Күтілетін нəтиже:
Жасайды:күздің келуімен табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;
Түсінеді:өсімдік тіршілігі маусымдық өзгерістерге тәуелді болатынын дәлелдей алады;
.Қолданады:бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады
Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту,есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану.
Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңін оқиды.
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын,
Алақай-ау, күн жақын!
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Бақылаушылар кімдер екенін еске түсірейікші. (Бақылаушы – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын арнайы танып білуші адам). -Ал бақылау дегеніміз не?
Бүгін біз сендермен бақылауға тағы бір қадам жасағалы отырмыз. Біздің
сабағымызда әңгіме не жайлы болады деп ойлайсыңдар?
|
2.Көркем әдебиет- коммуникативтік,танымдық әрекет
Тақырыбы: Шаруа мен аю
(орыс халық ертегісі)
ҰІӘ міндеттері: Ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтау, қисынды мазмұнының жүйесін сақтай отырып айтып беруге үйрету. Ертегіні әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдану, еңбек дағдыларын дамыту. Ертегі арқылы балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, ертегінің ерекшеліктеріне көңіл бөледі;
Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді;
Қолданады: мазмұнының жүйесін сақтай отырып, ертегіні айтып бере алады. Дағды: зейін мен логикалық ойлауды дамыту,есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану.балаларға жұмбақ жасырады:
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. Ол не? (Аю)
Балалар, бүгін «Шаруа мен аю» орыс халық ертегісімен танысамыз. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі екенін түсіндіру.
Балаларға ертегіні толық оқып, мазмұнын түсіндіру.
Қызылша жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады.
Ал бидайдың дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан нан түрлері дайындалады. Сөздік жұмыс: Шаруа – жерді баптап, күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.
Соқа – жер қазатын құрал.
Орман маңы – орманға жақын жер. Сұрақ-жауап
Ертегі қалай аталады? Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
Шаруаға не келді? Аю шаруаны қалай қорқытты? Олар неге келісті?
Шаруа не екті? Аюға қай жағын берді? Келесі жылы шаруа не екті?
Аю нені білмеді?
|