Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет70/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
5 Рухани мәдениет
5.1 Ауыз әдебиет үлгілері

Қазақ шежіресі. Сонау ежелгі дүниеде тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Шежіре ең алдымен ғасырлар бойы қариялардың есте ұстап ұрпақтан ұрпаққа өсиет есебінде де айтып келген тарихы. «Шежіре» сөзі екі мағына береді араб тілінде ағаш бұтағы, тармақ, ал көне түркі және моңғол тілдерінде есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Мысалы манғол тілінде «шежіре» «цээжээр» деп айтылса, ал қалмақ тілінде «шежіре» «чееджыр дасх» ретінде, тува тілінде – «шээжилээр» ол «жады, есте сақтау, жадыдағы білім, жатқа білу» деген бір білімді атайды.

Қазақ тілінде «шежіре» тек «шыққан тегін тарату», «генеология», «тарих» деген мағынада сақталынып қалды, ал «еске сақтауды» белгілеу үшін қазақ тілінде «жады», жаттау, жатқа білу», ол түп-тамырын парсының «йад» - «еске сақтау», «естелік», «образ» сөзінен алады. Сондықтан, бұл сөздің шығу төркінін дұрыс білу және бастапқы бұл сөздің қандай мағына бергенің білу бізге «шежіре» түсінігінің қазақ тіліндегі мағынасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Шындығында «шежіре» түсінігі жай «генеология» деп қабылдағаннан гөрі «тарих» мағынасында көбірек қолданылады. «История» түсінігі арабтың дата, дәуір, уақыт, әңгімелер» «тарих» сөзі ретінде үнемі «шежіре» сөзімен бірге өмір сүріп, сондай бір мағынаны білдірген. Сондықтан, қазақ тілінде «шежіре» мен «тарих» түсінігі бірегей түсінік болып табылады.

«Шежіре» түсінігін талқылай отырып «жады» деп аталатын түрік-манғол сөзін, біз оны «тарихи жады» деп аударамыз. Мұнда еске ұстайтын мәселе, қандай да болмасын ақпарат немесе білім өзінің қаншамалық қажеттілігіне байланысты есте сақталынады. Осы орайда «шежіренің» қажеттілігі неде деген орынды сұрақ туады? Бұл сұрақтың жауабы көшпелілердің өмір тіршілігінің табиғи және әлеуметтік факторлар жүйесі мен синкреттік дәстүрлі мәдениетінің барлық комплексінде жасырылған, оның бір бөлшегі шежіре болып табылады. Ең алдымен барлық генеалогиялық білімдер жеке және әулеттік генеалогия, қазақ этносын құрайтын рулар мен тайпалардың генеалогиясы болып бөлінетіндігін айта кеткен жөн. Егер де әулет туралы генеалогиялық білім жазбаша жазылып отырса, ал ру-тайпалық білімді сақтаушы «шежіреші» болды, оларды «қария» ал оның жеткізіп отыратын ақпаратын «шежірені» (есте қалған) «қария сөзі» деген сөзбен өзгертті. Осыған байланысты «қария» сөзінің түсінігінің этимологиясына тоқтала кетейік, механикалық түрде «қария» сөзі «ақсақал, қария» мағынасын білдіретін «кәрі» сөзінің синонимі ретінде қабылданады.

Қазақ халқы өзіндік танымын дәстүрлі шежіресінде сақтаған. Шежірешілдікті көшпелі қоғамдағы әрбір қазақ сақтаған. Шежірешілдік көшпелі қоғамдағы әрбір қазақ үшін теңізшінің қолындағы компас сияқты қажеттілік болған [2]. Қазақтың жеті аталық үрдісін тек қана жеті буын ұрпақты есте сақтай білу, одан әрі қыз алысып, қыз берісу деп жалаң түсінуге болмайды. Жеті аталық үрдістен туындайтын қандастық мың сан жөн-жоралғы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалық нормалар түрінде ұлттың өмір салттық төлтумалылығын орнықтырып отырған. Шежірешілдік – құрғақ хронология немесе адам аттарынның жалаң тізімі емес. Қазақ шежіресінің тарихи концепциясы туыстық байланыстарды саралауға негізделген. Демек, туыстық атауларды белгілі дәрежеде шежіреші термин деуге болады.

Шежіре жинау, оны жинақтап кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру мәдениетті елдердің көпшілігінде болған.

«Бұл (қазақ) руларының көнеден келе жатқан жазылған тарихы болғанымен, ата-бабаларымен, түрлі ұрпақтарының ақпарлары ауыздан ауызға аңыз болып ұласып келе жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, уақыт оза келе бұл шежірелер өз негізінен артық-кемі болып, ілгері-кейінді айтылып, шатастыраралықтай реттестіру нәтижесінде белгілі бір шындыққа жақын, тоқтамынды пікірлер айтуға болады. Бұл хабарлар негізсіз дәлелденбесе де, себепсіз жалғанға да шықпайды. Негізіде, шындығы басым тарихи оқиғалары анық. Себебі, бұл тайпалар өздерінің тарихты тереңдетіп оқымағанының салдарынан нақтылы анық айтып, білімге таласатындары болмағанымен, бабаларының сөздерін зейінімен тыңдап, ұғып олардан естіген шежірелерін еске алып, әр мәжілісте, әр жиын-отырыста үнемі қайталап, шын ниетімен ойларына ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насабшыларына «шежіреші» деп ат қойған. Ұлы дүбір мерекелерінде шежірешінің маңайын толтырып өткендерін сұрастырып, үйлерінде болса, ол кісінің алдында дәріс оқығандай үйреніп жақсысын жаттап, қиынын қаттап жататын болған» деп жазады Қ. Халидұлы өзінің атақты «Тауарих хамса и шархи» деген еңбегінде. Қазақ тарихшыларының ішінде Құрбанғали Халид ХХ ғасырда ең танымалысы болды. Ол 1846 жылы Аягөз қаласында ірі көпес-шала қазақ отбасында дүниеге келді, ол өз заманының алдынғы қатарлы білімдар адамдарымен таныс болып, бала кезінен белгілі саяхатшылар мен ірі көпестермен таныс болған. Оған найман руының білгір шежірешілері үлкен ықпал етті.

Ол жергілікті медреседе студент болған шағынан өзінің тамаша қабілетімен ерекшеленді. Ол кәмелет жасқа жеткенде бірнеше тілдерде еркін сөйлеп, мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран-Кәрімді жатқа білген. Бұл білімі кейін Чугучак қаласындағы ірі мешітің имамы болуға және осы қаланың мұсылмандық бөлігінде сот қызметін атқаруға мүмкіндік берді. Құрбанғали Халидтің еңбектерінен бізге белгілісі «Тарихи–и джарида» (Жаңа тарихи жазбалар) 1889 жылы жарық көрген, және ол революцияға дейінгі тарихшылар арасында танымал болған «Тауарих-и хамсе–йи шархи» еңбегі. М. Ж. Көпеев көбіне осы Құрбанғали Халидтің еңбегінің мәтіндеріне арқа сүйеген. (Қазақ жүздерінің құрылу ерекшеліктері, қазақтардың ру-тайпалық құрамы және қазақ одағының ішіндегі қалыптасқан жас ерекшелік иерархиясы).

Құрбанғали Халид қазақ тарихының базалық қайнар көзі ретінде шежіренің маңызына аса жоғары баға берді. Оның ойынша қазақ ауызша дәстүрінде тарихтың шыңайы сюжеттері тамаша көрініс тапқан және ол мәні жағынан жазбаша деректерден кем түспейді деп жазады.

Ел билеуші хандар мен сұлтандар шежірелік деректерді жинап, тарихи уақиғаларды сол елден шыққан, батырлар, билер туралы ру-тайпаларға билік туралы аңыз-әңгімелерді білуге мүдделі болған. Өйткені көшпелі ру-тайпаларға билік жүргізу үшін (олардан алым-салық жинау т.с.с) сол ру, тайпалардың шежіресін өте жақсы білу керек болды. Атап айтқанда Ибн әл Аскр деген араб шежіресін, Мысыр билеушісі Бейбарыс сұлтан Ибн Халдунға «Қыпшақ шежіресін» жазғызған.

Осы сияқты Рашид-ад-Диннің «Түрік-моңғол шежіресі», «Жамиғ ат-Тауарих» (Жамағат тарихы), Хиуа ханы Әбілғазы баһадүрдің «Түрік шежіресі» тағы басқа ел билеуші, тарихшы-оқымыстылардың шежірелері болған. 1687 жылы Ораз Мұхамед сұлтан мен Қыдырәлі орыстардың тұтқынында болғанда, қоржындардарының ішінен «Жамиғ ат-Таухри» шежіре кітабы мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының қолжазбасы шығады. Әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов Петербургте болған кезде ол «Жамит ат-Таурихтың» қазақ тарихына қатысты тарауларын орыс тіліне аударады.

Қазақ хандығы заманында кеңінен тараған «Нисабнама Шыңғыс» («Шыңғыс шежіресі»), «Нисабнама қазақ» («Қазақ шежіресі») жәдігерлерінде ХІІІ ғасырдан ХҮІІІ ғасырға дейінгі аралықтағы қазақ халқының құрамына кірген рулар туралы баяндалған. Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша Есім хан мен Әз Тәукенің заманындағы шежіре нұсқалары Сәмеке Әбілмәмбет хандардың ұрпақтарында сақталып одан Абылайға, одан оның баласы Уәлиге ауысады. Кейіннен Уәлидің ұрпақтары арқылы Н. И. Гродековтің қолына тиеді. Жалпы қазақ шежірелерінің кейбір нұсқалары қолжазба күйінде Ресейдің мұрағаттарында сақтаулы, мысалы Г. Н. Потанин мұрағатында.

Қазақ халқының өткен замандағы алдыңғы қатарлы өкілдері өздерінің ой-өрісіне, зердесіне қарай өз халқының ауызша тарихын яғни шежіресін жасап қалдырған. Әрбір ру тайпаның, әрбір жүздің өз шежірелері әр кезеңдерде жазып қалдырған шежірелері бүгінде Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттерді ғылыми зерттеу бөлімінде 60-тан астам қолжазба түрінде сақталған және осы қазақ шежіресіне байланысты орыс шығыстанушы ғалымдарының және қазіргі уақыттағы шежіре зерттеушілердің 300- ге жуық еңбектері бар деп мәлімет береді Раиса Бірімжанов өзінің орталық ғылыми кітапхана қорындағы қазақ шежірелеріне байланысты материалдар деген мақаласында. Оның айтуынша бұл кітапхана қорында «хандар шежіресі», тағы бір сол сияқты шежіре «Пайғамбарлар шежіресімен» басталып, қожалар шежіресімен аяқталады. Сонымен қатар түркі халықтарының шежіресін алғаш болып жазған - Әбілғазы Баһадүр ханның «Тарих шежіре-и турки», Қадырғали Жалаиридің «Жами ат тауарих», Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамсасы», Ибрагим Халфиннің «Ахуам Шыңғыс хан ве ақсақ Темір» кітабы. Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шежірелері, «Қазақтың үш жүзге бөліну тарихы», Мақаш Бекмұхамедовтың «Үш жүздің таралуы», Ә. Марғұланның «Қазақтың асыл түбі қайдан шыққан» атты қолжазбасы, Қоңыратбаевтың «Кіші жүз әлім шежіресі» және Ә. Диваевтың «Қыпшақ қонырат руларының шежіресі туралы», Мұхамедәлі Толыбаев жинаған «Қазақтың шығу тарихы» т.б сияқты атақты зерттеушілердің құнды шежіре деректері бар екендігін жазады. Кеңес дәуірінде шежіре мен шежірешілердің күні кері кеткені белгілі, соған қарамастан бұлардың бізге осы күнге дейін жеткендігі қуантарлық. Біздің Отанымыздың тарихы басқа жұрттың тіліндегі (грек, қытай, парсы, араб, орыс т.б) жазба деректері арқылы жазылған. Бүгінгі күнге дейін тарихшы ғалымдардың көпшілігі өзге жұрт өкілдері қалдырған жазба деректеріне сүйенеді. Алайда, қазақтың ұлы зерттеушілері Шоқан Уәлиханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ермұқан Бекмахановтар т.б өз тарихымыздың жазуда үнемі халқымыздың атадан балаға мұра болып қалған эпос, аңыз әңгімелер жыр, шежірелерге арқа сүйеген. Бұл жайында М. Тынышбаевтың «басқа халықтың тілін, ділін білмейтін, түсінбейтіндер ел тарихын дұрыс, толық жазуы мүмкін емес», - деген.

Белгілі, қазақтың ғұлама ғалымы «Қазақ шежіресін» хатқа түсірген М. Ж. Көпейұлы «басқа жұрттан шығып, тарих жазушылар қайдан шығып, қайдан ұшырасарынды білмейді... Нұсқаларды көрумен, кәрі құлақтан естумен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шындап, тыңдап айтып отырмын» деп жазады. Шежірешінің айтып отырғаны ауызша тарих айтудың ең көкейкесті мәселелері. М. Ж. Көпеев қолайлы ортада өсті. Оның дарының жас кезінен аңғарған даланың ірі ақсүйек өкілдерінің бірі Мұса Шорманов болды. Ал, кейіннен де М. Ж. Көпеев басқа да қазақтың алдынғы қатарлы зиялы өкілдеріннің қолдауынан тыс қалмады.

Ал, белгілі шежіреші Шәкәрімнің шежіресініе келсек, оның жанашылдығы сол, ол еуропалық бір сызықтық жылнамаларды пайдалана білген, бұл тарихшыға еуразиялық көшпелілердің тарихын бірізділікпен жазып шығуға мүмкіндік берді. Шәкәрімнің еңбектеріндегі тарихи материалдарды белгілі дәрежеде жүйелеуі, оның ізін қуушы М. Тынышбаев, С. Асфендияров, С. Сейфуллин және т. б–ға жақсы үлгі болды. Сөйтіп, қазақ тарихнамасында ауызша тарихнама дәстүрін Батыс тарихнамасымен үндестірілген жаңа бағыты пайда болды.

«Шәкәрім шежіресі» алғаш рет 1911 жылы Орынбор қаласында Кәрімов пен Хусаиновтың біріккен баспасында жарық көрді. Қазақ зиялы қауымы арасында 30-жылдарға дейін бұл шежіре кең танымал дүние болды деп есептейміз. Кеңес үкіметі орныққаннан кейін Шәкәрімнің өзінің қаза болуы бар, тоталитарлық, этноцидтік саясаттың өршіп кеткендігі бар, халық арасында Шәкәрім атын атауға, шежіресін пайдалануға тыйым салынады. Ол жайында: «80 жылдардың соңына қарай тоталитарлық жүйе құлдырап, империя ыдырай бастаған уақытта қазақтың төл қазынасына да көңіл бөле бастадық. Қазақ зиялыларының қолға алуымен «Шәкәрім шежіресі» жарық көрді. ....Кириллицамен «Шәкәрім шежіресінің» алғаш жариялануы «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы №1 санында. Шежіре мәселесін тарих және этнология ғылымдары тұрғысынан ғылыми дәйекті әрі терең зерттеу - қазақ, сонымен жалпы, түрік этнологиясын зерделеудегі бірден-бір өзекті мәселе. Шежірені зерттеуді алғаш қолға алған- әйгілі ғалым Ш. Уәлиханов. Ол қазақ шежіресі туралы мақаласында дала мәдениетінде ерекше орын алатын далалық тарихи дәстүрді жан-жақты қарастырып, оның маңыздылығын ашты. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда батыс және орыс тарихнамасында шежіре мәселесі ерекше орын алған. Осы дәуірде батыс ғалымдарын түркі мәдениетіндегі екі үлкен мәселе қызықтырып, зерттеу нысанасына айналды. Екеуі де түркі лингвистикасына байланысты мәселе: біріншісі, түркі жазба ескерткіштері, ал екіншісі, түркі шежіресі.

Шежірені көшпелілердің ауызша тарихи аңыз, қария сөз үлгісінде жалғасатын тарихи дәстүр деп қарастырамыз. Тарихи-генеологиялық әңгімелер бірде ақ сүйек танылған хандардың шығу тегімен, бірде көшпелі тұрмыс кешкен халықтың генеологиясымен байланысты сипатта болады. Қазақтың рулық жүйесі осы шежіре нұсқаларында көрініс тауып, олардың этноәлеуметтік құрылымы қамтылады. Қазақ тарихына қатысты бұл шежіре деректері ғылыми қолданысқа толық ене бастауы кейінгі он бес жыл шамасында ғана.

Шежіреші әңгімеленген тұлғалар өмірбаяны мен тарихи олардың ата тегін көрсететін кесте, туған жері, қыстау орыны, жерленген жері, моласына тұрғызылған ескерткіштер, ескерткішке жазылған жазу сияқты деректермен расталады. Қазақ даласында көптеп кездесетін осындай ескерткіштер сол адамдарға, сол жерлерге байланысты шежіре әңгімелермен орайлас. Мәселен, зерттеуші С. Әжіғалиевтің көрсетуінше, Батыс Қазақстандағы эпиграфия деректерін ғылыми талдау Кіші жүз қазақтарының этноәлеуметтік құрылымы ерекшеліктерін анықтауға мұмкіндік береді.

М. Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» еңбегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихын зерттеуге елеулі үлес болып қосылды. Бұл еңбегі жөнінде зерттеуші Озғанбаева «қазақтың тарихи жазба дәстүрлері М. Тынышбаевтың қазақ руларының шығу тегі туралы еңбектерінен бір саты жоғары деңгейге көтерілді» деп жоғары бағалайды.

ХХ ғасырдың 90- жылдарынан бері көптеген шежіре жарық көруде. Бұл шежірелерде көп жағдайда қазақтардың генеологиялық таратылуы мен сол тұқымдардың аты-жөні ғана берілген, шежіредегі ата таратылуы ғана сақталып, тарихи әңгімелер аз болып келеді, сондықтан, дұрысын айтқанда, бұл кітаптар насабнамалар болып табылады. Баспалардан шығып жатқан ата тарату кітаптарында шежіре ірілі-кішілі қазақ руларының атымен байланыстырлып айтылады. Кейбір жағдайларда бұл кітаптардың аты мен мазмұны сәйкессіз болып келеді.

Қазақ халқының тарихын терең біліп зерттеуге бұл шежіре дәстүрінің алатын орны толмас құнды дерек болып табылатындығында күмән жоқ.



Тұрмыс-салт жырлары. Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымдары, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдері өте көп. Орыс халқының ауыз әдебиетінде оны «бытовые песни» (бірде «обрядовые песни») десе, біз олардьт «Тұрмыс-салт жырлары» дейміз.|

Бұлардың көпшілігі анонимдік түрде туып, халық аузында сақталынып келген. Тұрмыс-салт жырларының кейбіреулрінде тотемдік. мифтік ойлау, бақсылық ұғымдары мен діни әдет-ғұрыптардыц да ізі бар.

Елдің тұрмыс-салты меп әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдеріне байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді «Тұрмыс-салт жырларьи дейміз. Бұл жырларды олардың мазмұны меи тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Олар; а) бақташылық жырлары (төрт түлік мал туралы); ә) діни әдет-ғұрыптар тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); б) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); в) ұлыс жырлары; г)бөбек жырлары; жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау), т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет