Параграф 2 I -жарты жылдық
67. Қатынас:
әңгімелесушіні мұқият тыңдайды;
сөйлеу этикетінің ережелерін біледі;
бейтаныс адамдармен сөйлесу (саяхатта);
бейтаныс еститін балалармен тілдесу;
заттарды, суреттерді, топтағы құрдастарымен болған оқиғаларды талқылау (табличкалар, педагогтың көмегімен);
дербес сәлемдесу және әр түрлі жағдайларда қоштасу;
әңгіме барысында кезектілік сақтау немесе сөйлеу үшін төзімділік танытып, өз кезегін күту;
ауызша немесе ауызша-дактилді формада жасаған әрекеті туралы хабарлау;
ауызша сөйлеу тілі арқылы қатынасқа түсуге тырысады;
ойын жағдайын «сөйлету» білігі және осы негізде сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметін дамыту;
сұрақтарға қысқаша және толық жауап беруді білу, сұрақтар қою, диалог жүргізу, бір-бірін соңына дейін тыңдау;
танысу-әңгімеге қатысу.
68. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
үлгі бойынша етістіктерді қолданып бейнелік, заттық әрекеттерді орындау;
ауызша нұсқау бойынша бейнелік, заттық әрекеттерді (бұйрық райда) орындау;
тапсырмаларды орындау;
заттарды, суреттерді атауы, дыбысталуы бойынша топтастыру;
ауызша немесе ауызша-дактилді формада сұрақтарға жауап беру;
жалпылама сөздердің мағынасын түсінеді;
етістіктерді қарама-қарсы мәні бойынша ажырату;
сын есімдерді, қарама-қарсы мәні бойынша ажырату;
3-4 сөзден тұратын сөйлемшелердің мәнін түсіну;
сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды түсіну, ажырату;
мәтіндегі себеп-салдарлық байланыстарды түсіну, Неге? Не үшін? деген сұрақтарға жауап беру;
етістіктің осы және өткен шақтағы мәндерін ажырату;
сөздердің жекеше, көпше түрдегі мәндерін ажырату;
ертегілер, әңгімелер, өлеңдер тыңдау;
етістіктің жекеше, көпше түрін осы және өткен шақта зат есіммен үйлестіру (ит үрді, иттер үрді, ит үріп жатыр, иттер үріп жатыр, ит үреді, иттер үреді);
жіктеу есімдігін түсіну (мен, біз, сен, сіз, ол, ол, олар);
тәуелдеу есімдігін түсіну (менің, сенің);
тәуелдеу есімдіктерді түсіну (анамның, әкемнің);
септеу сұрақтарын түсіну.
69. Айтылым:
жалпы топтан берілген заттар мен олардың суреттерін тауып айтылған орынға орналастыру;
жалпылама қолданылатын сөйлеу түрлерінде қарапайым сөздерді және дыбыстық еліктеулерді алмастыру;
қысқа мәтінді, өлең шумақтарын жатқа оқу;
жіктеу және тәуелдеу есімдігін қолдану;
енжар сөздік қорынан заттың атын, іс-әрекетін білдіретін жаңа сөздерді қолдану;
тәуелдеу есімдігін қолдану;
сөйлемнің әртүрлі типтерін қолдану: атау септік + дара етістік (Берікжан отыр); атау септік + тура толықтауыш + дара етістік (Ақтоты кітапты оқыды);
тілдік қатынаста өз қалауын білдіру үшін ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу тілін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);
іс-әрекетін, қасиеттері мен сапасын, есімдерін, септеуліктерін, санын білдіретін таныс заттарды атау;
заттардың атын оларға кестеде жазылған сөздер мен қысқа фразаларды қою арқылы атау;
бірнеше сөйлемді біріктіріп, қысқа әңгіме құрау;
сұрақтар бойынша заттар мен суреттерді ересектердің көмегімен суреттеу;
заттар мен суреттегі заттардың бейнесін, іс - қимылды суреттеу;
сюжетті суреттерді сипаттау;
сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданып жауап беру (сұрақ-жауап);
тапсырманы орындау туралы есеп беру;
таныс заттар мен суреттерге кестені сәйкестендіріп шамалап айту;
сөздерді, фразаларды байланыстырып, біріктіріп сөздерді бейнелі көрсетіп шамалап айту;
үйде, серуенде, топтағы жағдаяттар туралы әңгімелеу (3–4 сөйлем);
тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айту (хабарлама, сұрақтар, түрткі салу,);
суреттер, сұрақтар, іс-әрекеттер бойынша көмекші сөздер (жанында, қасында, астында, үстінде) көмегімен жалаң және жайылма сөйлем құрау;
сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;
етістікті ашық райда осы және өткен шақта қолдану;
зат есімді жекеше, көпше түрде қолдану.
70. Оқылым, жазылым:
фразаларды, сөз тіркестерін, сөздерді талдап (дактилдеп) оқу (кестеде жазылған сөздер);
қысқа әңгімелерді драмалау (3–4 сөйлеммен);
сөздерді дыбыстық талдау-жинақтау;
берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;
өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);
оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3–4 сөйлем);
өз бетінше қысқа сөздерді талдап (дактилдеп) оқу;
заттық немесе ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрау және оқу (кестенің көмегімен берілген сұрақтар бойынша);
ілеспе (сюжетті) суреттер бойынша (3–4 сөйлем) әңгіме құрау (таныс сөздер беріледі);
қима әріптерден сөздер құрастыру;
11) кітаптағы жазылған суреттерге қарап білетін 2-4 сөздерді, фразаларды тану;
12) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау (3–4 сөйлем).
Тақырыптық сабақ үлгілері: Ойыншықтар. Азық-түлік өнімдері. Көкөністер мен жемістер. Киім және аяқ киім. Дене мүшелері. Отбасы. Жануарлар. Жануарлардың тұрағы. Өсімдіктер. Балабақша ғимараты. Ыдыс-аяқ. Жиһаз. Жыл мезгілдері. Оқуға керек-жарақтар.
Үлгілік сөздік: Жейді, жедім, жеп отырмын. Мысық-мысықтар, үй-үйде, қалам-қарындаштар. Ойыншықтар. Азық-түлік өнімдері. Көкөністер мен жемістер. Киім және аяқ киім. Дене мүшелері. Мысық үстелдің астында отыр. Анам автобуста кетіп барады. Сенің атың кім? Сенің тегің кім? Сен қайда тұрасың? Сен қанша жастасың? Бұл менің ағам (менің бөркім), сенің көйлегің. Ол кәмпитті жақсы көреді. Анамның көйлегі. Әкемнің үстелі. Назира гүлге су құйды. Дене мүшелері. Құйрық, аяқ, іш, түмсық, тырнақ. Кию-шешу, байлау-шешу. Үлкен-кіші, ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа.
71. Күтілетін нәтижелер:
бейтаныс ересек адамдармен, балалармен сөйлеседі;
мәтіндегі себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсетеді. Неге? Не үшін? деген сұрақтарға жауап береді;
тапсырманы орындайды, есеп береді;
үлкендердің көмегімен қысқа әңгімелерді драмалайды (3–4 сөйлеммен);
іс-әрекетін, қасиеттері мен сапасын, есімдерін, септеуліктерін, санын білдіретін таныс заттарды атайды;
топтағы құрдастарымен болған оқиғаларды талқылайды;
сұрақтар бойынша заттар мен суреттерді ересектердің көмегімен сөз тізбесімен суреттейді;
сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданып жауап береді;
өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;
оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдайды;
жалпылама сөздердің, 3-4 сөзден тұратын фразалардың мағынасын түсінеді;
сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды ажыратады;
үйде, серуенде, топтағы жағдаяттар туралы әңгімелейді;
өз бетінше қысқа сөздерді талдап (дактилдеп) оқиды;
дербес сәлемдеседі, қоштасады;
ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдайды;
ауызша немесе дактилді формада жасаған әрекеті туралы хабарлайды;
суретке қима әріптерден сөздер құрастырады;
заттық немесе ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды;
сөйлеуде жалпылама сөздерді қолданады;
етістікті ашық райда осы және өткен шақта қолданады;
зат есімді жекеше, көпше түрде қолданады;
танысу-әңгімеге қатысады;
қысқа мәтіндерді талдап (дактилдеп) оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |