Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет3/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Параграф 2. I - жарты жылдық
14. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бірінші жарты жылдығында «Тіл дамыту» жұмыстарының негізгі міндеті қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде, ауызша сөйлеу тілінің мәнін түсіну, әрі қатынас тәсілдерін және оның барысын (процесін) бақылау біліктерін дамыту болып табылады. Сонымен қатар, есту қабілеті зақымдалған балалар тиісті есту бейнелер негізінде, әр түрлі тілдік бірліктерді бөліп және ажыратуды үйренеді.

15. Қатынас:



  1. қарапайым тапсырмаларды орындау;

  2. ауызша амандасу, өтініш, тілек білдіру (шамамен);

  3. заттарға деген өзінің қатынасын көрсету;

  4. қатынасқа түсу мақсатында вокализацияларды, дыбыс тіркесімдерін, дыбыстық еліктеуді, былдыр сөздерді тілдік емес құралдармен сәйкес пайдалану: табиғи ым-ишара, тілдесу бағытына қатысы бар түрлі типтегі көзқарастар, заттарды көрсету, мимикалық экспрессия;

  5. заттың қимылын бақылау;

  6. әр түрлі жағдайда қатынас (коммуникация) үрдісін бақылау (балабақшада, көшеде, дүкенде);

  7. қатынас (коммуникация) үрдісін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляция аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;

  8. сәлемдесу және қоштасу;

  9. еліктеудегі белсенділік, бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;

  10. айналасындағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау.

16. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. енжар сөздік қорын толықтыру, айналасындағы заттарды, дене мүшелері мен адамның бет-келбетін білдіретін сөздерді меңгеру;

  2. енжар сөздік қорын толықтыру, қарапайым ойын және тұрмыстық әрекеттерді білдіретін сөздерді меңгеру;

  3. дидактикалық ойындарда кестеге тіркелген тиісті сөзге қатысты таныс заттарды табу (есту-көру арқылы);

  4. табиғи және арнайы жасалған қатынас жағдайында кестеге тіркелген тиісті сөзге қатысты таныс заттарды табу.

17. Айтылым:

  1. айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктеу;

  2. сөздерді шамамен жақын көрсетілген түрде айту;

  3. сөздерді шамамен жақын ұштасқан түрде айту;

  4. заттардың аттарын айту, адамдардың есімін фонетикалық ырғақпен айту;

  5. фотосуреттерден ата-аналары мен жақын туыстарын тану (әке, ана, ата/әжесі және т. б.), ым-ишара білдіру;

  6. ата-аналары мен туыстарын, үй жануарларын бейнелеп, байланыстырып шамалап айту;

  7. таныс заттарды атау (шамамен).

18. Оқылым, жазылым:

  1. тиісті затқа байланысты кестелерді (табличкаларды) іріктеу;

  2. сөздерді (таңбалық) белгілеуде кестенің атқаратын қызметін түсіну;

  3. затты атағанда кестелермен бірге көрсету (қостау).

Тақырыптық сабақ үлгілері: Балалардың есімдері. Ойыншықтар. Адамдар (отбасы). Дене мүшелері.

Үлгілік сөздік: Балалардың есімдері. Сәлем, сау бол. Тыңда. Сөйле. Қайтала. Рахмет. Иә, жоқ. «Иә», «жоқ» деп айт . Авто, доп, қуыршақ, кубик. Ана, әке. Ауыз, мұрын, көз, қол, аяқ, бас. Қайда? Ізде. Мұрның қайсы? Мұрныңды көрсет. Кімде? Қуыршақ кімде? Міне. Сұра. Бер, қуыршақты бер. Ал. Алманы ал. Кел, мында кел. Маған келші. Допты ал. Кубикті алып таста. Отыр. Тұр. Жүр, серуендейміз. Қолымызды жуамыз.

19. Күтілетін нәтижелер:


  1. қрапайым тапсырмаларды орындайды;

  2. тілдік қатынасқа түсу мақсатында тілдік құралдарды пайдаланады;

  3. заттың қимылын бақылайды;

  4. тілдесім (коммуникация) үрдісін бақылайды;

  5. таныс заттарды және іс-әрекеттерді атайды (шамамен);

  6. фотосуреттерден ата-аналары мен жақын туыстарын атайды;

  7. сөзбен айтылған таныс заттарды көрсетеді;

  8. фотосуреттерден жақындарын, туыстарын тауып, ыммен көрсетеді;

  9. затқа сәйкес кестелерді іріктеп, таңдап алады;

  10. айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;

  11. ауызша сәлемдеседі (шамамен);

  12. айналасындағылардың сөйлеу тіліне құлақ түріп, тыңдайды;

  13. ауызша өтінішін білдіреді (шамамен);

  14. сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарайды.


Параграф 3. II -жарты жылдық



20. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады. Есту қабілеті зақымдалған балалар айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін пайдалануды; қатынас барысында қарапайым сөйлеу тілін қолдана білуді үйренулері керек. Балаларды жазбаша сөйлеу тілімен таныстырады (қарапайым сөздер, сөз тіркестері жазылған кестелер қолданылады).

21. Қатынас:



  1. қатынас үрдісінің ерекшеліктерін бөліп көрсету: көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі); мақұлдап немесе қарсы бас изеу; жымию, бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау; дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дыбыс үйлестігі, дыбыс ұқсатығы, аморфты және былдыр сөздер, қарапайым сөздер;

  2. ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру;

  3. заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау;

  4. заттарды қатыстырып тапсырмаларды орындау;

  5. қанағаттанғанын, қанағаттанбағанын, қалау-қаламауын мимикамен, ым-ишарамен, сөзбен жеткізу;

  6. ауызша амандасу, өтініш, тілек білдіру;

  7. ауызша-жазбаша немесе ауызша-дактилді формада өтініш, тілектері туралы хабарлау;

  8. келісу-келіспеуді мимикамен, ым-ишарамен көрсету, сөзбен жеткізу;

  9. қатынасқа түсу барысында дауыс белгілерін, қатысты, қатысы жоқ былдырды, сөздердің кескінін көрсету әрекеттерін қолдану;

  10. заттық әрекеттерді бақылау, заттарды атау және оларға деген өзінің қатысын білдіру;

  11. түрлі жағдайда тілдесім үрдісін бақылау;

  12. қаратпа сөздерге жауап реакциялары: көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі); ым-ишара, пантомимика; заттық әрекет, дене қалпын өзгерту; артикуляциялық аппараттың қозғалысы; дауысты қосу;

  13. Ауызша және ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру;

  14. ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдану;

  15. бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;

  16. құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру;

  17. айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау.

22. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:

  1. енжар сөздік қорын етістіктермен толықтыру, қарапайым ойын, тұрмыстық әрекеттерді және тапсырмаларды білдіретін сөздерді меңгеру;

  2. енжар сөздік қорын зат есіммен толықтыру: айналасындағы нысандардың, жануарлардың, дене мүшелерінің, адамның бет-әлпетін білдіретін сөздер;

  3. айтқанды түсіну және сұрақтарға жауап беру (ым-ишарамен, дауыс реакцияларымен, сөзбен, суретті немесе заттарды көрсетумен);

  4. сұрақтардың мағынасын түсіну;

  5. ұғымдардың мәнін түсіну: дәмді, дәмсіз, болады, болмайды;

  6. түрлі дыбыстық сигналдарды естіп, тану (есікті қағу, құлаған заттың дыбысы, ұшақтың дауысы, қатты дауыс, күлкі, жылау);

  7. заттардың қасиеттерін білдіретін сөздерді түсіну;

  8. Ауызша және ауызша-дактилді белгілері бойынша объектілерді табу;

  9. тек есту арқылы объектілерді табу;

  10. тек жазбаша белгілері (кесте) бойынша объектілерді таба білу.

23. Айтылым:

  1. қоршаған ортада заттардың орналуына қатысты бөліп айту (мұнда, ана жерде, жақын, алыс);

  2. орындайтын іс-әрекеттерді атау;

  3. бақыланатын іс-қимылдарды атау;

  4. сурет, мультфильмдер, фильмдер көрген кездегі іс-қимылдарды атау;

  5. сөздер мен дыбыстық еліктеудің көмегімен жануарларды атау;

  6. орындайтын іс-әрекеттерді қысқа сөйлемдермен айту;

  7. әңгімелесушілердің артикуляциясына, мимикасына және пантомимикеасына еліктеу;

  8. сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген түрде айту;

  9. сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын ұштасқан түрде айту;

  10. тұрмыстық іс-әрекеттер мен ойынды сөйлеу тілімен ұштастыру (вокализациялар, сөздер, қысқа фразалар);

  11. қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіру білігі, оларды тілдік белгілеріне байланысты атау.

24. Оқылым:

  1. танып оқу (глобальное чтение) әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын айту;

  2. өз бетінше таңдаған кесте бойынша затты көрсету;

  3. 2 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктеу;

  4. кестеге сәйкес сыңарын табу (екеуі бірдей).

Тақырыптық сабақ үлгілері: Мен және менің отбасым. Дене мүшелері. Ойыншықтар. Азық-түлік өнімдері. Киім. Аяқ киім. Жануарлар (құстар мен аңдар).

Үлгілік сөздік: Жақындарының, топтағы балалардың, педагогтердің есімдері. Апа, ата. Сенің атың кім? – Әлия. Анаң қайда? – Мұнда. Сәлем, сау бол. Рахмет. Іш, арқа, шаш. Бұл не? Юла, пирамида, көлік, қоян, қонжық, сыбызғы, дабыл. Сыбызғыны бер. Берші Әлия. Ойна. Допты ал. Допты алып қой. Қоянды алып кел. Қонжық кімде? Тамақтан. Іш. Сорпа, нан, май, ботқа, котлета, шай, сүт, компот. Ал. Нанды ал. Сүт қайда? Жемпір, шалбар, белдемше, көйлек, пальто. Киін-шеш. Бұл кім? Мысық, мяу, ит аф-аф, тышқан, пи-пи, құс, сиыр му -му. Дәмді, дәмсіз, болады, болмайды. Салқын, ыстық. Жеуге болатын – жеуге болмайтын. Түсі қандай? Қызыл, қызыл шар. Сары, сары алма. Көк түсті кофта. Суық, ыстық. Катя, мында кел. Жүгіреді, отырады, жүреді, сөйлейді, сурет салады, оқиды, үреді, секіреді, жейді, ішеді.

25. Күтілетін нәтижелер:


  1. қарапайым тапсырмаларды заттармен, заттарсыз,орындайды;

  2. келісу-келіспеуді мимикамен, ым-ишарамен білдіреді;

  3. 2-3 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктейді;

  4. қаратпа сөздерге жауап реакцияларын білдіреді;

  5. кейбір сөздердің орнына дыбыстық еліктеуді қолданады;

  6. түрлі жағдайда тілдесім үрдісін бақылайды;

  7. заттарды іс-әрекетті атайды;

  8. тек ауызша немесе жазбаша белгілері бойынша объектілерді табады;

  9. ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап береді;

  10. айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;

  11. қойылған сұрақтардың мағынасын түсініп, сұрақтарға жауап береді;

  12. сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтады;

  13. амандасады;

  14. кестені көрсетіп ауызшасұрайды;

  15. заттардың сапасын, қасиеттерін білдіретін сөздерді ажыратады;

  16. айналадағылардың сөйлеу тілін тыңдайды, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарайды;

  17. қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіреді, оларды тілдік белгілеріне байланысты атайды;

  18. ойын, әрекет барысында ауызша сөйлеу тілін қолданады;

  19. қоршаған ортадағы түрлі дыбыстық сигналдарды таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет