Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет21/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Параграф 3. II -жарты жылдық

94. Қатынас:



  1. болып жатқан жағдайға өз көзқарасын білдіру;

  2. сөйлеу этикетінің ережелерін сақтау;

  3. әңгімелесу, сұхбатты қолдау сондай-ақ бейтаныс адамдармен де;

  4. мәтінге байланысты сұрақтар қоя білу және жауап беру.

95. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. өзінің сөзіндегі қателердітүзету;

  2. «дыбыс», «әріп», «сөз», «буын», «дауысты дыбыс», «дауыссыз дыбыс» сөздерінің мәнін түсіну;

  3. педагогтың белгілі бір тақырып бойынша байланыстырып айтқан әңгімесін түсіну (естіп-көру арқылы);

  4. қалжың сөйлегенді түсінеді;

  5. заттарды, адамдарды сипаттау бойынша тану;

  6. қаратып айтқан сөздерерді түсінеді, сұхбатты жалғастыру, әңгімелесушіні тыңдай білу;

  7. зат есімнің көпше түрін меңгеру (көп көйлектер).

96. Айтылым:

  1. есімдіктерді қолдану;

  2. айналасындағылармен қарым-қатынас орнату және өтініш білдіру үшін қажетті сөздерді қолдану (қалаймын, бер, жібер, ары отыр);

  3. объектілер мен заттардың бөлшектерін, мағызды белгілерін білдіретін сөздерді қолдану;

  4. заттың сапасын білдіретін сөздерді сипаттауда үстеу, сын есімді қолдану (түсі, пішіні, көлемі, материалы, сапасы);

  1. әңгіме, ертегінің мазмұнын айту;

  2. кеңістікте орналасуын, қолданылу бағыттарының мәнін ашатын үстеуді қолданып берілген конструкциялар құру;

  3. тәжірибе жүзінде сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау үлгілерімен танысу;

  4. тәжірибеде сөзді өзгерту (жақ, жалғау, септік, шақ);

  5. оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелеу (сұрақтар, тірек сызбалардың көмегімен, өз бетінше);

  6. сан есімді зат есіммен қиыстыру білігі (жалғау, септік);

  7. қалауынша суретке негізелген ертегі бойынша қысқаша әңгімелеу;

  8. өз бетінше оқыған журнал, кітап, көрген телебағдарлама, фильм, мультфильм, серуендеу барысындағы жағдай мен құбылыстардағы таныс заттарды тану, атау;

  9. жайылма сөйлемді қолдану білігі;

  10. сан есімді зат есіммен қиыстыру білігі;

  11. диалог құру білігі. (сұрау, жауап беру, түсіндіру, қарсы болу, сөйлеп тұрған кісінің сөзін қақпалау);

  12. сөйлегенде сұрақтарды қолдану;

  13. әртүрлі септікте сөйлем құрамында зат есімнің жекеше, көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолдану;

  14. зат есімді үстеумен қиыстырып қолдану (астында, жанында, қасында).

97. Оқылым, жазылым:

  1. кітатан әңгіме кейіпкерін бөле отырып, мәтінді оқу;

  2. кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау;

  3. таныс сөздер мен сөз тіркестерін педагогтің айтуы бойынша жазу.

Тақырыптық сабақ үлгілері: Жыл мезгілдері. Қала, көше. Жануарлар. Тұрғын үй және оның жасау-жабдықтары. Дүкен, базар. Көкөністер мен жемістер. Киім, аяқ киім. Мерекелер, ойын-сауық. Гигиеналық заттар. Азық-түлік өнімдері. Адамдардың кәсбі. Ойын-сауық. Көлік. Алаң, ойын алаңы. Оқу құралдары. Мектеп.

Үлгілік сөздік: Сиыр, ит, мысық – бұл үй жануарлары. Көлік – әуеде ұшатын, жерде жүретін, суда жүзетін. Тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу және жерасты жүру бөлігі. Баланың есімі Нұрсұлтан. Қызанақ қайда өседі? Саңырауқұлақ шыршаның түбінде өседі. Кімнің? Кімдікі? Кімдердікі? Ақботаның мысығы келді. Кімде? Неде? Не болды? Зульфияның (менің, сенің) тісі түсіп қалды. Қандай үй? Жаңа үй, екіқабатты, кірпіштен салынған. Балалар анасына гүл сыйлады. Балалар сәбізбен қоянды тамақтандырды. Маған күлкілі болды. Кіммен? Немен? Балалар итпен ойнайды. Роза мұғалім болып жұмыс істейді. Ұнайды. Ұнамайды. Жанында, қасында, астында, үстінде, жуық.

98. Күтілетін нәтижелер:


  1. заттың сапасын білдіретін сөздерді сипаттауда сын есімді үстеу, сан есімді қолданады;

  2. айналасындағылармен қарым-қатынас орнату және өтініш білдіру үшін қажетті сөздерді қолданады;

  3. өзінің сөзіндегі қателерді түзетеді;

  4. әңгіме, ертегілерді әңгімелейді, мазмұнын айтады;

  5. таныс сөздерді педагогтің айтуы бойынша жатқа жазады;

  6. әңгімелесушілердің сөзін түсінеді, талқылау тақырыбын бөліп көрсетеді, сөзге қосылады;

  7. оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелейді;

  8. сөйлеу этикетінің ережелерінсақтайды;

  9. қалауынша суретке негізелген ертегі, әңгіме құрастырады;

  10. оқыған журнал, кітап, көрген телебағдарлама, фильм, мультфильм көру, серуендеу барысындағы жағдай мен құбылыстардағы заттарды таниды, сипаттайды, атайды;

  11. әңгімені, сұхбатты қолдауды біледі, сондай-ақ бейтаныс адамдармен де;

  12. жіктелген сөздердің мағынасын түсінеді, сөздерді септікте түрлендіріп сөйлеуде қолданады;

  13. мәтінді оқиды, оқиға желісін талқылайды, басты кейіпкелерді бөліп көрсетеді, оқыған мәтінді драмалайды, соған сәйкес сурет салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет