Сыр қосылған таяқшалар (орыс. палочки с сыром, ағылшын. sticks with cheese) – үгілмелі қамыр алтыншы рет жайылған соң, үккіштен өткізілген сыр молынан себіледі де, екі бүктеліп 20 минуттай тоңазытқышқа қойылады. Содан соң жетінші рет саусақтың жартысындай қалыңдықта жайылады (сол екіге бөлінген қалпында) да, шайқалған жұмыртқа жағылып, бетіне қалған сыр себіледі. Сөйтіп ыстық суға малынған ұзын пышақпен жалпақтығы 3см, ұзындығы 7см жолақтар кесіп, салқын суға малынған табаға (противень) орналастырып, қызған пешке қойылады. Таяқшалар қызарғанда пеш сөндіріліп, жайпақ тарелкаларға салынады.