|
|
бет | 11/29 | Дата | 20.07.2020 | өлшемі | 286,49 Kb. | | #63372 | түрі | Бағдарламасы |
| Параграф 5. I -жарты жылдық
56. Тілдік емес дыбыстау:
екі буынды ырғақтарды дәл айту (Тата, таТА);
есту және естіп-көру негізінде 3-4 дыбыстаулардың санын анықтау;
есту арқылы таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбыстауларын ажырату;
есту арқылы дыбысталу темпін ажырату (шапалақ ұру, ритмді қағу, дабыл қағу);
ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлаққа);
баланың немесе педагогтің дауыспен, қимыл – қозғалысымен нені бейнелеп, көрсеткенін табу.
57. Тілдік дыбыстау:
дыбыс қатарынан дауысты дыбыстарды бөлу;
дыбыс қатарынан дауыссыз дыбыстарды бөлу;
есту арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындау;
есту арқылы толық сөздерді тану;
есту арқылы сөз тіркестерін тану;
есту арқылы дыбысқа еліктеулерді, былдыр сөздерді тану;
қарама-қарсылық (контраст) принципі бойынша дауысты дыбыстарды ажырату;
артикуляциялануы бойынша ұқсас дауысты дыбыстарды ажырату;
есту арқылыдыбысқа еліктеулерді, былдыр және толық сөздерді айыру (2-3 таңдау бойынша);
есту арқылы 2 таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін табу;
ашық буында артикуляциялануы бойынша ерекшеленетін дауыссыз дыбыстарды ажырату;
дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясы (жалаң құлаққа);
буынды бірқатардан бір буынды бөлу.
58. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;
буын, сөз, (сөздің бөлшегі) ұғымдарын меңгеру және осы түсініктерді пайдалану білігі;
әр түрлі темпен, түрлі қимылдардың сүйемелдеуімен буындарды айту.
буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
еліктеу арқылы дауыс биіктігін өзгерту;
эмоциялық жай-күйлерді, адамдарға тән мінездерді, жануарлардың қылықтарын ұқсатырып көрсету;
әр түрлі сезімдерді тек дауыспен емес, мимикамен, дене қимылымен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;
еліктеу арқылы қалыпты, жоғары, төмен дауыс биіктігімен дауысты дыбыстар мен буындарды айту;
І концентр бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды айту;
фонетикалық ырғақтықтың көмегімен айту темпін өзгертіп қалыпты, тез және баяу қарқынмен буындарды айту;
екі сөзден тұратын сөз тіркестерін айту;
фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды бірге қосып айту;
сөздік екпінді сақтау;
көру арқылы екі, үшбуынды ашық буындардан тұратын сөздерге ырғақтық сипаттама беру білігі;
берілген дыбысқа сөздер таңдау білігі.
Сөздік: Қатты сөйле (айт). Ақырын сөйле. Мен қалай айттым? – Ақырын. Тез. Баяу. Қонжықты көрсет. Көжекті көрсет. Қанша дыбыстау? – 3. Қайтала. Мен сияқты жаса. Не дыбысталды? Дауыс, дабыл, дауылпаз, сыбызғы, ысқырық, металлофон, шарманка.
59. Күтілетін нәтижелер:
екі буынды ырғақтарды дәл айтады (Тата, таТА);
әр түрлі темпен, түрлі қимылдардың сүйемелдеуімен буындарды айтады;
сөздегі екпінді буынды сақтап айтады;
есту және естіп-көру арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындайды;
дауыс биіктігін өзгертеді;
эмоционалдық жай-күйлерді, адамдарға тән мінездерді, жануарлардың қылықтарын ұқсатып көрсетеді;
әр түрлі сезімдерді көрсетеді;
қоршаған ортағы дыбыстарды таниды;
қысқа сөз тіркестерін естіп таниды (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
есту арқылы толық сөздерді, сөз тіркестерін таниды;
есту және естіп-көру негізінде шамамен 3 дыбыстаудың санын анықтайды;
бір дем шығаруда 2-3 толық сөздерден тұратын сөз тіркестерін айтады;
есту арқылы дыбысқа еліктеулерді, былдыр және толық сөздерді ажыратады (2-3 таңдау бойынша);
есту арқылы 3-4-тен таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін ажыратады (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
есту арқылы дыбысталу темпін ажыратады (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
баланың немесе педагогтің дауыспен, қимыл – қозғалысымен нені бейнелеп, көрсеткенін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|