««Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үдерісін ұйымдастыру»



бет4/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,18 Mb.
#8073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5. Қорытындылау:

Тақырыбы: Өзінің жұлдызыңды тап.

Тақтағы әртүрлі түстегі және түрдегі жұлдыздар жапсырылады.

Шарты: Көздеріңді жұмып, әркім өзің қалаған қалыпты сақтап бос отырыңдар. Терең тыныс алып және тыныс шығарыңдар. Көз алдарыңа менің айтқанымды елестетіңдер.


 Түн. Аспан толы самсаған жұлдыздар! Маңай қап-қараңғы жұлдыздардың көптігі сондай қолмен ұстағың келеді. Жұлдыздардың бірі үлкен, бірі кішкентай, бірі жарық, бірі қараңғы. Біреулерің үшін бұл бір немесе бірнеше жұлдыз, ал енді  басқаларың үшін – көптеген жарқыраған нүктелер. Бұл жұлдыздар бірде саған жақындайды, бірде сенен алыстайды. Ал, сен сол жұлдыздардың ішінен өзінің ең жарық, ең әдемі жұлдызыңды таңдап ал. Ол сенің де, сенің де, ең жарық, ең әдемі жұлдызың, тек қана сенікі! Ол мүмкін сенің бала күнгі арманыңа ұқсас шығар, мүмкін саған ең бақытты, көңілді, жетістікке жеткен сәттерді есіңе түсіретін шығар. Тағы да өз жұлдызыңа сүйсіне қарап, оған қолыңды созып жетуге тырыс. Бар күшіңмен жетуге тырыс! Және сен міндетті түрде өз жұлдызыңа жетесің.Оны аспаннан алып,өз алдыңа қой,жақынырақ қарашы,ол қалай көрінеді? Түсі қандай екен? Осы ең әдемі ең жарық жұлдызды алақаныңа қой да ішіңе жұт, жүрегіңе қондыр.  Ол саған үлкен күш, қуат әкеледі. Аппақ  ақ адал жұмысты бастауға, алдағы мақсаттарыңа жетуге күш береді. Терең тыныс алыңдар, мен 5 деп санағанда көзіңді аш. 1, 2.. сен дүниедегі ең мықты, ең дарынды мұғалімсің. 3, 4 ..сенің жетістіктерге жетуге барлық күшің, жігерің де жетеді. 5. Ал енді көздеріңді ашып, тақтадағы жұлдыздардың ішінен өз жұлдызыңды тауып ал да, сүйсіне қара. Бұл жұлдыздар біздің әрбір кездесуімізде жарқырап, жылылық, мейірімділік, достық, жақсы қарым-қатынас сыйлап тұрады. Ал, кездесуден соң оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Ол сендерді табыс жолында бастап барлық сынақтар мен өмірде жетелеп бірге жүреді. Жұлдыздарға қараңдаршы олардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Олар әр түрлі біз бен сендер сияқты.

6. Сараптау:

Өз сезімдерің қалай? Бүгінгі тренинг ұнады ма?



Дөңгеленіп тұрып, бір-біріне көзбен қарап “рахмет” айту. Сау болыңыздар.









Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет