Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет29/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Параграф 6. II -жарты жылдық
128. Тілдік емес дыбыстау:

  1. есту арқылы жануарлардың дауыстарын ажырату (4-тен таңдау бойынша);

  2. музыкалық шығармаларды танып, ажырату;

  3. есту арқылы күрделі ырғақты, әуеннің ырғағын тану;

  4. таныс әндерді тану, қосылып айту.

129. Тілдік дыбыстау:

  1. нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау;

  2. «мен және менің отбасым» тақырыбы бойынша тілдік материалды тану;

  3. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;

  4. сурет, ертегі, үйдегі оқиғаларға байланысты мәтіндер бойынша сұраққа жауап беру;

  5. ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату;

  6. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату;

  7. таныс өлеңдер мен мәтіндерді тану;

  8. есту арқылы таныс мәтіндерді тану;

  9. мәтін бойынша сұраққа жауап беру (есту арқылы);

  10. есту арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді тану(кемінде 2-3);

  11. есту арқылы 2-3 сөйлемнен тұратын мәтінді ажырату.

130. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру

  1. сөздер мен сөз тіркестері материалында дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  2. сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);

  3. әр түрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту.

  4. дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгерту;

  5. сөздер мен сөйлемдерді орфоэпияның нормаларын саптап, шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айту;

  6. сөйлеуде сөздік және логикалық екпінді сақтау;

  7. дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі;

  8. сөйлеу тілінде барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды пайдалану (жіңішкелікті және аффрикаттарды қоспағанда), дифтонгов (Я, Ё, Е, Ю, АЙ, ОЙ, ЕЙ УЙ).

Сөздік: Бала күйсандықта ойнайды. Әсия үй салды. Әжем шұлық тоқиды. Хат жазыңдар. Сұрақты қайтала. Ырғақты құра. Сен қандай ән тыңдадың? Кім көшенің бойымен келеді? Біздің отанымыз Қазақстан. Сен қай жерде дүниеге келдің?

131. Күтілетін нәтижелер:

  1. есту арқылы нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды;

  2. сөздер мен сөйлемдерді орфоэпияның нормаларын сақтап, шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айтады;

  3. таныс өлеңдер мен әндерді таниды;

  4. есту арқылы таныс өлеңдер мен әндерді таниды;

  5. есту арқылы 2-3 сөйлемнен тұратын мәтінді ажыратады;

  6. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;

  7. сурет, ертегі, үйдегі оқиғаларға байланысты мәтіндер бойынша сұраққа жауап береді;

  8. дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгертуді біледі;

  9. тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, бір қарқынмен, орфоэпияның нормаларын сақтап, шынайы дыбыстауға жақын айтады;

  10. ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;

  11. жануарлардың дауыстарын таниды, ажыратады;

  12. есту арқылы таныс мәтіндерді ажыратады;

  13. есту арқылы күрделі ырғақты, әуеннің ырғағын ажыратады;

  14. таныс әндерді таниды, қосылып айтады;

  15. дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды еркін қолданады;

  16. сөйлеуде барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды қолданады (жіңішкелікті және аффрикаттарды қоспағанда), дифтонгтар (Я, Ё, Е, Ю, АЙ, ОЙ, ЕЙ УЙ).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет