Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет2/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Тіл дамыту
10. Арнайы білім беру саласының «Қатынас» түзету компонентінің базалық мазмұны –топтық ұйымдастырылған оқу қызметінде «Тіл дамыту» сабақтарында жүзеге асырылады. Бағдарламаның мазмұны – мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын жеңуге септігін тигізеді, тәжірибе жүзінде толыққанды қарым-қатынас жасау және қоғамға кіріктіру үшін коммуникациялық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

11. Бағдарламаның мақсаты - ақыл-ой мен коммуникативті қызметтің негізгі компоненттерінің бірі ретінде сөйлеу тілін дамыту; тілдің базалық құндылықтарын (заңдылықтарын) игеру; мәдени-әлеуметтік өзара қатынас және қоршаған ортамен вербалды (ауызша) және вербалды емес (ауызша емес) құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасауды қалыптастыруға дайындау.

12. Бағдарламаның міндеттері:

1) ересектер және құрдастарымен тілдесуде сөйлеу тілінің вербалды және вербалды емес түрлерін дамыту;

2) нақты сөйлеу жағдайында әр түрлі қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді дамыту;

3) сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, дактилдеу, естіп-көру түйсігі);

4) сөйлеу тілі арқылы өз әрекеті мен мінез-құлқын реттеу біліктерін қалыптастыру;

5) күнделікті қарым-қатынаста және арнайы ұйымдастырылған сабақтарда тіл мәдениетіне тәрбиелеу;

6) тілдік қабілеттерін дамыту: ауызша сөйлеу тілін қабылдаудың сенсорлық негіздері; ересектердің заттық және сөйлеу іс-әрекеттеріне еліктеу; тілдік қатынаста кез келген игерілген сөйлеу әрекеті мен құралдарды қолдана білу; мағынасы белгілі сөздерді ауызша, жазбаша, дактильмен сәйкестендіру; сөйлеу түрлерінің ұқсас тұстарын таңдап қолдана білу.

13. Тіл дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:

1) Қатынас.

2) Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну.

3) Айтылым.

4) Оқылым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет