етіп жорықтарын бастады. Сонымен бірге моңғолдар жергілікті халық арасындағы Күшлікке қарсы күшті қолданды. Күшлікке қарсы күштің өсуінің себептері: Найман хан әулетінің мұсылмандарды қудалауы және мемлекет тарапынан салықтардың өсуі.

Басқа түркі билеушілері (ұйғырлар, қарлұқтар, т.б.) қарсылықсыз өздерін Шыңғыс хан вассалдары деп танып, ерікті түрде моңғолдармен бірге Орта Азияға жасаған жорықтарына қатысты (1219 – 1223 ж.ж.). Жетісуды басып бағындырып алғаннан кейін Шыңғыс хан Орта Азияны басып алуға белсенді түрде дайындала бастады. Соғыстың басталуына бір маңызды себеп Шыңғыс ханның Отырарға жіберген елші көпестерінің өлтірілуі еді. Моңғолдардың «Құпия шежіресі» деректеріне сүйенсек, Жебе, Сүбедей мен оның ұлы Тогучар (Айдарлы Тогучар) әскерлері Орта Азияның солтүстігінен, яғни қазақ далалары арқылы өтіп Хорезмшахтың батыс қоныстарын (тыл) басып алды.

Моңғолдардың аса қызықанны ең алғашында Сырдария бассейінінің қалалары мен отырықшы қоныстары еді. Қыркүйекте Шыңғыс ханның өзі бастаған әскер Түркістан оазисіндегі ең ірі қаланың бірі Отырарды талқандады. Шығыс деректері бойынша Отырар бес айлық қоршауда болып, сатқындық нәтижесінде жаудың қолына берілді. Қала ұлы жұтты бастан кешірді: қала бекінісі бұзылды, моңғолдар қаланың кіші аудандарын тонауға кіріседі, бірақ қала өмірін тоқтатқан жоқ. Марко Полоның айтуы бойынша: «Шыңғыс хан жарлығымен жаулап алынған қалаларда қақпа мен бекініс қамал салуға тыйым салынды. Өйткені жеңілген халықтар тыныштық сақтап, қарсылық көрсетпеуі тиіс». Түркістанның басқа қалаларын Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан басып алады - Сығанақ, Баршынкент, Ашнас (толық қирады) Жанкент және т.б. Сырдария бойындағы қалаларды басып алған соң Жошы хан өзінің әскерін Орта Азиядағы ең үлкен қала - Үргенішке бұрады. Қала маңына Шыңғыстың кіші ұлдары Шағатай мен Үгедей әскерлері де келеді. Әбілғазының айтуы бойынша: «ірге бұзуға арналған тастар табылмағандықтан моңғолдар Үргеніш маңындағы тұт ағаштарын кесті». Қаланы қоршаған моңғолдар 7 айдан кейін ғана оны бағындырады және үлкен қарсылық көрсеткені үшін аямай жазалайды.

Осылайша моңғол мемлекетінің құрамына Қазақстанның оңтүстік аудандары яғни жазба деректерде «сартауыл» деп аталатын бөлігі кіреді. Оңтүстік қалаларымен, яғни саяси және сауда - қолөнер орталықтарымен байланыс жоғалтқан Дешті - Қыпшақ тайпалары моңғолдарға бағынуға мәжбүр болды. Сонымен қатар Шыңғысханның жаулап алушылық компаниясы жалпы көшпелілер бірлігін дәріптеп, көшпелілерді отырықшы халықтарға қарсы қойды. Осындай ауыр кезеңде Орта Азияның отырықшы елдері мен урбанизацияға түскен түркі тайпалары (қаңлы, қыпшақ, қарлұқ т.б.), қиын жағдайға ұшырады.

Біртіндеп жаулап алушылар мен бағынышты этностар арасында ортақ мәдени үлгі қалыптасты. Оның жарқын белгісі Алтын Орда мәдениеті. Алтын Орданың гүлденген кезеңі Өзбек ханның тұсында болды (1312-1342 ж.ж.). Өзбек хан империяның түріктенген көшпелі халқын (ноғайлы елі) ислам дініне қаратты. Жәнібек хан (1342 - 1357 ж.ж.) тұсында Алтын Орда биік деңгейге көтерілді. Әділ билік жүргізгені үшін халық оны Әз Жәнібек деп атап кеткен.

Шығыс деректерінің айтуы бойынша: “ Дешті - Қыпшақта оған тең әділ, әулие, қайырымды және құдіретті патша болған жоқ”. Қазақтың аңыздарында Әз Жәнібекті ноғайлы ханы деп атайды, “ол кезде қазақтар өздерінің әдет - ғұрыптарына сай өз бетінше өмір сүрді. Осындай жағдайдың тууы Әз Жәнібектің қазақтарға мейірімді көзқарасын көрсетеді”, - дейді қазақ шежірешілері.

Көптеген деректерде, сонымен қатар қазақ аңыздарында да Алтын Орда империясы Жошы ханның ұлысы деп аталады. Түрік - моңғол халқының түсінігінде “ұлыс” мемлекет деген мағына береді. Муин-ад-дин Натанзидің (шамамен 1414 ж.) “Ескендірдің Анонимі” шығармасында Жошы ұлысы екіге бөлінеді деген: “Солтүстік қанат Ұлытауға, Сегіз - ағаш және Қараталдан Түйсен шекараларына дейін және Жент пен Баршынкент Ноғай ұрпағына қалды және олардың билеушілері Ақ Орданың хандары болды. (Ноғайлы сол кездегі жалпы көшпелілердің атауы болса керек). Ал оң қанатты, яғни оған кіретін Ібір - Сібір, Рус, Либка, Үкек, Маджар, Бұлғар, Башгирд және Сарай - Берке Тоқтай ұрпағына беріліп, оларды Көк Орда сұлтандары деп атады”.

Қазақ шежіресі бойынша Жошы ұлысы атанған ұлы дала ХІІІ ғасырдың ортасында үш иелікке бөлінеді. Жошы ордасы Ұлытауда Орда Ежен тұқымы иелік жасаса, Шибан /Шайбан/ тұқымы Ақкөл – Жайылмада (бір жағы Ібір - Сібір, бір жағы Сыр бойы), ал Бату тұқымы Еділде Сарай маңында. Ақ Орда және оның құрамындағы Дешті - Қыпшақ рулары әуел бастан Алтын Ордаға бағынды. Мұндай тәжірибе Жошы ханның ұлдары Орда - Ежен мен Бату хан уақытынан белгілі. Орда - Ежен Қазақстан территориясын иемденді, бірақ өзінің жасының үлкендігіне қарамастан әкесінің тағын інісі Батуға берді. Өтеміс қажы осы оқиғаға байланысты қызықты нақыл айтады: Бату Орда - Еженге әкесінің тағына отыр дегенде, Орда - Ежен былай деп айтыпты: “Менің сенен жасымның үлкендігі рас. Бірақ біздің марқұм әкеміз сені өте қатты сүйді және еркелетіп өсірді. Қазіргі уақытқа дейін мен сені еркелеттім, саған бағындым. Егер де мен хан болсам бұдан былай саған бағына алмаймын да біздің арамызда жеккөрушілік, соғыс болуы мүмкін. Сен хан бол. Мен сенің хандығыңды көтере аламын, ал сен менің хандығымды көтере алмайсың”.

Бұл тәртіп көптеген хандар тұсында жалғасты. Сасы-Бұқа Ақ Орданы 30 жыл биледі, бірақ Бату ханның ұрпақтарын Шыңғыстың «Жасақ» заңы бойынша құрметтеді. Шығыс деректерінің айтуынша: “ол 30 жыл билік құрды және Тоғрұл хан мен Өзбек ханға әрқашан қызмет етті және құрылтайды бірде-бір рет босатқан жоқ”.

Әз Жәнібек ханның тұсында қазақтардың бабалары «алаш мыңы» (одағы) деген атпен Ақ Орданың құрамында болды. Сол кездің кейбір деректерінде Алтын Орда «Ұлық ұлыс» деп аталды. Деректерге сүйенсек дала тайпаларының билеушілері тәуелсіз болды. Еділ бойында дағдарыс пен сарайдағы ішкі тартыс кезінде Алтын Ордалық төрелердің бір бөлігі Ақ Орда хандарынан көмек сұрады. Ақ Орда Шығыс Дешті-Қыпшақ көшпелілерінің мемлекеті болғанымен, билеушілер қалаға және қала құрылысына үлкен көңіл бөлді. ХІV- XV ғасырдың басында Отырар, Сығанақ, Сауран, Женд қалаларында Ақ Орда хандары Ерзен хан, Мүбәрәк қожа, Орыс хан мәдени және қоғамдық құрылыс жүргізді. Теңге сарайлары белгілі бір қалаларда тез қарқынмен жұмыс істеп, қалалар мен сауданың дамуына ықпал етті. Ақ Орда кезеңінде қырда қалалар мен бекіністер салына бастады. Қалалар Сарысу, Нұра, Қобда, Елек бассейнінде салынды. Әз Жәнібек қайтыс болған соң, талас-тартыс және экономикалық мәселелерінің көбеюінен батыс көшпелілері шығыс-оңтүстікке көп көшті. Мысалы, Орыс хан Көк Орданы (Алтын орданың батыс аймақтары) біраз уақыт биледі де, Ақ Ордаға қайтып келді.

Әз Жәнібектің өлімінен кейін Алтын Ордада саяси құлдырау байқалады. Оның орнына келген Бердібек хан екі жыл билік құрғанда өзінің бүкіл, батухандар әулетін жойды және империяны үлкен дағдарысқа әкелді. Оның өлімінен кейін Алтын Орданы атақты әмір Мамай биледі. Ол Бердібектің қызына үйленген болатын. Іс жүзінде Алтын Орданың билеуші болса да, ол Шыңғыс әулетінен хандарды тағайындады. 1360 жылдан 1380 жылдар аралығында 14 хан ауысты. Ірі әмірлер арасында жер - ел үшін толассыз тартыстар жүріп жатты. Қазақ эпосы Алтын Орданың құлдырауы Шыңғыс тұқымының ру ақсүйектерімен күресі нәтижесінде болды дейді. Әсіресе қатты қарсылық Мамай мен Орыс хан тұсында көрсетіледі. Орыс хан узурпаторды Сарайдан қуып жібереді, ал осыдан бірнеше жылдан кейін өрістеген Едіге мен Тоқтамыс хандардың арасындағы қарама-қайшылық империяның құлдырауына әкеледі.

ХІV соңында - XV басында Алтын Орданың саяси ыдырауы, Шығыста орталығы Орта Азияда болған жаңа дүниежүзілік державаның пайда болуына сәйкес келді. Алтын Орданың құлау себебінің бірі, Темірдің Дешті - Қыпшаққа қарсы жойқын шабуылдарының салдарынан болды.

Әмір Темір (1336 - 1405) ХІV ғ. 70- ші жылдары Мәуереннахрде өз билігін орнатты да, шамамен 35 жыл билік басында болды. Әмір Темір моңғолдардың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің ұлы. Орта Азияны қолының астына біріктіріп, үлкен империя құруға ұмтылды. Империяны құруды Шағатай ұлысының территориясын біріктіруден бастады. Өз билігін орнатқаннан кейін, Моғолстанға, яғни Жетісу мен Шығыс Түркістанға кіріседі.

Мықты Алтын Орда, әсіресе Мәуереннахрдың экономикалық мүдделеріне үнемі саяси қауіп төндіріп тұрды. Темір оңтүстікке халықаралық сауда жолдарын және саяси орталықты ауыстыруды көздеді. Темір Алтын Орданы құлату үшін Ақ Ордаға қарсы жаулап алу жорықтарын жүргізді. 70 - 80 жылдары Моғолстан мен Ақ Ордаға қарсы 10- ға жуық жорықтар жасады.

Темір империясына дала территориялары іс - жүзінде қосылған жоқ, бірақ, Ақ Орда мен Алтын Орданың ұлы билеушісі Орыс хан өлгеннен кейін, Оңтүстік Қазақстанның Сығанақ, Отырар, Сауран, Яссы, Сайрам қалалары бағындырылды. Ақсақ Темір Сығанақта таққа кезінде Орыс хан жазалаған Маңғышлақтың билеушісі Туй – Ходжа - Оғланның ұлы Тоқтамысты қолдады, бірақ Орыс ханның ұлдарынан бірнеше жеңілістерге ұшырап, тек 1380 жылы Тоқтамыс Темірдің қолдауымен Алтын Орданың астанасы Сарайды басып алады. Осыдан ол 1382 жылы Мәскеуге қарсы әйгілі жорық ұйымдастырады. Тоқтамыстың таққа отыруынан кейін оның Темірмен қақтығысы басталды. Темір өзі қойған адамдарына қарсы әлсіретіп отыру үшін оппозицияны қолдады. Оған дәлел: ең алдымен ол жас Тоқтамысты Орыс ханға қарсы қояды, кейін оған қарсы Темір Құтлұқ пен Едігені қолдады. Кейін Едіге Алтын Орданың толық билеушісіне айналғанда оған Тоқтамыс балаларын айдап салады.

1395 - 1396 жылдары Темірдің Алтын Ордаға соғысы барысында көптеген сауда жолдары мен қалалық жүйесі дамыған ұлыстар аяусыз қырғынға ұшырады. Оның басты мақсаты Дәшті Қыпшақ көшпелілерінің дүниежүзілік державасының экономикалық және әскери күш - қуатын жою еді.

Әмірдің өмірінің соңында оның қол астына Мауереннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан, Үндістанның бір бөлігі кірді. 1404-1405 жылдардың қысында ол Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға жорыққа шықты, бірақ 1405 жылы ақпанында Отырарда қайтыс болды.

1465 жылы Сібірде, Ертіс бойында Алтын Орданың соңғы күшті билеушісі Тоқтамыс өлтірілді. Қазақтың “Едіге батыр” эпосында Тоқтамыс өмірінің соңғы күндері баяндалады. Ол бойынша ханды Едігенің үлкен ұлы Нұралы (Нұраддин) өлтірген деп айтылады. Дешті - Қыпшақтағы билік ру көсемдерінің, билердің топтарының қолына көшеді. Едігенің кезінде бидің басшылығы хан билігінен жоғарырақ санала бастады. Едіге хандарды өз тағайындап, өзі орындарынан алып отырды. Бұл Шыңғыс ұрпақтарының билігін әлсіретті.

Бірақ Едіге империяның ыдырауын тоқтата алмады. Алтын Орда Темір жаугершіліктерінен кейін өзінің Еділ бойындағы негізгі экономикалық орталықтарынан айырылды. Алтын Орда халқы жаңа нарықтар іздестіре бастайды. Осман империясының шабуылы Оңтүстік Еуропадағы еуразиялық ішкі құрылықаралық сауда жолдарын бөгеп тастайды. Еуропа мемлекеттері теңіз жолдары арқылы Шығыс-Азиялық мемлекеттерге келе бастайды (Үндістан, т.б.).

Тоқтамыс жағында литвалықтар, поляктар, немістер, генуялықтар болғандықтан, Едігенің батыстағы жеңістері экономикалық та, саяси да табыстар әкелген жоқ. Қазақ шежірешілерінің айтуларына қарағанда Едіге Ұлытаудың басында қайтыс болған. Осылай көшпелілердің империялық тарихы аяқталады. Еуразия көшпелілерінің данқты өмірі Ұлытауда Алаша ханды ақ киізге көтерілумен басталса, Едігенің Ұлытауда өмірден қайтуымен тәмам болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет