Түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі баланың қажеттіліктерін ескеріп, білім беру процесін жеке және саралау арқылы жүргізіледі.
- аймақтық ерекшеліктерді;
- балалардың жастарын;
- мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.
Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны №1 Педагогикалық кеңесте қарастырылады және бекітіледі.
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда:
Мектепке дейінгі ұйымда педагог-мамандар бар болған жағдайда, олар Перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрайды, нақты жас тобының Перспективалық жоспарында педагог-маманның жоспарына сілтеме жасалады. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады.
Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, серуен, балалардың үйге қайтуы, процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру.
Күн тәртібі, Перспективалық жоспар, Циклограмманың құрылымы әрбір топқа мектепке дейінгі ұйымның №1 Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |