Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет16/56
Дата22.05.2018
өлшемі6,79 Mb.
#40605
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56

Жамандык неден болады?

Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты, бұл кісіден аң, құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесіп: «Осы дүниеде жамандық не себептен болады?»— деп бірнен бірі сұ­райды.Сонда қарға айтыпты:

— Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарай-
ған соң, не болса соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы
ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлд1. Сондықтан
аш болмаудың қамын ойлау керек,— деді. Көгершін айтты:

—Менің ойлауымша, жаманшылық аштықтан емес, сүйіс


пеншіліктен болады. Егер де біз жалғыз болсак, біздің жұмы-
сымыз аз болар еді, біз екеу-екеуден тұрамыз. өзіңнің жар жол-
дасыңды жақсы көрген соң, саған тыныштық жоқ. Оның тамағын
тоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың. Және де ол бір жаққа ұшып
кетсе, аман-есен келгенше тыныштығың кетіп, кайғы жеп бола-
сың. Келмей калса, іздеймін деп өзің бір нәрсеге ұшырап өлесің.
Сондыктан жаманшылықтың бәрі осы сүйіспеншіліктен бола­
ды,— деді. Жылан айтты:

— Меніңше жамандық ызақорлықтан болады. Егер де біз


тату тұрсақ ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер
еді. Егер де бір нәрсең көңілдегідей болмаса, бек қатты ашула-
насың. Ашу кезінде ешкімді аямайсың. Біреуді шақсам екен деп
жорғалай бересің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін, ол өзіңді
өлтіреді. Міне, жамандық ызақорлықтан болады,— деді.Бұғы айтты:

— Меніңше дүниедегі жамандық қорқактықтан болады. Егер


де біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар
еді. Мен жүйрікпін, күшім көп, кішкентай аңдарды мүйізіммен
сүзіп кұлатамын, үлкен аңнан қашып құтылам. Бірақ нашар-
лык. қорқақтық ағаштың бұтақтары сыбдырласа, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып жардан құлап өлсең, итке жем боласың. Сондықтан қорықпау керек, батыр болу керек,— деді. Сонда баяғы тыңдап отырған кісі айтты:

— Сіздер бәрің де жамандықты не себептен болатынын дұрыс айттындар. Біз адам баласы оны жақсы білеміз, неге десеңдер біз жамандықты да, жаксылықты да көп істейміз. Аштык, сүйіспеншілік, ызакорлық, қоркактық — бәрі де біздің тәнімізді сактау үшін керек. Бірақ біз тәнімізбен тіршілік етпейміз, көбіне жанымызбен тіршілік етеміз. Егер де біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күшіне қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік,— деді.




Алақол


Нарын кұмында әрі іс зергері, әрі сөз зергері атанған Құсайын деген қарт болыпты. Бір туысқаны көнерген самауырын әкеліп: «Шебер алақол болатын: адал хақын беремін, сен де адал істегейсің»,— дейді

Сонда Қусайын:

— Молдеке-ау, шебер ғана емес, өмірде уш турлі алақол бар ғой. Әуелі құдай алақол. Солай демей не дейін, бір әке, бір шешеден туған сені әрі бай, әрі оқығаны көп молда қылып жаратты да,інің Сұпалдиярды бақ-дәулеттен жұрдай, жат есіктің жалшысы етті. ЕК1НШ1, молда алакол. Аз берсе сақалының ұшынан сипап, көп берсе екі алақанымен қос қолдап сақалыңды уыстап тұрып бата бересің. Осыларды көрген шебер алақол болмай қайтсін,— депті.

Жүйелі сөз осылай жүйесін тауыпты.






Қалтақбастың қиялы

Бір қалтақбас адам жалғыз жұмыртқа тауып алыпты да, жұмыртқаны алақанына салып, аялап отырып ойлапты. Бұл жұ-мыртқаны байдың бикешіне тартсам, ол маған бір тоқты берсе, тоқтыны қойға қоссам, ол қашып, , қозылы қой болса, қозылы қойды айырбастап, бір тайынша алсам, тайыншам қашып бұзаулап, бұзаулы сиыр болса, оған бір байтал алып, ол құлындап, құлынды бие болса, биемд1 боталы түйеге айырбастасам, оны Тайболатқа берсем, ол маған қарындасын берсе, қалыңдык ойнап қайныма кеп, төс жеп, төсек салынса, тундік жабылса, шайы көрпе, атлас шымылдықтың ішінде отырғанымда, жеңгелерім қалыңдығымды әкелсе, қалындығымды:

—Ап!—деп ұстай алсам дегенде, қолы қалтырап кетіп, алақанындағы жұмыртқа жерге түсіп, жарылып қалыпты.

Құрғақ қиял құрдымға кетті дейтін осындайдан болса керек



Қызғаншақтың сазайы


Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 76-б
Бір дәуріш күнде ерте патшаға барып, оған тиісті кеңесін беріп, онысы үшін шамалы ақы алып тұрады екен. Мұны білетін көршісі дәуріштің көзін жойып, ақыны өзі алып тұрмақ болады. Ертеңінде дәурішті патшаға жамандап ойының теріс екенін дәлелдеп бағады. Ақырында: «Сөйлеген сәтте жүзін бұрып отырса,ойында арамдық болғаны, сондықтан өлтіргеніңіз жөн» ,- деп кеңес беріпті. Үйіне дәурішті шақырып сарымсақтан жасалған тамақты қояр да қоймай жегізіпті. Шығатын жағымсыз иістен қорғанған дәуріш бетін бұрып сөйлесе, патша шыны сезіктеніпті. Оны өлтіру туралы жарлықты жазып, қолына беріп тұрып: «Осыны уәзірге берерсің»,- депті. Сарайдан аман-сау, қолында хатымен шыққан дәурішті көріп, тағы сыйлық болар деген оймен күншіл көршісі хатты сұрап алып, уәзірге алып барыпты. Хатты оқыған уәзір оны табан астында өлтіртіпті.

Достық

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

– Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.

– Дұрыс-ақ. Енді қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.




Қанағат


Ертеде бір адам адал еңбек жасап, азға қанағат етіп баюды ойлапты. Өзге қалаға барып бір байға жалданып жұмысқа тұрыпты. Ол алатын ақысын да келіспей-ақ бір жыл жұмыс істепті. Ақысын сұраса, бай бес тиын бақыр ақша беріпті. Жігіт еліне қайтарда өзеннен өтеді екен. Киімін шешіп қолына алғанда, бақыр ақша суға түсіп кетеді де, жігіт таба алмай қалыпты. Үйіне құр қол қайта алмай, сол байға қайта бір жыл жұмыс істеп, тағы дәл сондай еңбекақы алыпты да, үйіне қайтыпты. Жол үстінде қолында мысығы бар жігіт кездеседі. Бес тиынын беріп, мысықты сатып алыпты. Еліне келсе бір аждаһа пайда болып, алдында тұрғанды жайпап жеп, таптап, құртады екен. Қашып құтылудың өзі қиын болыпты. Сол елдің басшысы тажалға қарсы еш нәрсе жасай алмай, амалы құрыпты. Көп ұзамай-ақ жаңағы сойқан жан алғыш жігіттің алдынан шығады. Сонда мысық аждаһаны амалын тауып өлтіріпті. Мұны естіген қалабасы мысықты сатуын талап етеді. Құтыла алмасын білген жігіт ақысына қызын, өзінің салмағындай алтын, ерекше сарай салып беруін сұрайды. Сұрағанмен, бере қоймас деген ойда болады. Қала қожасы сұрағанын түгел беріп және өзіне орынбасар етіп тағайындапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет