Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір қай ай?
– Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін біз ата мен әжеге қонаққа барамыз.
Киіз үйдің макеті, ұлттық киімдер (немесе суреттер) қолданылады.
Ата және әже қуыршақтары.Сәлемдеседі.
– Ата не киген? (Жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіреді).
Педагог ұлттық киімдер атауымен таныстырады ( ұлттық киімдер немесе суреттер).Балалрға сұрақ қою арқылы ұлттық киімдермен таныстыру.
– Мынау – шапан.
-Мынау – көк шапан.
-Мынау қандай шапан?
-Мынау – көк шапан.
– Ата шапан киді.
– Ата не киді?
– Ата шапан киді.Кел жаттайық бірге.«Киім – бұйым»
Бір дегенім – бөрік,
Кисең береді көрік.
Екі дегенім – етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім – тымақ,
Қыста кисең, жылы-ақ.
Бес дегенім – байпақ,
Іші жылы, жайпақ.
3.Қоршаған ортамен танысу- танымдық, еңбек. Тақырыбы: Менің мекен-жайым
ҰІӘ мақсаты: Туған жерінің табиғатының бірқатар артықшылықтарын атай алуы. Өсімдіктерінің түрлерін атап бере алады. Тұрғылықты мекен-жайын білу және көрнекті жерлерін атай алу.
Күтілетін нəтиже:
Біледі:Туған жері туралы.
Түсінеді:Туған жердің табиғаты туралы .
Қолданады: Өзі тұратын көше,ауылы жайлы әңгімелейді.
Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту,есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану. Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді. Қайырлы күн!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін !
Балалардың қала туралы, мекен-жайы туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беру. Балаларға табиғи аймақтағы құрастыру Қазақстан картасын ұсынады. Біздің Еліміздің картасына қараңдаршы. Жеріміз өте үлкен. Біздің туған-туысқандарымыз еліміздің әртүрлі жерлерінде тұрады. Сол туысқандардың қай қалада, қай ауылдарда тұратынын айтып беріңдерші? Олар бір-бірінің өмір тіршіліктері туралы қалай біледі? «Туған өлке» тақырыбында бейнефильм көрсетеді. Туған жер, Отан деген – адамның туып-өскен жері. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырсыңдар. Отан – отбасынан, туған қала, ауылынан басталады. Отаным деп Қазақстан елін, туған өлкем деп туып-өскен жерін – (әркім өзінің туған жерін айта алады