Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата27.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#188856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Педагогикалық-тәжірибе-нәтижелері-бойынша-оқу-әдістемелік-басылымдарды-әзірлеу
gramotnost-chteniya
Әдістемелік ұсынымдар 

 
бұл әдеби көздер, зерттелген және 
жалпыланған жұмыс тәжірибесі немесе арнайы жүргізілген зерттеулер 
негізінде оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарын 
басқарудың 
өзекті 
мәселелері 
бойынша 
қысқаша 
және 
нақты 
тұжырымдалған ұсыныстар мен нұсқаулар кешенін қамтитын әдістемелік 
басылым. Әдістемелік ұсыныстарда негізгі бөлімнің бірінші тармағы – 
теория, қалғаны – практика. Әдістемелік ұсынымдардың мазмұнына 
проблеманы/тақырыпты, пәнді және т.б. зерделеуге қажетті уақытты 
жоспарлау және ұйымдастыру бойынша кеңестер; оқу-әдістемелік кешен 
материалдарын пайдалану бойынша ұсынымдар; әдебиеттермен жұмыс 
бойынша ұсынымдар; сабақтарға, емтихандарға дайындық бойынша 
кеңестер; үй тапсырмаларын орындау бойынша түсініктемелер кіреді. 
Жинақ 

 
сабақ жоспарларының, сыныптан тыс іс

шаралардың, 
педагогтің бағдарламасына сәйкес жүйеленген тақырыптардың жүйелі 
жинағы. Диктанттардың, тесттердің, оқу пәндері бойынша тапсырмалардың, 
әндердің және т.б. жүйелендірілген жинақтары, педагогтің зерттеу 
қызметінің нәтижесінде сынақтан өткізген іс

шаралар ғана кіреді. 
Оқу

әдістемелік нұсқауларда
нақты тұжырымдалған ұсыныстар, 
зертханалық және практикалық сабақтарды орындау, практика мәселелерін 
шешу бойынша нұсқаулар, оларды орындау мысалдары бар практикалық 
тапсырмалар қамтылады. 
Жұмыс дәптерінде
оқушының оқу пәнін игерудегі өзіндік жұмысына 
ықпал ететін арнайы дидактикалық аппарат жазылады. 
Хрестоматия
– пәннің оқу нысанын құрайтын әдеби

көркем, тарихи 
және басқа да шығармаларды немесе олардан үзінділерді қамтитын оқу-
әдістемелік басылым. 
Оқу

көрнекі құрал
оқуға, оқытуға немесе тәрбиелеуге көмектесетін 
материалдарды (картографиялық құралдар, атластар, альбомдар және т.б.) 
қамтитын оқу құралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет