Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет24/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Параграф 6. II -жарты жылдық
106. Тілдік емес дыбыстау:

  1. дыбысты оқшаулау және оның көзін, шыққан жерін сөзбен атау (алдыңғы – артқы, алдыңғы – артқы және оң жақ – сол жақта);

  2. 3-4 күрделі буындық ырғақты ажыратып, айту;

  3. есту арқылы 7-8 дыбыстаулардың санын ажыратып, айту;

  4. есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажырату;

  5. есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (4- тен таңдау кезінде);

  6. есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату;

  7. есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату;

  8. есту арқылы қайталанатын екі буынды ырғақты дәл айту;

  9. дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес сигналға деген реакциясын білдіру (жалаң құлаққа).

107. Тілдік дыбыстау:

  1. сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну, өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліндегі қателерді есту;

  2. есту арқылы «Қоршаған ортамен танысу» тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;

  3. есту арқылы «Тіл дамыту» тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;

  4. есту арқылы «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;

  5. есту арқылы «Мен және менің отбасым» тақырыптар бойынша тілдік материалды тану;

  6. есту арқылы ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырату;

  7. дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату білігін қалыптастыру.

108. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:

    1. Г дыбысын В дыбысымен алмастыру;

    2. қалыпты, жоғары, төмен дауысты дауыс тембрін өрескел бұрмалаусыз пайдалану;

    3. қатаң дауыссыздардың алдында, сөздердің соңындағы ұяң дауыссыздарды бітеу;

    4. А – Ә дыбыстарының айырым белгілері, олардың жуан –жіңішке екендігін ажырату;

    5. өтініш, шаттық, түрткі салу, сұрақ қою сөздерін ырғағымен айтып жеткізу;

    6. қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздерді атау;

    7. айта алмайтын (шақырылмаған) дыбыстарды түсіріп айту;

    8. сөйлемдерді шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айту, синтагмаларға жіктеу;

    9. сөйлеу тілінді орфоэпияның кейбір нормаларын ұстану;

    10. сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;

    11. дактилдің сүйемелдеуінсіз дауыссыз дыбыстар ағымында артық қоспа дыбыссыз, орфоэпияның кейбір нормаларын сақтап, айқын екпінмен кем дегенде ауызша 200 сөзді бірге қосып айту;

    12. сөйлеу барысында кем дегенде 20-дан астам дыбыстарды пайдалану (А, Ә, О, Ө, У, Ү, Ұ, Э, И; П, Б, Т, Д, М, Н, Ң, Л, Р, К, Қ, Ж, С, З, Ш, Я, Е, Е, Ю).

Сөздік: Мен сияқты айт. Күйсандықта ұзақ ойна. Кім тарсылдатты? Кім ойнады? Қайда дыбысталды? Оң жақтан дыбысталды (сол жақтан, алдынан, артынан). Музыка тыңдаймыз. (марш, вальс, полька, пластинка). Марш естілді (вальс, полька).

109. Күтілетін нәтижелер:

  1. сөздік және логикалық екпінді бөліп көрсетеді;

  2. қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздерді айтады;

  3. сөйлемдерді шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айтады, синтагмаларға жіктейді;

  4. дауыс тембрін өрескел бұрмалаусыз дауыстың қалыпты биіктігін, күшін пайдалану;

  5. есту арқылы 7-8 дыбыстаулардың санын ажыратып, айтады;

  6. өтініш, шаттық, түрткі салу, сұрақ қою сөздерін ырғағымен айтып жеткізеді;

  7. 3-4 күрделі буындық ырғақты ажыратып, айтады;

  8. есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажыратады;

  9. есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (4- тен таңдау кезінде);

  10. есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады;

  11. есту арқылы ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;

  12. есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады;

  13. есту арқылы қайталанатын екі буынды ырғақты ажыратады;

  14. есту арқылы «Қоршаған ортамен танысу», «Тіл дамыту», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» тақырыптар бойынша тілдік материалды ажыратады;

  15. дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған сигналға реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа);

  16. орфоэпияның кейбір нормаларын ұстанады;

  17. орфоэпия ережелерін сақтайды;

  18. сөйлеу барысында кем дегенде 20-дан астам дыбыстарды пайдаланады (А, Ә, О, Ө, У, Ү, Ұ, Э, И; П, Б, Т, Д, М, Н, Ң, Л, Р, К, Қ, Ж, С, З, Ш, Я, Е, Е, Ю).




Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет