Ірімшік торты (орыс. творожной торт, ағылшын. cheese cake) – екі жұмыртқаның сары уызы қант қосып шайқалып, жұмсартылған май, шай қасықтың ұшымен сода (бірнеше тамшы сірке суына тұшытылған) қосылып, әбден араластырылады. Ұн себелей отырып, қамыр иленеді. Күлше пісіріледі.
Ірімшік қоспасы дайындалады. Ірімшік езіліп, жұмыртқаның сары уызы, ванилин, қант қосылады. Жақсылап араластырылып, дайын күлшенің бетіне біркелкі орналастырылады. Үстіне крем жағылады (жұмыртқаның ақ уызы қант пен ванилин қосып көпіргенше бұлғанады). Дайындалған торт кремі жеңіл қызарғанша 15 минуттай духовкаға қойылады.
Ірімшік пен цукат салынған қаусырма(орыс.пирог с творгом и цукатом, ағылшын. cake with candied fruit and tvorgom) – сары май немесе маргаринге ұн қосылып, пышақпен кескіленеді де, қант, жұмыртқа, араластырылып, қаймақ, сода, тұз қосылады. Иленген қамыр бір тәуліктей тоңазытқышқа қойылады.
Ортасына салу үшін ірімшік, қант, сары май қосылып, әбден араластырылады. Жұмыртқа, сүт, ванилин, цукат (мейіз де болады) қосылып, аздап тұздалады. Тағы да араластырылады.
Тоңазытқыштан алынған қамыр жайылып, майланған салқын табаға салынады да жиегі қайырылады(қоспа ағып кетпес үшін). Қыздырылған духовкаға пісіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |