Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет17/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Параграф 5. I -жарты жылдық
79. Тілдік емес дыбыстау:

  1. есту арқылы дыбыс бағытын анықтау (оң жақта, сол жақта);

  2. есту және естіп-көру негізінде 5-тен дыбыстаулардың санын анықтау;

  3. есту және естіп-көру арқылы үш буынды ырғақтарды дәл айту (ТАтата, таТАта, татаТА);

  4. жануарлардың дауыстарын ажырату (4-тен таңдау бойынша);

  5. есту арқылы үш буынды ырғақтарды тану, дәл айту;

  6. ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлақпен).

80. Тілдік дыбыстау:

  1. естіп-көру және есту арқылы екі буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау;

  2. есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;

  3. есту арқылы үш буынды ырғақтарды дәл айту (ТАтата, таТАта, татаТА);

  4. есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалдыажырату;

  5. ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлақпен);

  6. топтағы балалардың дауыстарын тану;

  7. екпіні, дауыс ырғағы өзгертілген буындардың тізбегін есте сақтау, айту білігі;

  8. еркін ойын және сөйлеу әрекетінде есту арқылы дыбыс, буын, сөз, сөйлемдегі артикуляциялануы бойынша ұқсас дауыссыз дыбыстарды ажырату.

81.Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:

  1. буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  2. буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  3. сөздердің дыбыстық-буындық құрамын бұзбай айту;

  4. жағдаятты, былдыр, толық сөздермен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;

  5. буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);

  6. дауыс биіктігін өзгерту: ақырын, қатты, қаттырақ;

  7. қалыпты биіктіктегі дауысты қолдану;

  8. өз дауысынының күші мен биіктігін бақылау, қадағалау;

  9. сөздермен сөз тіркестерін қалыпты, жоғары, төмен биіктіктегі дауыспен айту;

  10. қалыпты, жылдам, баяу темппен әр түрлі дауысты, дауыссыз дыбыстармен буындарды айту (ПАПОПАПО, ПАПОПУ, ТАТЕТАТЕ, ТАТЕТИ);

  11. тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айту;

  12. І концентр бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды айту;

  13. сөздер мен қысқа сөз тіркестерін қалыпты, баяу, жылдам темппен айту;

  14. әр түрлі буындық күрделі сөздерді айту;

  15. буындарды біртіндеп жылдамдатып, баяулатып айту;

  16. таныс 2-4 сөздің ішінен сөз тіркестерін біріктіріп айту;

  17. сөзделогикалық екпінді сақтау;

  18. сөйлеуде қалыпты қарқынды сақтау (еліктеу арқылы);

  19. жаттығулар, өлеңдер, күлдіргі әңгімеде ересектердің сөздерін, сөз тіркестерін сөйлемдерін аяқтау біліг;.

  20. екі буынды ашық буындардан тұратын сөздерді бөлу (ма-ма, ма-та, ба-та);

  21. көру арқылы екі буыннан тұратын сөздердегі дауыссыз дыбыстарға дыбыстық толықтырулар мен ырғақтық сипаттама беру білігі.

Сөздік: Үйді көрсет. Доп пен ұшақты бер. Қасық пен табақты шелекке сал. Үй мен ағашты көрсет. Сәлеметсің бе, сау бол (сәлем). Сенің атың кім? Сен қанша жастасың?

82. Күтілетін нәтижелер:

  1. сөздердің дыбыстық-буындық құрамын бұзбай айтады;

  2. естіп-көру және есту арқылы екібунды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды;

  3. жағдаятты, былдыр, толық сөздермен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді;

  4. дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгертеді;

  5. есту арқылы сабақ, балалардың тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды;

  6. есту арқылы 5 дыбыстаулардың санын, дыбыс бағытын анықтайды;

  7. қалыпты, жылдам, баяу темппен сөздерді толық, жақын айтады;

  8. есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;

  9. жануарлардың дауыстарын ажыратады (4-тен таңдау бойынша);

  10. есту арқылы үш буынды ырғақты таниды;

  11. дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа);

  12. сөйлемшедегі логикалық екпінді сақтайды;

  13. топтағы балалардың дауыстарын таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет