Параграф 3. II -жарты жылдық
49. Қатынас:
тілдік қатынасқа деген қажеттілікті сөйлеу тілі арқылы білдіру;
сөйлесу барысында көрсетілетін жауап реакциялары: мақұлдап немесе қарсы бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау, дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дауысты дыбыстарды айту, жекелеген дыбыстарды ұштастыру;
тілдесім (коммуникация) үрдісін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляциялық аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;
бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;
құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру;
ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдан;
айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау;
сұрақ қою біліктілігі;
затпен және заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау білу;
қарапайым тапсырмаларды жеткізе білу.
50. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
енжар сөздік қорын сан есімдермен үстеу, есімдік, сан есім, септеуліктермен толықтыру;
ашық райдағы етістіктерді түсіну;
жіктеу есімдігін (мен), тәуелдеу есімдігін (менің) түсіну;
жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсіну;
жалпылама сөздердің мәнін, заттардың бөлікшетерін білдіретін сөздердің мағынасын түсіну;
оқиғалар,қалайтын іс-әрекеттері, отбасы туралы сұрақтардың мағынасын түсіну,сұрақтарға жауап беру;
2-4 сөзден тұратын сөйлемшелердің мәнін түсіну;
дыбыс, графема, артикулемалардың байланысын түсіну;
есту-көру және есту арқылы таныс сөздер мен сөз тіркестерін ажырату;
әуен, ән тыңдауға, мультфильмдер көруге деген қызығушылығын ынталандыру;
сөздегі бастапқы дауысты дыбысты табу білігі.
51. Айтылым:
тиісті 2-3 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді;
заттарды атауларына (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиҺаз) байланысты топтау (жалпылау);
заттардың сапасын, қасиеттерін іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді, есімдіктерді, септеуліктерді атайды;
сұрақтардың көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттеу;
кестелердің көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттеу;
айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктеу;
шамамен сөздер мен фразаларды байланыстырып, біріктіріп айту;
шамамен сөздер мен фразаларды бейнелі көрсетіп айту;
тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айту;
толықтауышы бар жайылма сөйлем құрастыру;
сұрақтардың көмегімен сөйлемше құрастыру (кестеде, тақтаға жазылған сөздер арқылы);
адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі;
ауызша белгілері немесе табличкалар бойынша заттар мен бейнелерді тану;
сұраулы сөйлемдерді қолдану;
сөйлеуде бұйрық райда етістіктерді енгізе отырып, жекеше, көпше түрде қолдана білу.
52. Оқылым, жазылым:
кітаптағы білетін сөздер мен фразаларды танып оқу;
танып оқу (кестеде жазылған сөздерді танып, көрсету): Әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттарды көрсету; іс-әрекет, сұрақтар;
жазылған суреттерге қарап білетін сөздерді танып оқу (бөбектерге арналған кітаптар, фразалар жазылған кестелер);
қазақ әліппиіндегі әріптермен танысу (Ы, І, Й,Х,В,М,Н, Ң, Л, Р, Б, Д, Г, Ғ, З, Ц, Щ, Ж, Ч);
ауада, тақтаға, қағазға баспа әріптермен балалардың аттарын жазу;
заттарға немесе суреттерге қатысты табличкаларды іріктеп, сәйкестендіру, оқу (танып оқу);
қима әріптерден балалардың аттарын құрастырып жазу;
үлгі бойынша қима әріптерден сөздер құрастыру;
кестеде берілген сөздерді таңдап суретке сәйкестендіріп құрау;
2-3 қатардағы дауыстылардан бірізділікпен дауысты дыбыстарды атау білігі (АИ, УИА);
қолды жазуға дайындауға арналған жаттығулар;
12) өз бетінше фразалар мен сөздерді ауызша-дактилді формада айту.
Тақырыптық сабақ үлгілері: Адамдар, алаң, ойын алаңы. Киім, аяқ киім. Жыл мезгілдері. Гигиеналық заттар. Дене мүшелері. Мерекелер, ойын-сауық. Дүкен, базар. Тұрғын үй және оның жасау-жабдықтары. Оқу құралдары.
Үлгілік сөздік: Көмектес, қос, өшір, сұра. Билеу, суару, тазалау. Ериді, жарық, ішеді, күледі. Алды, жапсырды, құрастыр. Ұл, қыз. Бағлан қыз. Қақпағы, шүмегі. Бала қайда? Бала көшеде. Сырғанақ, шана, ақша қар (қарлы), аула. Бөкебай (шарф), қолғап, тон, күртеше, орамал. Күн, қыс, қар, көктем. Қар ериді. Су, сабын, сүлгі. Мереке, Жаңа жыл, шырша, ту. Дүкен, базар, цирк. Шам, кілем, желім, қылқалам, бояу, ермексаз. Салыстыр. Әдемі, ідемі емес. Жоғарыда қандай? Сен қанша жастасың? Алуаға алма бер. Кімге? Кімнің? Кімнің кофтасы? Мирада не бар? Мирада кәмпит бар. Қандай апельсин? Асан не істеп жатыр? Асан сурет салып отыр. Асан не салып жатыр? – Асан көлік салды. Кіммен? Немен? Ғалия қуыршақпен ойнайды. Балалар тәтесімен серуендейді. Жануарлар. Ыдыс-аяқ. Киім. Жиһаз.
53. Күтілетін нәтижелер:
сөздің дыбыстық құрылымын талдайды;
тиісті 2-3 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді;
әр түрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын танып оқиды (глобальное чтение), іс-әрекетке, суретке қатысты сұрақтар (кітапшалар, сөз тіркестері жазылған кестелер);
заттарды атауларына байланысты топтайды (жалпылау);
қазақ әліппиіндегі әріптерді таныйды (Ы, І, Й, Х, В, М, Н, Ң, Л, Р, Б, Д, Г, Ғ, З, Ц, Щ, Ж, Ч);
табличкалар мен сұрақтардың көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттейді;
қойылған сұраққа жауап береді;
тапсырманы айтып жеткізеді;
ауада, тақтаға, қағазға баспа әріптермен балалардың аттарын жазады;
айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктейді;
ашық райда етістіктерді енгізе отырып, жекеше, көпше түрде қолдана білуді түсінеді;
жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсінеді;
есімдік, шылау, заттардың сапасын, қасиеттерін білдіретін сөздерді, іс-әрекеттерді түсініп, қолданады;
ауызша белгілері бойынша 2-3 сөзден тұратын сөз тікестері мен фразаларды түсініп айтады;
қима әріптерден сөздерді құрастырып жазады;
тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айтады;
сұрақтардың көмегімен сөйлемшелер құрастырады;
кестеден 100 сөзге дейін (зат есім, етістік, сын есім, үстеу, сан есім), 20-25 тапсырма, сұрақ, хабарламаны таниды;
ауызша белгілері немесе кестелер бойынша заттар мен бейнелерді таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |