Параграф 3. II -жарты жылдық
117. Қатынас:
педагогпен ұсынылған іс-әрекет алгоритмін орындау;
сөйлеу барысында синонимдер мен антонимдерді пайдалану;
қатынастық міндеттерге сәйкес сөйлеудің барлық түрлерінпайдалану;
сөйлеу этикет түрлерін пайдалану;
өзінің және бөгде біреудің сөйлеу тілінің сапасын бағалау;
педагогтың көмегімен, топпен және дербес, әңгіменің жалғасын ойлап табу және оны аяқтау.
118. Айтылым:
сөздерді (зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, жалғаулық, шылау) алмаспайтын 25 тақырып бойынша қолдану;
мультфильм, ертігілер желісін қысқа әңгімелеу;
байланыстырып әңгімелеу түрде сұрақтарға жауап беру;
бақылаған құбылыстар, ертегілер жөнінде қысқаша мазмұндау;
сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;
сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде қиыстыру;
айтатын сөздерінің жоспарын құру;
берілген тақырыпқа байланысты далада, үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты өзінің қалауымен безендірген әңгіме құрастыру;
шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды жеткізу білу;
отбасы, тұрмыстық жағдай, ұлттық дәстүр, өз қаласы жайында әңгімелеу (өлкесі, ауылы).
119. Оқылым, жазылым:
баспа әріптермен мәтін жазу, сұрақтарға жауап жазу;
оқыған мәтіннің мазмұнын түсіндірмелермен айту;
болған және болатын жағдаяттарды қосып толық әңгімелеу;
өз бетімен кітап оқу;
жолақша мен фишкалардан сөздің сұлбасын құру білігі;
талдаудан кейін және алдын-ала талдаусыз қима әріптерден 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрау білігі;
сөз, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын меңгеру: сөзде әріптер қатар жазылады; сөздерді бөлек жазу, сөйлемнің соңында нүкте қойылады, адам аттары, жануарлардың лақап аттарын бас әріптен жазу.
Тақырыптық сабақ үлгілері: алмаспайтын негізгі 25 тақырып.
Үлгілік сөздік: 1-4 жылға арналған сөздік. Жаңа, таныс емес сөздер.
120. Күтілетін нәтижелер:
педагог ұсынған іс-әрекет алгоритмін орындайды;
өзі өзінің отбасы, достары, өз мүддесіне қатысты, өзінің қаласы (кент, ауылы) туралы ақпаратпен бөліседі;
қатынастық міндеттерге сәйкес сөйлеудің барлық түрлерін пайдаланады;
сөздіктегі зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, жалғаулық, шылаусөздерді алмаспайтын 25 тақырып бойынша қолданады;
сөйлеу этикет түрлерін пайдаланады;
белсенді және енжар сөздік қорының көлемі шамамен 1200-1500 сөз;
байланыстырып әңгімелеу түрде сұрақтарға жауап береді;
өзінің және бөгде адамның сөйлеу тілінің сапасын бағалайды;
болған және болатын жағдайларды түсініктемесімен қоса отырып, мәтіндердің мазмұнын айтады;
педагогтың көмегімен, топпен және дербес, әңгіменің жалғасын ойлап табады, аяқтайды;
сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;
берілген тақырыпқа байланысты далада, үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты жоспар бойынша және өзінің қалауымен безендірген әңгіме құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |