Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Шәңгі (орыс. шанги, ағылшын. changi)



бет100/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Шәңгі (орыс. шанги, ағылшын. changi) – тоқаш, күлше.


Шелпек (орыс.шелпек, ағылшын. shelpek) майға пісірген жұқа нан, шелпек – ашымаған, кейде ашыған қамырдан жұқа жайылған, майға жүздіріп пісірілетін жайма қамыр, олар дөңгелек шелпек, ләйлек шелпек, қатқабат шелпек, май шелпек, қиықша шелпек, сәлде шелпек, бүкпе шелпек, шиыртпақ шелпек, қабарған шелпек, тәтті шелпек, су шелпек он бір түрге бөлінеді. Шелпек – айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді.
Шиыртпақ шелпек (орыс.шиыртпа шелпек, ағылшын. shiyrtpa shelpek) – қамырға шекер, жұмыртқа, май, ашытқы қосып сүтке илейді. Қамырды бауырсақша есіп арнаулы таяқшаға орап бұранда бейнесіне келтіреді де, қатты қызған өсімдік майына қуырады.


Шүрек (түрк. тілінен сөrәk) (орыс.шурек, ағылшын. shurek) – ашымаған қамырдан пісірілетін шелпек тәріздес нан. Бидай, жүгері, арпа ұндарынан қоламтаға көміп немесе тандырға пісіріледі.


Шоколадты «Жаңалық» торты (орыс. шоколадный торт «Жаңалық», ағылшын. chocolate cake "Zhanalyk") жұмыртқа қантпен араластырылып, үздіксіз бұлғана отырып, 50° С ыстық су құйылған кастрюльде қыздырылады. Содан соң масса салқындағанша пісіледі. Пісе отырып ұн қосылады, соңынан қыздырылған май құйылады. Сөйтіп, қамыр майланып, ұн себілген табаға біркелкі қалыңдықта орналастырылады. Беті пышақпен тегістеліп, пешке қойылады. Дайын бисквит кесіліп, түсіріп алынады.
Крем дайындалады: жұмыртқа мен қант араластырылып баяу отта 50-550 С температураға дейін қыздырылады. Оттан алынып масса салқындағанша пісіледі. Осы кезде май қаймақтың қоюлығындай болғанша жұмсартылады. Салқындаған жұмыртқа – қант қоспасы майға аз-аздап қосылып,жақсылап араластырылады. Ең соңында қыздырылған май мен коньякқа араластырылған какао ұнтағы қосылады.
Дайын бисквит салқындатылып,екіге бөлінеді де крем жағылады. Бетіне повидло жағылып, шоколадты глазурь құйылады.
Глазурьге қант ұлпасы немесе қантты какао ұнтағы, жаңғақ және қыздырылған сары май майдың азғана бөлігі қосылып, әбден бұлғанады да майдың қалғаны қосылады. Тағы да араластырылады.

І

Ірімшік қоылған дөңгелектер (орыс.круглички с творогом, ағылшын. round with cheese) ірімшік електен өткізіліп, жұмыртқа, маргарин, қант, тұз, сода, еленген ұн қоспасы, әбден арластырылады да, қамыр иленеді. Қамырдан түйежапырақтың көлеміндей дөңгелектер жасалып, өсімдік майына қуырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет