54
Кіріспе
Негізгі азық-түлікті тұтыну халықтың
өмір сүру деңгейінің негізгі құрамдас
бөліктерінің бірі, аймақтың әлеуметтік
әлеуетінің жай-күйінің жалпылама сипат-
тамасы, халықтың негізінен тұрғылықты жері
бойынша тұтынатын
өмірлік пайдаларының
жиынтығы, сондай-ақ тұрақтылықтың негізгі
факторы болып табылады. Өмір сүру деңгейінің
динамикасы тұтастай алғанда аймақтық
экономиканың даму стратегиясын және оның
құрылымдық компоненттерін дамытудағы
маңызды нұсқаулық болып табылады. Соңғы
жылдары халықтың азық-түлікті тұтыну дең-
гейі мен
құрылымы айтарлықтай өзгерді,
оларға бірқатар факторлар әсер етеді:
тамақтанудың ұлттық ерекшеліктері; аумақтың
климаты; экономикалық факторлар.
Азық-түлік шикізаты және олардан
өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі
мәселесін шешу проблемасы – Қазақстан
халқының салауатты тамақтану саласындағы
мемлекет саясатының концепциясын іске
асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі
болып табылады.
Қазіргі таңда азық-түлік
қауіпсіздігі,
халықты сапалы және қауіпсіз тамақ
өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және
өзекті мәселе болып келеді. Бұл еліміздің
ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі, себебі бірде-
бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнім-
деріне деген сұранысын қанағаттандырмай,
ұлттық,
соның
ішінде
экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес.
Халықтың азық-түлік
қауіпсіздігін қамтама-
сыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси
немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
туралы айту, әрине, оңайға соқпайды.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің
маңызды құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі
маңызды мәселе болып отыр.
Оны шешуде
еліміздің агроөнеркәсіптік кешені маңызды
рөл атқарады. Ол халықтың азық-түлікпен
қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ оның азық-
түлік тәуелсіздігі өндірілетін өнімнің саны
мен сапасына тікелей байланысты болады.
В.И. Губайдуллина мен В.К. Нус-
ратуллиннің ғылыми еңбектерінде «азық-
түлік тәуелсіздігі» ұғымы елдің азық-түлікпен
өзін-өзі қамтамасыз етуін, АӨК жағдайын
сипаттауда, «...халықтың азық-түлік өнім-
деріне қажеттілігінің негізгі бөлігін отандық
өндіріс есебінен қанағаттандыру» ұғымына
осындай түсінік
бере отырып қолданылады
деп санайды. Елде (өңірде, аумақта) өндірілген
азық-түліктің жекелеген түрлері бойынша
өзін-өзі қамтамасыз ету, олардың пікірінше,
азық-түлік тәуелсіздігінің құрамдас бөлігі
болып табылады.
Ғылыми
әдебиеттерде
азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
негізінен агроөнеркәсіптік кешен жұмы-
сының тиімділігін
арттыру тұрғысынан
қарастырылады. Сонымен бірге Қазақстан
Республикасының
тұрақты
әлеуметтік-
экономикалық дамуға көшуі жағдайында
азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің жұмысының
тиімділігін бағалау проблемасы жеткілікті
түрде зерттелген жоқ.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты
- Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз
ету жағдайын, агроөнеркәсіптік
кешенді мемлекеттік реттеудің міндеттерін,
сонымен қатар, қазіргі таңда қандай азық-
түлік түрлерін жан басына шаққанда тұтыну
мөлшерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: