Негізгі бөлім Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#35519
1   2   3

Ас - төлем құралы және айналыс құралы ретінде

қажетті ақша саны;



Тбс - тауар бағасының сомасы;

Нт.б.с. -есиеге сатылған тауар бағасының сомасы;

Те - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

От.м.с. - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;

АР - ақша резервтері;

А - ақшаның төлем және айналыс құралдары ретіндегі айналымның орташа саны.

Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасынын айналуы мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Тс шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды; мұның себептері көп: әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болуы, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа кажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарынын орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардагы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай қаражаттардың иесі -банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазьшған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.

Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшанын қолма-қолсыз формасыньщ қолма-қол аюпаға ауысуы және бүған керісініше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.

Теориямен қатар бұл мәселенің тәжірибелік те маңызы бар. Оны дұрыс шешу ақша айналысынын екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды.

Ақша массасының құрамы сол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, Оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есеп-телемейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ-та сондай-ақ М1 -ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.

М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге М1мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорл Ас арының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М3 агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда -жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозитгер мен сертификаттарды жатқызады.

Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.

Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:

М0 - айналыстағы қолма-қол ақшалар;

М1 өзіне – М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарывдагы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккреднтивтік шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;

М2 - өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды;

М3 - М2-ге мемлекеттік займ облигацияларьш қосу.

Ақша агрегаттарынын құрылымы ақша нарығы құралдарының дамуымен өзгереді.

Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша

жүреді:


- Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен; Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;

  • Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет
    тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;

  • Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен; коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару);

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.

Осыдан ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша-несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз. Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесі көрсеткіш-терді ескереді:



  • нақты бейнелеудегі ЖҰӨ-нің болжанатып өсімі;

жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін
(жылдық ЖҰӨ номиналдық шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы. біздін жағдайымызда Д2-ге) жылдамдығы;

- жоспарланған кезеңдегі инфляциянын максималды рұқсат етілген деңгейі;

Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі, Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор,

Егер ақша массасы ақырын айналса, бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициеятінін өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды салыстырмалы турде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнк-тураны білдіреді. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстын жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс. Керісінше, ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердің жинақтауға ұмтылысын, ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсуін көрсетеді.

Сондықтан да барлық ақшалардың (ақша массасы) айналыс жылдамдыгы мен төлемдердің өту жылдамдыгын шатастыруға болмайды. Соңғысының өте жоғары болатыны сөзсіз.

Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі типтері. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттін өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қаззқстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларьш белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және ретгеу тәртіптері қамтылады.

Ақша жүйесі келесі элеметтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 тенге болып табылды.

Ақша белгілерінін түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

Валюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінін бағасы.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:

- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;

- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.

Металдык айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі биметаллизм және монометаллизмге тән.

Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:

параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;



қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;

"ақсақ" валюта жуйесі, күміс монеталар алтын белгісі

болып қалыптасты.

Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.

Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда - 1871-1873 жж., Францияда - 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 - 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 - 1875 жж. қолданылды.1

Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:



Алтын монета стандарты- оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.

Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мүнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда - 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктьщ құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.

Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.

1929 -1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстын нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотанын алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік еддердін барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардын номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінін іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымынын объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.


2.4 Ақша реформасы
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесіиін тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді. Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияга дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен камтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтын сенімі болды.

1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабысты-рылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада кағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, онын Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналасының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстагы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (казіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған және Жетісу облысынын барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарынын иелігінде мұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдін байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады.

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардын натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап "еңбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметгер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жүбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.

1921 ж. наурызда болган РКП(б)-ның X съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарыктык қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке араласуына жол берілді.

Біртіндеп еңбекакыньі акшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 ж. көктемінде акшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% кұраса, онда 1923 ж. бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.

1921 ж. қазанда Ресей Кенестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудін экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, енбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшанын алтынмен камтамасыз етілуі. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж. сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұңдағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.

1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айқалыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.

Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттін тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.



Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рублые теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажетгілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Червонецтерді эмиссиялаудын несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет еггі. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердін алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінін барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.

Сауда-саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнынын 1.04.1923 ж. - 15%, 1.07.1923 ж. - 37%, және 1.10.1923 ж. -74% кұрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекетгің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына карамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынынын жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығар-ған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.

Екі валютаның қосарлы айналысы -халық пен елдің экономика жағдайына қатты есер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді.

1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етгі. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен. тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн рубльге дейін). Бірак алтын қорының сомасы Ресей патшалығы соғысының қарсанындагы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.

5.02.24 ж. Орталық атқару комитеті (ОАК - ЦИК) және Халық Комиссарлар кеңесі (ХКК - СНК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билетгер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халық Комиссариатының қорында болған қоры жойылды. 22.02.24 ж. бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар және 1, 2, 3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақгы бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге тенесті. Қазыналық билетгердің шығарылу шамасы айналыстығы червонецгер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды.

1888ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі, болды. 1921 ж. қараша айынан бастап, ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Онын жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекетік бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестік ақша белгілерінің эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валю-таның түрактылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері, құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы -ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я. Сокольников, барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болап табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері атқара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажетгілік алтынның, тұрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жуйесінің құлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сырты сауданың дамуы ішкі айналымдагы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш ролі болды:


  1. халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;

  2. ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);

3) көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві. Червонец тарихка "алтын" деген атпен кірді, бұл жерде онын мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінін қатысы болғандықтан емес.

Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттін нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюта алу мүмкіндігі, сондай-ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуі, оған деген "сенімді" арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте тусті. 1.07.1923 ж. червонецтер елдегі ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.

3.1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша несие саясаты)
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердін банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауарақша тепе-тендік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондыктан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.



Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:


  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
    қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің калиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғалық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор -ғимаратгардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жаткызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды қорғаннан қалған бөлігі республикалык бюджетке аударылады. Ұлтгық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен Төлемдерден босатылады.



Қазақстан Республикасының Ұлггық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасьшың Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндетгер жүктеледі:



  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекетгік саясатты жасау және жүзеге асыру;

  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

- банктік және басқа неснелік мекемелердің қызметін
реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердін, салымшылардың мүдделерін қорғау.Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысьш басқару;

  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу
    және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша
    ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік
    актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп
    жүргізу және банктердін есеп беруін ұйымдастыру;

  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудін әдістерінің формаларын талдау;

  • банк ісін бақылау және қадағалау;

  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау; ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және
    тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық банктің иесиелік ресурстары мыналардың себінен құраладм:

- меншікті қаражаттары; басқа банктермен тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;



  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджетгің уақытша бос қаражаттарынан.

Ақша-несие саясаты. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік аңша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты маңсаты: ұлттық валютаның тұраңтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.



Ақша - несие саясаты — бұл айналыстан ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінін, қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикіциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақ,ша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ак, сыйақы мөлшерлемесінін, деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондыкқ ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудын, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұраңтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттың банк қатау ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйнес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

• Сый ақы мөлшерлемелерт белгілеу;

• Ен төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;



  • Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы
    бойынша ашық парықтағы операицияларды жүргізу;

  • Банктерге және үкіметке несиелер беру;

  • Валюталқ нарықта интервенциялау;

• Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:


  • ресми қайта қаржыландырд мөлшерлемесі;

  • ресми есептік (дисконттық) мәлшерлемесі;

-РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сьшақы мөлшерлемесі;

-«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;


-күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында ұолданылады. Ресми есептік (дисконттың) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлемес болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздың мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйаңы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мелшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сьшақы мөлшерлемесі — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяңдауы барысында бір түнге берілетін эаемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сьшақы мөлшерлемелері Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша тәлем жургізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 5- кестемен беруге болады.

5-кесте

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
пайыздар, кезең соңына




Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері

12.2000 ж.

12.2001 ж.

.

12.2002 ж.

1.

2.


3.

4.


Қайта қаржыландыру

Есептік (дисконттық)

Овернайт займдары бойынша

РЕПО операпиялары бойынша,

оның ішінде:

овернайт

1 жұма

2 жұма


14

12,5


20

-

6,5



5,5

9

8

12



5

5

5,5



7,5

8

9



5,5

5,5


5,5

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарың бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экопомиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

2003 — 2005 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 6-кестеде беріледі.
6-кесте

2003—2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі

көрсеткіштерінің болжамы




Керсеткіштер

2002 (бағадау)

2003

2004

2005

1.

2.


3.
4.

Инфляция

жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру

жылдың соңына

Алтын-валюта резерві

млн АҚШ доллары

өзгерістер, %

Ақша базасы

млрд теңге

өзгерістер, %


6
7,5


3008

16
207

18,1

4-6
6-7


3355

11,5
237

14,8

4-6
5-6,5


3541

5,5
268

12,9

3-5
4,5-6


3673

3,7
304

13,9


6-кестенің жалғасы






Керсеткіштер

2002

(бағалау)

2003

2004

2005

5.

6.


7.

8.
9.



Ақша массасы

млрд теңге

өзгерістер, %

Банк жүйесіндегі резиденттердін депозиттері

млрд теңге

өзгерістер, %

Экономикаға беретін банктің несиелері

млрд теңге

өзгерістер, %

Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

707


22,7
544

22,3
439

58,8
13
17,5

865


22,4
671

23,3
571

30,1
11,0
16

1008


16,6
788

17,4
718

25,7
9,0
15

1168


15,9
910

15,5
866

20,8
7,5
13,5

6-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 — 2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты 2003 — 2004 жылдары орта жылдық инфляцияны 4 — 6 % және 2005 жылы 3—5% шегінде ұстау.

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004 — 2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылы аяқталады деп күтілуде.

Осы жылы Ұлттық банк Процессингтік орталың базасында «Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуда.

Банк секторы саласында ұлттық банк тәуекелдері басқару жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.



Ұлттық банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

2003 — 2005 жылдары Ұлттық банк қаржы есебінің халықаралық стандартына өтуді көздеп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет