Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


СҰЛХАН САБА ОРБЕЛИАНИДІҢ ӨСИЕТТЕРІ



бет60/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   292
СҰЛХАН САБА ОРБЕЛИАНИДІҢ ӨСИЕТТЕРІ
(Үзінділер)
Өз жақындарына құрметпен қарап, тіпті жасы кішілерге де ілтипат танытатындардың қай-қайсысы да қарапайым әрі сабырлы болып келеді.
Тек туғандарың мен достарыңды ғана емес, жат жандар мен жауларыңды да, барлық адамдарды бөлінбей де жарылмай, өзгермей де құбылмай шын жүрекпен жақсы көр.
Егер кімде-кімнің жолы болмаса, жоқшылыққа ұшырап, жағдайы нашарласа, барлық адамдар оған қол ұшын беруі тиіс, себебі ол – мейлі кедей болса да, Адам ата мен Хауа ана кіндігінен жаралған өзің сияқты пенде баласы.
Егер бөгде және бейтаныс адам келіп есігіңді қақса, оны сәлемдесе қарсы алып, оң қабақпен қабылдағаның абзал: біріншіден, қонақжайлылық көрсеткенің; екіншіден, жат та болса жақыныңды - өзіңдей Адам ата перзентін үйге кіргізесің; үшіншіден, әлсіз де мұқтаждың көңілін көтересің; төртіншіден, ашыққанды тойдырасың; бесіншіден, шөлдегеннің сусынын қандырасың.
Сабырсыздық әке-шешеңді сыйламауға итермелейді; жек көрушілік адамға қол жұмсатып, кісі өлтірер қатыгездікке бастайды; ұрлық-қарлық та, тонаушылық та соның кесірінен болады; адамгершілік қасиеттер жұтайды – азғындық пен арсыздық белең алады; байыпсыздық жалғандыққа, күншілдікке, жақыныңның жақсылығын, көршіңнің игілігін қызығып-қызғануға үйретеді. Мұндай жұғымсыз жанның адамдар арасында қадір-қасиеті болмайды, алда-жалда бедел-билікке ие болса, өз ашу-ызасына бой алдырып, жан-жағындағыларды жайпайды. Ондай жан өзіне өзі жау және адамдарға пайдасы шамалы.
Адамдардың ұнамды да жағымды сөйлеу білігі болуы керек, олардың ауыздарынан жаман сөз шықпауы тиіс, өйткені былапыт адамның жанын ластайды, ақыл-санасын түршіктіреді.

*** *** ***


Жолдас – ол қорғаның, сарқылмас суың, биік мұнараң, алынбас қамалың!
Жолдас – тарқамас той-думаның, қай дастарханыңның да көркі, көңіліңді көркейтер қуанышың!
Жолдас – жаныңның жарығы, көзіңнің қарашығы, қолдарыңның қуат-күші және сенімді қорған-тылың!
Жолдас – жауыңның алдындағы мысың, жақыныңның алдындағы үмітің, бөтеннің алдындағы жақтасың, ғалым болсаң – қызметші құлың!
Жолдас – жалғызға үн қосар, көпке күш қосар, азға сүйеу болар жан!
Жолдас – қиындықта қол ұшын береді, ауырғанда дәруішің болады!
Алыстан келе жатқан жолдасыңды алдынан шығып, қол қусырып қарсы ал, ештеңеге тарылмай, «Менікі болсыншы!» деп сұрағанының бәрін бер, тілегін қабыл ет!
(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. 4-том: Жаңа дәуірдегі педагогикалық ойлар (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.)/Жетекшісі Қалиева К.М.- 384 бет. 350-352 - беттер.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет