Параграф 2. I -жарты жылдық
89. Қатынас:
тапсырмаға, оқиғаға, ойынға деген қатынасын білдіру;
сөйлеуде сұраулы, бұйрық сөйлемдерді қатынас міндеттерімен сәйкес қолдану;
өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпарат алмасу;
ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап беру;
балалар жасаған бұйымдарды, тапсырмаларды орындауды бағалау;
жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтау;
болғаніс-әрекет, оқиға. туралы хабарлау.
90. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
бөлшектелген тапсырмаларды орындау;
екі-үш құрамды тапсырмаларды жеткізу, орындау;
жұмбақтарды шешу;
антонимдердің мәнін түсіну;
септеуліктердің мәнін түсіну;
«Дыбыс», «әріп», «сөз», «буын» сөздерінің мәнін түсіну;
синонимдердің мәнін түсіну, сөздерді алмастыру;
балалардың айналасында орын алып жатқан жағдайды түсініп, бағалау;
зат есімнің көпще, жекеше түрде септік жалғауларыныңбарыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде мәнін түсіну;
қалжың сөйлеуді түсіну;
өтінішті қайталау, түсіндіру, негіздеу;
сөздердің мағыналық реңкін ажырату;
жіктеу есімдігінің септіктерін тану;
заттарды танып, сипаттау.
91. Айтылым:
топтағы балалар алдында хабарлама жасау;
өлеңді мәнерлеп оқу;
зат есімді септеу;
сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;
сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолдану;
сөзжасам тәсілдерінің кейбірін қолдану;
сезімді білдіретін сөздерді қолдану;
өткен шақта етістіктің жекеше, көпше түрлерін қолдану(құлады, құлаған, құлағандар);
қысқа және толық жауаптар;
заттардың бөліктерін, жануарлардың дене мүшелерін атау;
қосымшаларды жалғау арқылы сөзжасау (бар, барды, бардым);
ойын барысында фильм,мультфильм, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін көрсету, шығарманың атын айту;
есімдіктерді дұрыс қолдану (мен, маған, менде);
сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;
фразаны толықтыруды ойластыру;
өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айту түрлерін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);
атау септікте зат есімнің жекеше, көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолдану;
тәуелдеу есімдігін зат есіммен, сөздерді шақ, септіктермен қиыстырып қолдану;
сюжетті суреттер (сериясы) бойынша қысқа әңгіме құрастыру;
сюжетті суреттерге сипаттама беру (5–6 сөйлем);
кестеде көрсетілген сұрақтар көмегімен берілген тақырып бойынша ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 5–6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрау;
берілген тақырып бойынша мәтіндегі шашылған сөздерден әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем);
адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі;
сөздердің антонимін табу білігі;
сөздердің синонимін табу білігі;
«бір» сан есімін атау септігінде жекеше, көпше түрде зат есіммен тіркестіру білігі;
атау септігінен басқа септіктерде зат есімдердің мәнін ашатын көмекші сөздерді қолданып берілген конструкциялар құру.
92. Оқылым, жазылым:
кітаптан қысқа мәтіндерді талдап (дактильдеп) оқу (жазылған суреттер);
тақырыптық топтамалардан суреттерге қатысты жазбаларды қима әріптерден құрастыру;
тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу;
мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу;
өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);
баспа әріптермен сұрақтарға жауап жазу;
оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3–4 сөйлем);
берілген әріпке байланысты сөздерді таңдау;
қысқа өлең шумақтарын жатқа оқу (ауызша сөйлеу тіліне қойылатын барлық талаптарға сай);
оқылған мәтін бойынша қойылымдарға қатысу (әңгіме, ертегі бойынша).
Тақырыптық сабақ үлгілері:
Уақыт. Қала, көше. Дүкен, базар. Материалдар мен құрал-саймандар. Менің отаным Қазақстан. Астана. Алматы. Ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік мерекелер. Наурыз. Әскер. Құрылғы және -қазақтың киіз үйінің ішкі жабдықтары, ұлттық киімдер мен әшекейлердің атрибуттары. Мерекелер және ойын-сауық. Өсімдіктер. Алаң, ойын алаңы. Оқу құралдары. Мамандықтар.
Үлгілік сөздік: Шәйнек. Шүмек, тұтқа, қақпақ. Көлік. Рөлі, доңғалақ, кабина, шанақ. Үлкен жемпір. Ұзын көйлек. Кең жол. Қонжық, көлік, юла – ойыншықтар. Түлкі, қасқыр, сиыр, ит – жануарлар. Түлкі, қасқыр – жабайы аңдар. Сиыр, қой – үй жануарлары. Берикжаннан су әкеліп бер деп сұра. Мені, маған, сені, саған. Бір қоңыз, бір қуыршақ, бір шелек. Менің кітапшам, менің добым.
93. Күтілетін нәтижелер:
қима әріптерден сөздер мен сөйлемшелер құрастырады;
екі-үш құрамдас тапсырмаларды орындайды;
тапсырмаға, оқиғаға, ойынға, адамға және олардың әрекеттеріне деген қатынасын білдіреді;
өлеңді мәнерлеп оқиды;
сөздікке сөздерді тақырыптық топтама бойынша жазады;
зат есімдерді септейді;
мәтінді суреттеп, сипаттайды;
жалпылау сөздерді қолданады;
жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданады;
заттардың бөлшектерін, бөлімдерін атайды;
өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпаратпен алмасады;
жағдаяттарға байланысты қысқа, толық жауап береді;
ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап береді;
жұмбақтарды шешеді;
өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;
синонимдердің мәнін түсінеді, сөздерді алмастырады;
қалжың сөйлегенді түсінеді;
фразаны толықтыруды ойластырады;
өтінішті қайталауды, түсіндіруді, негіздеуді сұрайды;
шығарманың тақырыбын, кейіпкелерін атайды, мультфильм, фильм, ертегі желісін ойнатады;
өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айтады;
жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтауды біледі;
сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;
берілген тақырыпта сюжетті суреттер, сюжетті суреттер сериясын суреттейді, әңгіме құрастырады;
заттарды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді адамдарды бірімен-бірін салыстырады;
заттарды сипаттау бойынша таниды;
кітаптан, тақтадан, қағаз беттерінен мәтіндерді оқиды (жазылған суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: |