3-тарау. Екінші кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін)
Параграф 1. «Қатынас» білім саласы
Тіл дамыту
41. Екінші оқу жылында, егер балаларды оқытуды 2 жастан бастаса, оларды кестеде жазылған сөздерді танып оқуға (глобальное чтение), педагогтар айтатын сөздер мен сөйлемшелерді естіп-көріп қабылдауға, нақты сөйлеу жағдайларда ұсынылатын тілдік материалды өз бетінше шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтуға үйретеді. Дактиль сөздерді меңгеруге дайындық жұмыстары жүргізіледі.
42. Егер балаларды оқыту 3 жастан басталса, онда бағдарламаның бірінші оқу жылының мазмұнын жоспарлау кезінде тіл дамыту жұмыстары жүзеге асырылады және 2-ші оқу жылында балалардың есту, сөйлеу және интеллектуалды даму деңгейі ескеріледі.
43. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері).
Достарыңызбен бөлісу: |