3.6 Киіз, сырмақ басу және алаша тоқу
Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы – жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу – қолөнері үшін маңызды жәйт. Халық шеберлері материалдың табиғи қасиеттеріне зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді. Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі - киіз басу.
Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.
Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста киіздің алғашқы нұсқалары дүниеге келджі десек қателеспеген болар едік. Себебі қола дәуіріндегі тас үйлердің сыртқы формасы секілді дөңгелек, күмбезді, жарық төбесінен түсетіндей етіп жасалынағн. Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола дәуіріндегі тас үйлерден алынып, жылдан жылға практикалық жағынан күрделеніп байытыла келе біздің уақытқа дейін жеткен.
Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата-баба мұрасын, халық қол өнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болағн қол өнерін жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты қуантып, өнердің жаңаша түр алып, өміршеңдігі арта түсеріне сөз жоқ.
Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеген кездесетін киізді оюлап әдісінің тәсілдері Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.
Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың не жұқа, тығыз да мықты немесе босаң етіп басылады. Киіз үйдің сыртына жабылатын туырлық пен үзік, түндік суықта жылу ұстайтындай, шілденің аптабында ыстық өтпейтіндей қалың, жаңбырлы күндері су өтпейтіндей тығыз шымыр етіліп ерекше ұқыптылықпен асылады. Киіздің қазақ қолөнерінде тек құрлыс материалы ретінде практикалық жағы, сапасының мықты болуы ғана емес сонымен бірге әдемілігне де ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, дөдеге арнап жеке киіз басылған. Сонымен қатар киізден тұрмысқа қажетті текемет басып, сырмақ ойыстырып, түскиіз тігіп, әр түрлі аяққаптар, теңдер, дорбалар, шайкиіздер жасалынған. Жұқа басылған ақ киізден әр түрлі бас киімдер мен сырт киімдер тігілген.
Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуына киіз басуға алынған қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше орын алған. Киіз басуға алынатын қой жүніні талшықтары және оның сапасына қойылар талап өз алдына бөлек әңгіме.
Киіз басу өнерінде залық арасында кең атарлағаны – текемет басу, сырмақ ою түрлері. Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болғанымен, оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады.
Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді.
Жабағы жүн қойдың күн жылып, мамыржай болғанда, яғни жазғытұрым қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оны теріден тұтас көтеріле бастаған кезіне сай келу тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердің өскіндей бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол берілмейді.
Күзем жүн қойдың күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады.
Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.
Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға немесе бір маусымдық жүнді пайдалауға да болады.
Егер жабағы жүн шайырлы әрі лас болса, әбден жуылып, кептірілгеннен кейін ғана пайдаланылады. Жуылған жабағы жүн қайшымен ұсақтап қиылады. Өйткені оның талшықтары ұзын, ұйысып, қол байлайды.
Осы сұрыпталаған жүндерді одан әрі өңдеуге кірісу қажет.
Алдымен жүн сабалады. Жүн сабау да оңай жұмыс емес. Оған ең алдымен ұзындығы метрден артығырақ сабау таяқ керек. Сабауды жыңғылдың, ырғайдың бүрін тегістеп қабығын сыдырып, кептіріп жасайды.
Жүн сабайтын жер тегіс әрі кең болуы керек. Жүнді тулақ үстінде аула ішінде сабайды. Ал, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, бөлмедегі нәрселерді шаң-тозаң, қиқым түспейтіндей етіп түгел қымтап жауып тастаған соң ғана жүн сабауға кірісуге болады. Сабар алдында жүн 2-3 сағат күн көзінде жатса тіпті жақсы.
Тулақ – жүн сабауға араналып, ірі малдың терісін шикілей керіп, кептіріп жасалады. Кепкен тулақты пайдаланар алдында сүт бүркіп жібітеді. Сонда жүн сабау кезінде тулақ сынып кетпейді.
Текемет немесе киізге жабағы, күзем, қозы жүндерін араластырып пайдаланған кезде, бір тулақ жүн, яғни бір сабамға орта есеппен бір қойдың күзем жүні, бір қойдың жабағы жүнінің жартысы алынады. Бұл жүндерді араластырып немесе жеке-жеке сабауға да болады. Жүн тым лас немесе қоқымы көп болса, онда сабалап жатқан жүнді бөлек жинай тұрып, тулақты сілкіп тазалап алу керек. Өйткені сабаған кезде көң-қоқыстың бәрі бірдей жүннен ажыратылмай, араласып кетуі мүмкін.
Әдетте тулақты айнала отырып 4 адам сабайды (8 сабау) . Жүн үлбіреп көпсіп, біріккені жазылған сәтте сабауды тоқтады. Бір киіз немесе бір текеметтің астыңғы бетіне осындай 7 сабам жүн керек. Ал үстіңгі бетіне қойдың өңкей күзем жүнінен 9 сабам жүн кетеді. Негізінен киіздің бетіне, текемет басу үшін күзем жүн пайдаланған дұрыс.
Сұрыпталған жүн сабаланып, реттеліп, келесі өңдеу жұмыстарына әзірленеді. Ол үшін ені жарым құлаштай 6 құлаш ши керек. Екі шиді қабысытырып бір-біріне шуда жіппен тігеді немесе шидің шеттік жіптерін байластырып қояды.
Шидің бір шетінен бастап аралас жүнді (күзем, жабағы) біртегіс жайып салады да мол етіп ыстық су шашып, ұқыптап орап отырады. Осы орауды аз уақыттан соң жазып, әлгі жайылып салынған жүн қабатының үстіне текеметтің бетіне арналған жүнді (күзем жүннің өзін) тегістеп жаяды немесе жүннен бетіне түр тартылады. Жүн жайылған соң бастапқы әдіспен қазанда қайнап жатқан судан ожаумен алып себелейді. Су барынша біркелкі себілуі үшін сыпырғыш немесе тегіс тақтайға шашырата құймалап тұру керек. Керекті мөлшердегі су құйылып біткендн, жүн суға қанды деп есептеліп, шиді орап, екі шетін тұйықтап жабады. Бұдан кейін шиді бес жерінен қатты буып байлайды. Әрқайсысы 7 құлаштан екі немесе үш қосымша арқанды шидің 2-3 жерінен айқастыра өткізіп, екі арқан болса – 4 адам, үшеу болса – 6 адам қарама-қарсы тұрып, әрлі-берлі тарта жүріп жүн бірігіп қатайғанша тебеді. Киіз тебуге қарама-қарсы 10-12 адамға дейін қатысады. Айқастырыла салынған арқанмен кезек тартып, ауната отырып әбден тепкілейді. Тебу бірнеше сағатқа созылып, ши сыртына жүн қылшықтары көріне бастағанда тоқтатылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым ширақ болады.
Егер текеметке түр салынса, шидің орауы жазылып, түрі қисаймауы қадағаланады. Осыдан кейін 7-8 адам киізді шидің тігісне қарсы жарты сағаттай білектеп, жарты сағаттай алақандайды. Білектеу дегеніміз 7-8 адам қатарына тізерлеп отыра қалып текеметті білегімен әрі –бері ырғап ұрғылау. Білектеу киіз әбден ширап піскенше 4-5 рет қайталанылады. Сонан соң шиден шығарып, екі енін қарама-қарсы орап әкеліп соғады. Бір жағын екінші шетіне жеткенше ширата бүктеп, соқ-соқтайды. Бұл жұмыс 3 қайтара жасалады. Бұдан кейін кезекпе-кезек оң-терісін алмастыра отырып киізді ұзыны қалыптағыдай болуы үшін ұзындайды. Бұдан да 10-12 адам қатысады. Енді киіз жазылып, ұзыны екі бүктеледі. Екі басы біріктіре дөңгелектеліп, шуда жіппен тігіледі. Осыдан кейін сол 11-12 адам дөңгеленіп тігілген киізді сағат тілінің бағытымен тігіс ұшынан ұстап айналдыра қарпиды.
Киіз қарпу 1 сағатқа созылады. Киіз қарпығанда бірікпей бос қалаған қыл-қыбырынан тазарады. Ал текемет киізге қарағанда азырақ қарпылады. Осыдан кейін жіпті сөгіп, енімен орайды да қайтадан 7-8 адам білектеп, алақандайды. Содан кейін киізді ұзынынан 3 қабаттап бүктеп, екі шетінен 2 адам (киіздің қақ ортасынан 1 адам отырғызып) кезекпе-кезек жерге ұрып тегістейді, себебі салынған өрнегі қисайып кетуі мүмкін.
Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі әдіспен басады.
Түр ойыстырып басатын текемттің астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс әрі жұқаау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру (жұқа киіз) деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң әркімнің қалауынша үлгілермен қиып дайындалған оюды (түрді) текеметтің астыңғы беті деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су себелеп, шиге орайды да киіз басу одан әрі жалғасытырылады. Түрді шүйкелеп салу әдісінеде боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезде әлгі шүйкеленген түрден тездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстықтау су себіледі. Одан әрі қарай киіз басу процессі қайталанады.
Далаға жайып кептірілген киізді шет-шетін тегістеп қияды да, қағып-сілкіп, төсеніш ретінде пайдалана беруге болады.
Ал текеметті жайып кептіргеннен кейін боялған жүннен жіңішкелеп жіп есіп (әркім шеберлігі мен қалауына қарай), екі түрден қосарлап, оны ширатады. Екі тінді бір бағытта ширатса оң ширату дейді. Ал, есілген жіптің бағытын қарама-қарсы (бірі оңға, бірі солға) ширатса, солақай ширату деп аталады. Пайдаланған кезде солақай ширатылған жіп тек құстаңдай деп аталатын өрнек шығарады. Ол өрнек былай шығарылады. Шеті тегістеліп, қиылған текемет ширатылған жіппен жиектеледі. Жиектеуге, яғни ширатпаны текеметке бастырып тігуге боялған жіп немесе шуда жіп пайдалануға болады. Әуелі текеметті айналдыра жиектеп алады да содан кейін салынған ою-өрнектің шетін бастыра жиектейді. Жиектелген текемет әсемділігімен көз тартады әрі төзімді келеді. Сондай-ақ жиектеу салынған түрдің шетін түтеленіп, әлде көтеріліп кетуден сақтайды.
Текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуда туырлық, үзік, түндік, ақ киіздер және сырмаққа аранлған киіздерде қайталанылады. Түр салынбайтын киіздер бұл процестерден басқа кірлеу әдісі қолданылады. Мұнда киізді ұзынынан бір бүктеп, енінен дөңгелете 4-5 орап, тігінен қойып, үстінен қайнаған ыстық су құяды. Бұл киіздің әбден кірігіп, шымырлауында, бойындағы кір судан тазаруына, сөйтіп одан әрі кіріге түсуіне әсер етеді.
Кірлеу әдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда да қолданылады. Ал, боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл әдістің қажеті жоқ. Себебі, химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық сумен бірге ағып кетеді де тез оңады. Текеметке түр салуға негізінен қызыл, сары, жасыл, қара бояулар пайдланылады. Соңғы кезде көк түстер де араластырылып жүр.
Текеметке түр салғанда оюды тек жиектеп салып, текеметтің негізгі фоны көрініп тұратын болса, ондай текеметтің түрі әбден ұсталғанша көмескі тарта береді. Оңтүстік облыстарда көп жағдайда текемттің ортаңғы бөлігін айқындап шымқай қызыл түске бояп, соның үстіне түр салады. Мұндай текеметтің негізгі түсі жарқырап айқын көрініп тұрады.
Ал, Батыс Қазақстан жерінде көбіне ақ текеметтер дайындайды. Ақ текеметтердің бетіне жіңішкелеп жиектеп талдырмадан ою салады. Талдырма салынған текеметтердің негізгі ақ түсі ерекше ашық болады.
Ақ текеметтерден басқа қара, қоңыр түсті текеметтердің негізгі ою-өрнегі ұсақтау немесе ортаңғы бөлігі бірнеше қатар ұсақ ромбыға бөлініп, әр түрлі әшекейлі өрнектермен түрленеді. Бұндай өрнектеу тәсілінде де текеметтің негізгі түсі айшықты болады. Талдырма салу Қазақстанның көптеген облыстарында кең тараған. Ол үшін әр алуан түске боялған жүнді жеке-жеке жұқа әрі босаң етіп киіз басу әдісімен басып алады да, одан ою ояды. Дайын оюды шидің үстіне шабақталып, біртегіс тартып салынған жүннің үстіне орналастырады да, жоғарыда айтылған әдіс бойынша текемет басып шығады. Текемет дайын болғанда оның өрнегі анық, өрнегі анық, ою жиектері айқын көрініп тұрады. Талдырма салу әдәсә сондай-ақ Жетісуда да кезедседі. Оның Батыс Қазақстандағыдан айырмашылығы – талдырмада ойылған оюлар жіңішке емес, жалпақ, сырмақ оюлары жіңішке емес, жалпақ, сырмақ оюлары секілді болып келеді. Бұл тәсіл текемттің көркемдігін арттыра түседі. Оюдың осы түрін жергілікті жерде !жалайыр текемт! Текемттің екі жақ бетіне ою салып басу әдәсә да бар. Ол үшін алдымен шидің үстіне басқа түске боялған жүннен өрнек салынады, оның үстіне бір қабат жүн тартылады. Онан соң жүнді сабаумен шабақтап алады да қайтадан жүн тартып салып, текемттің негізгі түрі салынады. Текемет әбден басылып болғанда оның екі жақ беті бірдей өрнекті болып шығады. Әсіресе, текеметтің негізгі бетінің өрнегі әдемі, көркемдік жағы басым келеді.
Текемет бетіне басқа түске боялған түр көбіне шүйкелеген жүннен созып салынады. Бұл түр текеметке ерекше сән беріп тұрады. Текемет түрінің бояуларының үйлесе жайылған жиектері акварель бояулары секілді, заттың көркемдік дәрежесін арттыра түседі. Бұл әдіс тек қазақ текеметтеріне ғана тән. Ал түрімен елімен шекаралас жерлерде түрге салынатын жүнді бұрап, ширатып салу әдәсә де кездеседі. Бұл әдіспен дайындалған бұйым да талдырма салған бұйымдай негізгі өрнек жиектері анық көрініп тұрады.
Текемет бетіне өрнек орналастырудың бірнеше түрі бар. Бірінші түрі – ортаңғы бөлікті айқындап, жиек оюларын түсіру. Ол төмендегідей тәртіппен ораналасады. Текеметтің орталық бөлігіне бірнеше ромбы (екі-үш немесе төртке дейін) түсіріп өрнектеледі.
Сондай-ақ осы орталық бөліктегі ромбы орнына дөңгелек шеңбер де түсіруге болады. Шеңбер іші бірнеше қатар кесте оюлары секілді сәл ұсақтау әр түрлі оюлармен толтырылады.
Ал текемет бетіне тұтастай өте ірі екі-үш ромбы түсіріп өрнектеуде айнала жиекоюы пайдаланылмайды. Мұндай текемттің көркемдік дәрежесі де жоғары болады. Геометриялық өрнек тобына жатаын ромбы өрнегін Оралық Қазақстанда айшық, солтүстік Қазақстан облыстарында, Омбы, Тюмень жерінде екі көзді деп, Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарында шаршы деп атайды.
Екінші түрі – жиек оюын түсірмаей, текемет бетіне тұтастай бір ғана өте ірі ою тармағын түсіру де кең тараған. Мұндай тармақ түйіні текемттің орталық нүктесінен тарайды. Текемет беті ұзыннан екі-үш қатар тізбекетлген ағаш бұтасы секілді ою тармақпен де безендіріледі.
Аталған түрлермен бірге көп кездесетін шақпақты текемт. Шақпақтап өрнек салған текемттер көбінесе ақ, сұр, қара, қоңы түсті жүннен боялмай басылады. Мысалы, ақ киізге қара жүннен жіңішкелеп жолақ жүргізіп, текемет бетін шақпақтап тастайды. Шақпақ ішін кішігірім шеңбер тәрізді өрнектермен толықтырады.
Текеметке салынатын оюлар түрі сан алуан. Жалпы, қазақ қолөнерінде кездесетін ою-өрнек төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топ – жан- жануарлар дүниесін білдіреін ою-өрнектер. Бұл көбінесе киізден жасалған бұйымдарды өрнектеуге қолданылған. Тұрмыс- тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан халық арасында қолөнер бұйымдарын көркемдеуде мүйіз тектес өрнектер кеңінен тараған. Олар: қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы мүйіз, марал мүйіз, арқан мүйіз, бұғы мүйіз, марал мүйіз т. б. Бұдан да басқа жан-жануарлар әлемін білдіретін өрнектер тобынан түйе табан, омырқа, ит құйрық, құсқанат, жарқанат, қарға, тұяқ сияқты өрнектер әр шебердің эстетикалық талғамына сай текемет бетінде ою-өрнектер орналстыру тәртібі бойынша кейде орталық бөлікке немесе жиек оюларына түсіп отырған.
Қазақ халқы малды аса қастерлеп, қасиет тұтқан. Кездескен адамға «мал-жан аман ба?» деп бірінші саулықтарты малдан бастауы тегін болмаса керек. Демек, халық ұғымы бойынша әрбір ою- өрнек белгілі мазмұнға ие болған. Әсіресе, киізден жасалған бұйымдарда қошқар мүйіз өрнегі байлықты білдіретін, ал қырық мүйіз өрнегі мал басының көбеюін білдіретін белгі ретінде кең тараған.
Екінші топ - өсімідк тәрізді өрнектермен әсемдеу. Әрине, әрбір шебер туып-өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге қолданған. Бірақ текемет ою-өрнектерінде өсімдік тәрізді өрнектер кездеспейді. Олар тек обю арасында қосымша роль атқарады. Текеметке екі жағына бірдей ою түсірілгенде гүлді оюлар текемттің теріс бетіне салынған өсімдік тәрізді өрнектеледі. Ал гүл, жапырақ, бадам, анар, шырмауық, қияқ т. б секілді өсімдікер өрнегі көбінесе сырмақ әсемдеуге кеңінен қолданылады.
Үшінші топ – жоғарыда аталған геометриялық ою-өрнектер. Текеметке түс салуда ою-өрнектерді орналастыру тәртібінің кең аараған тәсілі – оралық бөлікті төр бұрыштап бөліп алып, осы бөлікті ирек немесе су шыншыр өрнектерімен жиектеп, анық көрсету. Орталық бөлікке екі-үш айшық орналастыруға бұрышталып немесе үшбұрышталып келген қолтықша немесе үшбұрышталып келген қолтықша ою түседі. Осы композициялық жүйенің өзінде бірнеше геометриялық өрнектер қолданылады.
Төртінші топ – аспан әлемін, жер-дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер. Текеметке әсіресе, жан-жаққа күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңберлі ою жиі салынған.
Киізден жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнектердің мән-мазмұны, түп-тамыры сонау ерте дүние тарихында жатыр. Қазіргі кезде текемет оюларында кездесетін өрнектерді біздің дәуірімізге дейінгі Ү ғасырда жасалынған (пазырық қорғанынан табылған текеметтерден кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |