Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Атала (орыс.болтушка, ағылшын. piet)



бет8/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Атала (орыс.болтушка, ағылшын. piet) – суға талқан немесе ұн салып пісірген сұйық ботқа; бидай, арпа, жүгері ұнынан май салып қыздырылған қазанға салып, қыздырып, үстіне біртіндеп су немесе сүт қосып араластырып дайындалатын тағам.


Ашыған қамыр (орыс. кислое тесто, ағылшын. sour dough) – бидай, қара бидай ұнынан ашытқы, тұз, су және т.б. заттар қосып иленіп, ашытылған қамыр.


Ашымаған қамыр (орыс. пресное тесто, ағылшын. unleavened dough) – ашытқы қоспай бидай, қара бидай ұнына, тұз, су және тағы басқа заттар қосып иленген қамыр.


Ашытқан қамырдан пісірілген кекс (орыс. кекс из дрожжевого тесто, ағылшын. cake yeast dough) – еленген ұн столдың үстіне үйіліп, ортасы шұнғылданады да оған сүтке езілген ашытқы мен тұз құйылып, қатты қамыр иленеді. Дөңгелектенеді. Сөйтіп, температурасы 30-32° С жылы су құйылған (2.5-3л) кастрюльге салынып, көтерілгенше жылы жерге орамалмен жауып қойылады. Көлемі екі есе ұлғайған ашытқы судан алынып, алдын ала дайындалған қоспаға араластырылады. Қоспа былай дайындалады: жұмыртқа қантпен қосылып ағарғанша бұлғанады, оған жұмсартылған май мен ванил қанты қосылады. Дайын қамырға мейіз бен ұсақталып, жеңіл қуырылған жаңғақ дәні салынады. Қамыр майланған табаға аударылады биіктігінің тең жартысына дейін да жылы жерге қойылады. Қамыр форма 3/4 биіктігінің бөлігіне жеткенде температурасы 200-220° С пеште 50-60 минут пісіріледі.

Б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет