«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата24.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#166331
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Қалыптастырушы бағалау
оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып 
табылады, оқу үдерісі барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. 
Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Тоқсандық жиынтық 
бағалау
Бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау

Сыртқы жиынтық 
бағалау
 
Жиынтық бағалау


17
 
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен оқушы 
арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау 
кезінде оқушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл оқушылардың 
мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне 
көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен оқушылардың арасындағы кері 
байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер 
ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында оқушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, 
ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың 
міндеттері:

оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну; 

оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен 
(коллаборативті) оқытуға арналған орта құру; 

оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері 
байланысты қамтамасыз ету; 

оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде 
қатыстыру; 

оқушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай 
жасау болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол 
қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу 
бағдарламасындағы бөлімнің/ортақ тақырыбының әрқайсысындағы оқу 
мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік 
мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі 
стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз 
тәжірибесі арқылы анықтайды, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз 
мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі 
келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау

қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; 

қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау; 

кері байланыс беру. 
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы 
барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз 
оқушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп 
алады немесе құрастырады. Әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырылады. 
Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың 
дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар оқушыға 
тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға 
мүмкіндік береді. Бұл оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы 
(конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды. 
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша 
дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:


18
 

қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ 
жоспарын құруы;

тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану 
тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы; 

кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы; 

тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (оқушылар жұмысының 
сапасы, бағалау құралдарының сапасы, оқушылардың, ұжымның кері 
байланысы, ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет