«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата24.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#166331
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Сөйлеу әрекетінің теориясы
 
Тілдік пәндерді оқыту сөйлеу әрекеттерінің (И.А.Зимняя, 1973) толық 
сипаттарын меңгеріп, өз бетінше қалыптастыру тұрғысынан жүзеге асырылуы 
қажет. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері мынадай дағдыларды қамтиды: ақпаратты 
еске түсіру дағдысы ретіндегі айтылым мен жазылым, сондай-ақ, ақпаратты 
қабылдауға бағытталған дағды ретіндегі тыңдалым мен оқылым.
Бағалау критерийлері аясында тілдік пәндер үшін ұсынылған сөйлеу 
әрекеттері дағдылары бойынша оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге 
сәйкес оқушылардың не істей алатыны, коммуникативтік тілдік 
құзыреттіліктері қандай мақсатта тексерілуі қажет екендігі анықталады.
2.
 
Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы 
Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы 
Критериалды бағалау жүйесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
Білім беру бағдарламасы - NIS-Рrogramme мазмұнына, пән бойынша оқу 
жоспарларына негізделген.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы - NIS-
Рrogramme оқудың әр кезеңіндегі пән бойынша негізгі ақпараттарды ұсынады. 
(бастауыш, негізгі, жоғары сынып).
Әр оқу бағдарламасының оқушының алдыңғы жылмен салыстырғандағы 
керекті білімі, түсінуі және пәндер бойынша дағдылары туралы оқу мақсатына 
жету және дамуын қамтамасыз ететін ақпараттардан тұрады.
Әр оқу жоспары бір оқу жылын қамтуға, сыныптар және пәндер бойынша 
бағдарлама мазмұнын анықтауға, барлық оқу мақсатының және байланысты 
тақырыптарды блок бойынша біріктіруге және де талаптарды қанағаттандыруға 
мүмкіндік беретін тәсілдерді көрсетеді.
Оқу жоспарының орта мерзімді жоспарлау бөлімі оқу мақсатына жету 
үшін ұсынылған жұмыс түрлерінен тұрады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасының - 
NIS-Рrogramme әр түрлі салаларының байланысы 3-суретте

көрсетілген. 


14
 
3-сурет. Бағалау жүйесінің оқу бағдарламасымен байланысы
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нормативтік және 
нұсқаулық-әдістемелік құжаттармен реттеледі: 

Білім беру бағдарламасы;

Оқу бағдарламасы;

Оқу жоспары; 

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережелері; 

Мұғалімдерге арналған критериалды бағалаудың нұсқаулығы; 

Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет