3Шығармашылық , бейнелеу әрекеті. (сурет салу – шығармашылық,коммуникативтік, ойын әрекеті) Тақырыбы:Үлпілдек мысық
(сәндік )
ҰІӘ мақсаты:Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу.
Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай
қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер: жасайды: жануарды бейнелеу үшін негізгі геометриялық формаларды қолданады
түсінеді: жануардың сипатты нышандарын (сопақ дене, дөңгелек бас, үлпілдек тері) жеткізеді;
қолданады: мысықтың сыртқы нышандарын жеткізу үшін дәстүрлі емес сурет салу тәсілін қолданады;Педагог пен балалар шеңберге тұрады. Қайырлы таң, қымбатты балалар! Бір-бірімізге жымия қарап,күлкі сыйлайық.
(Ұ) Балаларға жабық себет әкеледі. Балаларға онда не тығылып қалғанынтабуды ұсынады. Сұрақ-жауапойынын ойнайды: Балалар сұрақтарқояды. Педагог тек қана «Иә» не
«Жоқ» деп жауап береді. Мысалы:Бұл тірі ме? – Иә. Бұл жануар ма? –Иә. Орманда өмір сүре ме?
– Жоқ.,т.б.Балалар тапқаннан кейін педагог ойыншық мысықты алып шығады.Оны қарап шығып, оны сипаттаудыұсынады (үлпілдек, сұр, жасыл көзді, т.б.), неліктен үй жануарларын сүйікті жануарлар деп атайды?Мысықтың нобайын саламыз – екі шеңбер, бір-бірінің үстінде, бір-бірімен біріккен. Бұлар – басы (кішірек болуы керек) және денесі (көлемі үлкенірек). Аяқтарын қосамыз – екеуі алдында, бір-бірімен қатар және екеуі екі шетінен көлбеу. Міндетті түрде құлақтар – бастың үстіне екі үшбұрыш, құйрығы жанынан. Енді беті мен мұртын салу
керек. Мысықтың мұрны, көздері мен жақтарының қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынына қараңдар. Мұртты қалай салуға болады? Оны екі шетінен бірдей етіп салу керек.
Ең қызықты жеріне кірісеміз, қазір мысығымызды үлпілдек етіп жасаймыз. Қылқаламды суға батырамыз да, мысықтың бейнесін толықтай сумен бояймыз. Қағаздымқыл болуы керек.Балалардың салған суретінен көрме өткізу
«Үлпілдек мысық»