ҰОҚ-і және тәрбиесін ұйымдастырудың циклограммасы. Мектепалды даярлық Тәрбиеші: Н. Ақтай



бет9/21
Дата09.10.2024
өлшемі480,83 Kb.
#205947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Қыркүйек-Қазан1 апта

Әдістемелік нұсқау.
1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.
2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.
3. Тіл оңға - солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.
4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя - пя - пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.



3-ші ұйымдастырылған іс-әрекеті




3. Қазақ тілі - коммуникативтік әрекет
Тақырыбы:Жидектер
ҰІӘ мақсаты:қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.Сөздерді байланыстырып сөйлемдер құрауды дағдыландыру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Диалогке қатысуға үйрету.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Сұраққа толық жауап бере алу дағдыларын және артикуляциялық аппаратты дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, сөздерді сөйлемдерде байланыстырады, диалогке қатысады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: жаңа сөздерін сөйлем құруда қолданады.
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен көгөністер мен жемістер алып кіреді.Балалармен «Кім жылдам?» ойынын ойнайды. Екі себетке көгөністер мен жемістерді бөліп салу, атап және сипаттау.Дидактикалық ойын: «Күз сыйы». Себетте жемістер, көгөністер және жидектер бар. Педагог жемістер мен көгөністерді бір-бірлеп алып қайталау, жидектермен таныстырады.
-Мынау қандай жеміс?
-Ол – өрік. Өрік дәмді.Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Қ- қ-қ- қа-ра-қ-қат.
Ұ-ұ-ұ- құ-ұ-л-пы-най
Ң-ң-ң-таң-ң-қу-рай.
«Дүкен» ойыны. Балалармен қима материалдарды қолданып, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалог құру. Жидектер, жемістер, көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Жидектерді тап және ата. Қызыл түспен белгіле.
Жұмбақты жаттап ал.
Жапырақты тасалап,
Өскен жері – бау-бақша,
Күрең қызыл, шіркін-ай,
Жидектің аты – ... (құлпынай)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет