Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет15/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Параграф 3. II -жарты жылдық

72. Қатынас:



  1. екі құрамдас тапсырмаларды орындау(бұйрық райда етістіктерді енгізе отырып);

  2. ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу түрлерін түрлі коммуникативтік қажеттілік үшін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, теріске шығару);

  3. бір-біріне тапсырма беру;

  4. өзі туралы әңгімелеу: аты, жөні, тегі, жасы, мекен-жайы, ұлты;

  5. сұрақ қою біліктілігі;

  6. ойын жағдайын «сөйлету» білігі және осы негізде сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметін дамыту.

73. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. мазмұны бойынша қысқа әңгімелерді, өлеңдерді қабылдау;

  2. жекеше және көпше түрдегі сөздердің мағынасын түсінеді;

  3. мазмұны бойынша қысқа әңгімелерді, өлеңдерді түсінеді;

  4. заттардың тәуелді тиістілігіне байланысты түсіну (менің қасығым, менің сөмкем);

  5. кішірейту, еркелету сөздерінің мәнін түсіну;

  6. жеке-жеке сөздерге бөлмей толық сөйлемшелерді түсіну;

  7. кеңістіктік қатынастарды білдіретін үстеу және септеуліктерді түсіну;

  8. жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді ажырату;

  9. өз бетінше оқиғалар, жаңалықтар туралы хабарлау;

  10. 3-4 сөйлемшеден тұратын байланыстырып әңгімелеуді естіп-көріп қабылдау (суреттерге сүйеніп, сөздерді таңдау бойынша дактилдеу);

  11. шығарма кейіпкелерімен бірге әсерлену, олардың әрекеттеріне қатынасын білдіру;

  12. заттарды сипаттау бойынша тану (2-4 сөйлем).

74. Айтылым:

  1. зат есімнің көпше түрін қолдану;

  2. сөзжасамның кейбір тәсілдерін қолдану;

  3. енжар сөздік қорынан заттың атын, іс әрекетін, құрамын, сапасын, санын, есімін, орнын білдіретін жаңа сөздерді қолдану;

  4. сөйлемнің әртүрлі типтерін қолдану: атау септік + екі бағыныңқы септік + дара етістік (Ақбота кітапты қызға берді); атау септік + екі бағыныңқы септік + дара етістік (Зейнеп қарандашпен үйді салды);

  5. тілдік жаттығуларды, дидактикалық ойындарды өткізу барысында тілдік қатынаста өз қалауын білдіру үшін (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу) ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу тілін қолдану;

  6. заттардың атын атау және олардың бейнесін сипаттау, кестемен сәйкестендіру;

  7. сюжетті суреттерді 2-3 фразамен (сөз тізбегімен) сипаттау;

  8. сұрақтарға 2-3 сөзден тұратын сөз тізбегімен жауап беру;

  9. тәжірибеде сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау үлгілерімен танысу;

  10. заттарды, суреттерді толық сипаттау;

  11. өз бетімен сұрақ қою;

  12. белгілі тақырыпта әңгімелесу барысында қолдау білігі (2–3 тақырыпқа байланысты сұрақтар);

  13. зат есім мен етістікті, зат есім мен сын есімді жалғау арқылы тіркестендіру;

  14. сұраулы сөйлемдерді әңгімелесу барысында қолдану;

  15. сыпайы сөздерді қолдану (айналайын, қалқам);

  16. сөйлемнің құрылымына мән бермей 1,2,3 жақтағы зат есімдерді атау септігінен басқа септіктерде қолдану.

75. Оқылым, жазылым:

  1. кітаптан таныс сөздерді, фразаларды талдап оқу;

  2. ересектердің өлең, әңгіме оқығанына, ертегі айтқанына, кітаптан көрсеткеніне қызығушылық таныту;

  3. ата-анасының, балалардың аты жөнін баспа әріптермен жазу;

  4. бір тақырыптық топтамадан заттардың атын жазу. (5–6 сөз);

  5. өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);

  6. ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап сөйлемдерді (3-4 сөйлем) іріктеу (кестенің көмегімен);

  7. қима әріптерден балалардың аттарын құрастырып жазу;

  8. үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты қысқа әңгімелер құрастыру (3–4 сөйлем);

  9. тікелей буындарды дауысты әріпке бағыттап түрлі түсті фишкалардан, әріптерден тізбектеп біріктіріп оқу (ТА, МУ, МИ, СИ);

  10. қысқа әңгіме оқу (танып оқу);

  11. кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау (Мәтін мөлшері 3–4 сөйлем).

Тақырыптық сабақ үлгілері: Ойыншықтар. Азық-түлік өнімдері. Көкөністер мен жемістер. Адамдар. Адамдардың мамандықтары. Ойын алаңы, аймақ. Киім, аяқ киім. Уақыт. Жыл мезгілдері. Гигиеналық заттар. Дене мүшелері. Мерекелер және ойын-сауық. Дүкен, базар. Тұрғын үй және оның жасау-жабдықтары. Жануарлар тұрағы. Оқу құралдары. Ойын-сауық.

Үлгілік сөздік: Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады? Қайда тұрады? Қайда өседі? Кім берді? Қайда жұмыс істейді? Не істеп жатыр? Түсі қандай? Пішіні қандай? Жұмыс істейді – үйдің қабырғаларын қалайды. Киеді – түймелейді – байлайды. Үй, кітап, туфли қайда? Берикжан мектепте. Шайнек плитада (шкафта). Кімнің телефоны? Ботының телефоны. Кімнің жемпірі? Бұл менің жемпірім. Кімнен алдың?Берік (мен, сен) Ақтотыдан қарандаш алды. Не болды? Бағдат шыны аяқты құлатты. Зейнеп, Ботадан қанша кәмпит бар деп сұра. Қар еріп кетті. Көп. Бірнеше. Иттер, банандар, жемпірлер, адамдар. Шкафта, үстелде, жоғарыда, төменде, алдында, артында, сол жақта, оң жақта.

76. Күтілетін нәтижелер:


  1. екі құрамдас тапсырмаларды орындайды;

  2. өз бетімен сұрақ қояды;

  3. ересектердің оқығанын тыңдайды, кітапқа қызығушылық танытады;

  4. зат есімнің көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолданады;

  5. сөйлеу түрлерін түрлі коммуникативтік қажеттілік үшін қолданады;

  6. сюжетті суреттерді 2-3 фразамен (сөз тізбегімен) сипаттайды;

  7. сұрақтарға 2-3 сөзден тұратын сөз тізбегімен жауап береді;

  8. тапсырманы үшінші жаққа жеткізеді;

  9. 3-4 ілеспе (сюжетті) суреттерге сөйлемшелерді таңдайды (кесте);

  10. берілген тақырыптағы әңгімені сұрақ-жауап түрінде жалғастырады;

  11. қысқа өлең, әңгімелерде не туралы айтылатынын түсінеді;

  12. өзі туралы әңгімелейді: аты, жөні, тегі, жасы, мекен-жайы, ұлты;

  13. мәтінге қатысты суреттер таңдайды, өзі салады;

  14. өз бетінше жағдайды, жаңалықтарды ақпараттандырады, хабарлайды;

  15. қима әріптерден балалардың аты-жөнін, тегін, өзінің мекен-жайын, таныс заттардың аттарын құрастырып жазады;

  16. шығарма кейіпкелерімен бірге әсерленеді, олардың әрекеттеріне қатынасын білдіреді;

  17. үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты қысқа әңгімелер құрастырады (3–4 сөйлем);

  18. заттарды сипаттау бойынша таниды (2-4 сөйлем);

  19. өз бетінше оқиға желісін суреттейді, оқығаны бойынша сахыналық қойылымдарға қатысады;

  20. қысқа әңгіме оқиды (аналитикалық оқу).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет