Параграф 5. I -жарты жылдық
33. Тілдік емес дыбыстау:
дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету (мұнда, ана жерде);
ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату;
қарама-қарсы сипаты бойынша ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату (ысқырғыш-дабыл);
есту-көру арқылы ұсынылған тілдік емес дыбыстауды ажырату;
ара қашықтығы тұрақты арттырылған дыбыстауға деген реакциясы;
тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы: шу және қоршаған ортағы дыбыстар, музыка, ән шырқау, жануарлар дауыстары;
музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларға деген реакциясы, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыстармен дыбыс тіркестерін айту;
музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларды, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыс ырғағымен дыбыс тіркестерін дәл айту;
тілдік емес дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.
34. Тілдік дыбыстау:
естіп-көру және есту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау;
есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту;
дыбысқа еліктеулерді дәл көрсету, естіп-көру және есту арқылы айыру;
есту және естіп-көру арқылы былдыр және толық сөздерді айыру;
ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы: ПА-ПА-ПА-ПА, ПУ-ПУ-ПУ, ПИ-ПИ-ПИ-ПИ үлгідегі сөз тіркестері (дыбыс күшейткішпен және жалаң құлаққа);
тілдік дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.
35. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;
дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы);
дауысты және дауыссыз дыбыстарды қоюда қолдануға болатын фонетикалық ырғақтық қимыл-қозғалыстары пайдалану;
дыбыстар мен буындарды қысқа және ұзақ айту;
фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту;
сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау;
фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту;
ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлесу (дауыс реакциясы сөз элементтері).
Сөздік: Тыңда. Сөйле. Қайтала. Не дыбысталды? Дыбыс қайдан шықты? Ана жерде, мына жерде. Дабыл, дауылпаз, сыбызғы, ысқырық, металлофон, шарманка. Би-Би, ав-ав, мяу, пи-пи-пи, му, ко-ко-ко, иго-го, ква-ква; уууууу, ту-тууууу. Не дыбысталды? Қалай дыбысталды? Қатты, ақырын. Ұзақ, қысқа. Қатты айт. Балалардың есімдері. Естідің бе? Тез, баяу.
36. Күтілетін нәтижелер:
дыбыстарды, дыбысқа еліктеуді, былдыр мен толық сөздерді, дәл айтады;
естіп-көру және есту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды;
тыңдау реакциясын көрсетеді;
фонетикалық ырғақтықтың көмегімен тілдік емес және тілдік дыбыстау темпін өзгертеді;
дыбыстау көзін, орналасқан жерін табады;
ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлеседі;
дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды;
фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады;
естіп-көру және есту арқылы былдырды, толық сөздерді айырады, ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;
ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес және тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді;
тұрмыстық дыбыстарды, қалалық және табиғи шуларды біледі (таниды).
Достарыңызбен бөлісу: |