Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата27.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#188856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Педагогикалық-тәжірибе-нәтижелері-бойынша-оқу-әдістемелік-басылымдарды-әзірлеу
gramotnost-chteniya
 



КІРІСПЕ 
 
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінде білім беру 
философиясы мен әдіснамасының басым бағыттары, педагогтердің 
біліктілігін арттыру және үздіксіз әдістемелік өзін-өзі дамыту нысандарын, 
әдістерін, құралдарын іздеу, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін 
әзірлеу айқындалған. 
Мұғалімнің жеке және кәсіби өсуі ғылыми-зерттеу қызметін қамтиды, 
оның барысында ол шығармашылық тұлға ретінде дамиды. Қазақстан 
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі 
[1] білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу болып табылады, 
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді дербес, ұтқыр, түрлі жағдаяттық 
міндеттерді шешуге дайын болуға, ұлттық құндылықтарды бағалауға және 
сақтауға ол қамтамасыз етеді. Зерттеу ізденісінде жұмыс істейтін, білім 
берудің жаңа мазмұнының талаптары тұрғысынан сабақты сауатты 
құрастыратын педагог оқушылардың білім сапасының генераторы болып 
қала береді. 
Мұғалімнің практикалық жұмысы ғылыми негізде талдау жасау, ол 
қолданатын әдістерді шығармашылықпен түсіну, ақпаратпен жұмыс істей 
білу, білім берудегі жаңалықтар туралы оның қызметінің ғылыми – 
әдістемелік 
деңгейін 
жоғарылатады. 
Жеке 
және 
шығармашылық 
мүмкіндіктерді оңтайлы қолдана отырып, жаңартылған білім беру мазмұны 
жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың басты бағыты 
оның қызметінің ғылыми – зерттеу аспектісі болып табылады. 
Қазіргі уақытта педагогикалық қоғамдастықтың назары оқытылатын 
пән әдіснамасы саласында ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуді және 
сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру, инновацияларды енгізу қажеттілігіне 
аударылды. Педагогикалық ұжымда білім беруді дамытудың қазіргі 
кезеңінде ғылыми – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, кәсіби өсудің 
дамуын басқару, ең алдымен, өзін – өзі тәрбиелеудің жоспарлары мен 
нәтижелерін, бағдарламаларды, оқу – әдістемелік кешендерді, әдістемелік 
құралдарды, ұсыныстарды және оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың 
басқа құралдарын әзірлеуді қамтиды. Педагогтер білім беру ұйымдарының 
оқу – тәрбие процесіне тиімді білім беру технологияларын, әдістерін 
апробациялауға және енгізуге бағытталған тәжірибелік – эксперименттік 
алаңдардың жұмысына белсенді қатысады. Сондай-ақ, педагогтер 
оқушылармен пәндік олимпиадаларға дайындық бойынша, ғылыми 
жобалармен жұмыс істейді. Педагогтің зерттеушілік, шығармашылық 
қызметінің нәтижесі ретінде оқу – әдістемелік материалдарды әзірлеу 
педагогикалық тәжірибені таратудың ең өзекті түрі болып табылады. 
«Педагогикалық тәжірибе нәтижелері бойынша оқу – әдістемелік 
басылымдарды әзірлеу» әдістемелік ұсынымдары кәсіби шеберлікті одан әрі 
жетілдіру үшін тәжірибе мен жетістіктер нәтижелерін рәсімдеу кезінде білім 
беру мазмұнының жаңа форматында жұмыс істейтін білім беру 



ұйымдарының педагогтеріне арналған. Әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған 
негізгі ұғымдар, пайдалы ұсыныстар, оқу – әдістемелік басылымдарды 
әзірлеу бойынша жадынамалар, педагогикалық тәжірибе портфолиосына 
арналған үлгілер тәжірибені жинақтайтын педагогтер үшін пайдалы болады. 
Осы әдістемелік ұсынымдардың материалдары педагогтерге өздерін 
тұлға ретінде, өз кәсібінің шебері ретінде, мамандық бойынша мұғалім 
ретінде неғұрлым айқын, жүйелі және сенімді түрде таныстыруға мүмкіндік 
береді деп үміттенеміз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет