Фонетикалық жаттығулар Мақсаты:Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.
1.Баудағы кім? Ара болсаң, ызыңда
З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж Жұмыс істе, тығылма.
- Ара қалай дыбыстайды?
(з- з-з) - қатты\жай
2.Жыланның ысылы.
Жылан қалай дыбыстайды?
Ыс-с—ыс-сссс....
3.Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.
Артикуляциялық жаттығулар: Ойын:« Часы» «Сағат» Мақсаты:Тілдерінде артикуляциялық кемістігі бар балалармен үзбей күнделікті жасау арқылы біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз. Сабақ үстінде, ойын кезінде қадағалап балалардың тілін дұрыс дамуына бағыт беру.Ата – аналармен бірлесе қарым – қатынас жасай отырып ортақ мақсатымызға жетеміз.
• «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
• «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Дәмді тосап» Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.