Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет28/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Параграф 5. I -жарты жылдық
124. Тілдік емес дыбыстау:

  1. есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату;

  2. оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату;

  3. есту арқылы қазақтың ұлттық әуендерін, әндерін ажырату;

  4. есту арқылы қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажырату;

  5. жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (4-5тен таңдау бойынша).

125. Тілдік дыбыстау:

  1. сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну, өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліндегі қателерді есту;

  2. есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау;

  3. естіп-көріп қабылдау арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау;

  4. өлеңдер мен мәтіндерді тану;

  5. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;

  1. балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді тану (2-3 тен таңдау бойынша);

  2. педагогтің сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын анықтау;

  3. мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

  4. есту арқылы ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату;

  5. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату;

  6. телехабарлар, мультфильмдер көруде, экскурсия барысында сөйлеу материалын тану.

126. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:

  1. сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  2. сөздер мен сөз тіркестері материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  3. сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);

  4. әр түрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту;

  5. қатты дауысты бірте-бірте сыбдырға дейін әлсірету;

  6. сыбдырды бірте-бірте өте қатты дауысқа дейін күшейту;

  7. дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтудағы қиындықтарды жеңу;

  8. жаңылтпаштардың айтылу қарқынын өзгертіп айту;

  9. өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айту;

  10. дауысты дыбыстарды, буындарды ақырын, өте ақырын, сыбырлап айту;

  11. сөйлеуде диафрагмалды тыныс алуды және ауызбен ұзақ дем шығаруды дербес бақылау;

  12. сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;

  13. дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі;

  14. сөздер мен сөз тіркестерін әр түрлі күштегі дауыспен айту.

127. Күтілетін нәтижелер:

  1. есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындайды;

  2. өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айтады;

  3. айтылу қарқынын, күшін өзгертеді;

  4. балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді таниды (2-3 тен таңдау бойынша);

  5. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды;

  6. естіп-көру арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді таниды;

  7. сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын таниды;

  8. мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  9. жаңылтпаштарды айтады;

  10. дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтады;

  11. қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажыратады;

  12. жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (4-5тен таңдау бойынша);

  13. ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;

  14. сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады;

  15. оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады;

  16. сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;

  17. сөздік және логикалық екпінді сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет