Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Көкнәр қосылған тәтті тоқаш (орыс. сладкие кренделки с маком, ағылшын. sweet krendelki with poppy seeds) –



бет42/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Көкнәр қосылған тәтті тоқаш (орыс. сладкие кренделки с маком, ағылшын. sweet krendelki with poppy seeds) – ұнға сода араластырылып еленеді. Көкнар жуылып, суын сорғыту үшін елекке салынады. Май түйіршіктері жойылғанша жұмсартылады. Ұннан басқасы бір ыдысқа салынып, 5-6 минуттай қасықпен езгіленеді, содан соң ұн қосыдып, жарты минутта қамыр иленеді. Ұн себілген тақтайға 5-6 мм қалыңдықта жайылады. Әр түрлі формада кесіліп, жұмыртқа жағылады, майланған табаға орналастырылып, 200-220° С температурада 10-12 минуттай пісіріледі.


Көкнәр салынған пешеней (орыс. печенье с маком, ағылшын biscuits with poppy seeds.) – жұмыртқаның сары уызына қант қосылып, түйіршіктері жойылғанша бұлғанады да, қаймақ, май қосылып, біртұтас қоспаға айналғанша араластырылады.
Сода қосылған ұн да осы қоспаға қосылады. Сөйтіп иленген қамыр 30-40 минут салқындау жерге шығарылып, стол үстінде төртбұрышталады да қалыңдығы 1 см етіліп жайылады. Содан соң ені 5-6 см жолақтарға кесіледі. Жолақтың ұзындығы ол салынатын металл табамен бірдей болғаны жөн. Қалған қамыр ширатылып, жолақтың жиегіне жұмыртқа жағып жабыстырылады.
Жолақтың үстіне көкнәр қоспасы (қант қосылып, жұмыртқаның ақ уызымен көпіршігенше бұлғанған) салынады.
220-2300 С температурасында пісіріледі. Дайын болған соң салқындатылып, төртбұрыштап кесіледі.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет