Н. Ж. Бримбетова 1, Г.Қ. Темирова



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата12.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#185096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
234-233-2-PB

Әдебиеттерге шолу 
Республиканың азық-түлік нарығын 
қамтамасыз ету механизмі негізінен алғанда 
оның аймақтағы жағдайымен анықталады. Өз 
кезегінде әрбір аймақ өзіне тән ерекше табиғи-
климаттық жағдайларынан бастап әлеуметтік-
экономикалық жағдайларына дейін ие 
болады. Бұл жағдайлар үнемі өзгеріп тұрады: 
халықтың қажеттіліктері көбейеді, ресурстық 
мүмкіндіктер азаяды, ал ол әрбір кезеңде
азық-түлік нарығын қамтамасыз ету меха-
низмін жетілдіруді талап етеді [1].
Азық-түлік 
тауарларының 
сапасын 
қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының 
ішінде 
олардың 
қауіпсіздігін, 
адамға 
тағайындалатын тағамға сәйкес өнімнің 
тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. 
Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық 
көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы 
тұтынушыға арналған ақпаратқа және өнімнің 
қолданылу бағытына үлкен мән беріледі [2].
Экономикасы дамыған елдерде өнім 
сапасы: 
– өнеркәсіп кәсіпорындарының ғылыми-
техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін 
жеделдетіп қолдануға қабілеттілігі; 
– ішкі және халықаралық нарықтың 
талаптарын, 
тұтынушылардың 
түрлі 
категорияларының қажеттілігін мұқият зерттеу;
– «адам факторын» пайдалану: 
жұмысшылар және жетекшілерді оқыту, 
тәрбиелеу, 
біліктілігін 
жүйелі 
түрде 
жоғарылату, материалды және моральды 
ынталандыруды қолдану сияқты негізге 
алынатын факторлардың әсерімен қалып- 
тасады [3,4].
Экономикалық және азық-түлік қауі- 
псіздігін 
қамтамасыз 
ету 
мәселелерін
Н. Ж. Бримбетова, Г.Қ. Темирова, А.А. Султанаев / Экономика: стратегия и практика, № 4 (15), 2020 г. / 53-65


55
алыс шетелдердің ғалымдары қарастырады, 
олардың арасында Э.Барбер, М.Бурчель, 
Д.Блэйдс, Х.Коултер, Г.Конвей, А.Портес, Э. 
де Сото, Э.Хашам, Ф.Шнайдер және басқалар.
Экономикалық және азық-түлік қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету проблемаларының 
әртүрлі аспектілері көрші елдердің көптеген 
ғалымдарының зерттеулерінде, атап айтқанда, 
Л.И.Абалкин, Н.В.Абрамов, А.Г. Аганбегян, 
А.В. Акимова, А.Е. Бертенева, П.Т. Бурдуков, 
И.П. Вершинина, Р.Р. Гумерова, Г.М. Дерцян, 
И.Ю. Линчевский, И.П. Лупашко-Стальский, 
В.П. Максаковский, В.А. Мартынова, И.А. 
Минакова, В.А. Морозова, В.К. Сенчагова, Н.А. 
Сибирский, Р.З. Саетгалиева, Е.В. Серовой, 
Л.П. Страховой, И.Г. Храмовой, Ю.С. Хромов, 
Д.В. Шахова және басқалары [5]. 
Отандық ғалымдарының еңбектерінде
Г.Т. Айдарова, 
А.А.Кайгородцев, 
Г.У. Аким-
бекова, С.Н. Алпысбаева, А.Х. Амиргалиев,
Л. Апсалямов, А.А. Арупов, С.Б. Ахметжанова, 
У.Б. Баймұратов, Л.А. Бимендиева, А.И. Гиз-
затова, К.Е. Джамбурчина, Р.Е. Элешева, 
О. Ельцова, Х. Эртазина, А. Есполов, З.Х. 
Жаңабекова, М.Е. Казембаева, Г.А. Калиев, 
Д.А. Калиева, Г.А. Куанова, Р.Ю. Куватова,
Л.И. Лейцкий, М.Н. Намазбекова, Г.К. Омар-
бекова, А.Н. Симагамбетова, Н.А. Симонова
С.Л. Смирнова, М.У. Спанова, Г. Сұлтанбекова, 
А.И. Тазабекова, Ж.Ж. Тайбасарова, У.А. Теке-
нова, Қ.А. Телемисова, А.Б. Темірбекова және 
басқалары, республиканың экономикалық 
және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету жүйесін қалыптастырудың әртүрлі мәсе- 
лелері зерттелді [6,7]. 
Ғылыми әдебиеттерде экономикалық 
және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету 
мәселелері 
жеткілікті 
қамтылған. 
Бұл проблеманың көптеген аспектілері 
қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде 
көрсетілген. Алайда, Қазақстан Респуб-
ликасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық 
дамуға көшуі жағдайында экономикалық 
және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 
етудің 
ұйымдастырушылық-экономикалық 
механизмін 
қалыптастыру 
проблемасы 
жеткілікті түрде зерттелген жоқ. Бұл мәсе-
ленің күрделілігі мен жан-жақтылығы зерт- 
теу тақырыбын, оның мақсаттары мен 
міндеттерін таңдауды алдын-ала анықтады [8].
А.А. Кайгородцевтің зерттеулерінде 
«...азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету 
сыртқы саудаға ең аз тәуелді бола отырып,
ішкі жеткізілім арқылы оған қажеттілікті 
қанағаттандыруды білдіреді және оған 
қол жеткізу үшін елдің барлық әлеуметтік 
топтары үшін көптеген өнімдердің қол 
жетімділігіне кепілдік беретін бағалар бойын-
ша халықтың қажеттіліктерін шекті деңгейде 
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін көлемде 
сапалы өнім өндіруді жүзеге асыру қажет» 
[9]
.
Кейбір ғалымдар халықты азық-түлік- 
пен қамтамасыз етуді АӨК аумағының 
өндірілетін 
өнімінің 
бөлігі 
ретінде 
қарастырады. Жоғарыда аталған ғалымдар 
тобының 
пікірлерімен 
келісе 
отырып,
халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің 
маңызды шарттары (талаптары) :
-
азық-түлік өнімдерінің физикалық 
қол жетімділігі – төлемге қабілетті сұранысқа 
сәйкес көлемде және ассортиментте соңғы 
тұтынушыға дейін тамақ өнімдерінің үздіксіз 
түсуі;

азық-түліктің 
экономикалық 
қолжетімділігі – ұсынылатын тамақтану 
нормаларына сәйкес халықтың азық-түліктің 
негізгі түрлерін сатып алу мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін қолданыстағы тұтыну 
құрылымы, бағалар жүйесі, табыс деңгейі, 
әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер 
кезінде халықтың сатып алу сұранысының 
деңгейі 
[10]
;
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз 
етудің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу 
үшін: тиісті табиғи ресурстар мен өндірістік 
әлеует; инфрақұрылымды қалыптастыратын 
институттардың жеткілікті даму деңгейі мен 
«сапасы»; аймақтық және жергілікті деңгейде 
мемлекеттік органдардың дамыған, тұрақты 
және ынталандыратын ауылшаруашылық 
өндірісі қажет (1-сурет) 
[11]
.
Қазақстан 
Республикасының 
және 
оның аймақтарының азық-түлік қауіпсіздігі – 
халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз 
етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-
түлікке деген қажеттілікті қанағаттандыруға 
кепілдік беретін мемлекеттің қабілеті ретінде 
қарастырылады 
[12]
.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама-
сыз етудің негізгі критерийлеріне:
– халықтың қоректі заттар мен энергияға 
физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыру 
деңгейі, адам денсаулығына қауіпті тағам 
өнімдеріндегі заттарды ең төменгі деңгейге 
түсіріп, 
адам 
тамағының 
рационына 
сәйкестендіру; 
– тағам өнімдерінің физикалық және 
экономикалық тұрғыдан халықтың түрлі 
топтарына қолжетімді болуы, Қазақстанның 
азық-түлік нарығында бағаның тұрақты болуы;
– азаматтарды тағам өнімдерімен 
қамтамасыз етуді тәуелсіз ету деңгейі 
және агроөнеркәсіптік кешенді ресурспен 
қамтамасыз ету арқылы шетелден сатып 
алынатын тауарлардан тәуелсіз ету деңгейі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет