Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата02.10.2019
өлшемі2,36 Mb.
#49166
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
География факульт курс (Восстановлен) (Восстановлен)(1)
tiulegenova

1-топтың  жауабы.  Тынық  мұхиты  ең  терең,  ең  ежелгі  болып 
табылады.  Ауданы-178,6  млн.км²,  10-мыңнан  астам  аралдар  бар.  Судың 
орташа  температурасы-19,4  С,  судың  кӛлемі  710  млн.км².  Дүнижүзі 
суының 50%-ын құрайды. 
Дүниежүзілік  мұхит  сулары  тереңдеген  сайын,  ӛзінің  табиғаты  мен 
тіршілік  дүниесінің  құпияларымен  адамзатты  әлі  де  таңғалдыруда. 
Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең 
тұңғиықтарын  зерттеу  барысында  қазірдің  ӛзінде  ғылымға  белгісіз  тірі 
жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар 
мен  қоректік  заттар  жеткілікті.  Тіпті  тіршілік  дүниесі  тереңдігі  11022  м 
болатын  Мариана  шұңғымасында  да  жаңа  жер  қыртысы  түзіліп,  ыстық 
магма  шығып  жататын  жарықтарда  да,  температурасы  мен  қысымы  ӛте 
жоғары  аудандарда  да  кездеседі.  Мұхиттардағы  тіршілік  жағдайлары 
полюстен  экваторға  және  су  бетінен  тереңдікке  қарай  ӛзгеріп  отырады. 
Мұхиттың ӛсімдіктер дүниесі кӛзге кӛрінбейтін бактериялар, біржасушалы 
ӛсімдіктер  мен  ұзындығы  200  м-ге  дейін  жететін  теңіз  балдырларынан 
тұрады.  Жануарлардан  кӛзге  кӛрінбейтін  ұсақ  жәндіктерден  бастап, 
салмағы 160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді. 
2-топтың жауабы. Тынық мұхитының тіршілік дүниесі. 
Мұхиттағы  тіршілік  ұзақ  геологиялық  уақыт  аралығында  су 
массаларының  қасиеттерін  ӛзгертіп  отырады.  Судағы  жасыл  ӛсімдіктер 
бӛліп  шығарған  оттегінің  мӛлшері  артып,  оның  артық  мӛлшері  ауаға 
шығару  арқылы  атмосфера  құрамын  ӛзгертеді.  Тіршілік  ету  жағдайына 
байланысты  мұхиттағы  тіршілік  дүниесі  планктон  (грекше  «қалқыма»), 
нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 
топқа бӛлінеді. 
Планктон  ағыстардың  әсерінен  еркін  қозғалатын  алуан  түрлі  бір 
жасушалы  балдырларда,  әр  түрлі  қарапайымдардан,  ұсақ  шаяндардан, 
теңіз  құрттарынан,  ішек  қуыстылардан  және  бақалшақтардан  тұрады. 
Ӛсімдіктер  планктоны  –  жануарлар  планктонының  негізгі  қорек  кӛзі. 
Мұхиттағы  аса  ірі  сүтқоректілер  (кит  тәрізділер  мен  ескек  аяқтылар)  де 
планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бӛлігінде 
еркін  жүзетін  балықтар,  теңіз  сүт  қоректілері,  теңіз  жыландары  мен 
тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан 

150 
 
тұрады.  Олардың  жалпы  биомассасы  бентостың  жиынтық  массасынан  23 
есе  аз.  Бентосты  мұхит  түбінде  бекініп  тіршілік  ететін  ӛсімдіктер  мен 
жануарлар  дүниесі  құрайды.  Олар  мұхит  түбінде  тіршілік  етуге 
бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шӛптерінен тұрады. 
Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп ӛмір сүруге бейімделген. 
Дүниежүзілік  мұхит  суларында  жануарлардың  150  мыңға  жуық, 
ӛсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан ӛте кӛп 
болуымен ерекшеленеді. 
Зерттеулер  ғылым  мен  техниканың  ең  соңғы  жетістіктерімен 
жабдықталған  қуатты  ғылыми-зерттеу  кемелерінің,  мұхит  түбінде  жұмыс 
істейтін  арнайы  автоматты  стансалардың,  сондай-ақ  жасанды  Жер 
серіктерінің кӛмегімен жүргізіледі. 
3-топтың жауабы. Тынық мұхитының қасиеттері. 
Дҥниежҥзілік мҧхит сулары гидросфераның негізгі бӛлігін құрайды. 
Дүниежүзілік  мұхит  ғаламшарымыздағы  жылу  мен  ылғалдың  таралуын 
белгілі  дәрежеде  реттеп  отыратындықтан  жердегі  тіршілік  үшін  маңызы 
ӛте  зор.  Жер  шарында Дүниежүзілік  мұхит  суының  алып жатқан  ауданы 
361,1млн  км.  Күн  жүйесідегі  ешбір  ғаламшарда  дәл  Жер  шарындағыдай 
мӛлшерде  су  жоқ.  Олай  болса,  су  –  Жер  табиғатының  басты  байлығы 
тіршілік кӛзі. 
Мҧхит  суының  басты  қасиеттері  –  температурасы  мен  тұздылығы. 
Мұхит  суының  да  жылынуы  Күн  сәулесінің  түсу  мӛлшеріне  тікелей 
байланысты. 
Дүниежүзілік  мұхит  суы  кӛлемінің  үлкен  болуына  орай,  құрлықпен 
салыстырғанда  судың  баяу  салқындауы  нәтижесінде  мұхитта  жылу  кӛп 
жинақталады. 
Мұхиттың  кейбір  аудандарында  бұл  заңдылық  мұхит  ағыстары, 
тұрақты  желдер,  ал  материк  жағалауларында  құрлықтың  тікелей  ықпалы 
мен  олардан  ағып  шығатын  ӛзен  сулары  әсерінен  ӛзгереді.  Судың 
температурасы тереңдікке қарай да ӛзгереді. Тереңдеген сайын алғашында 
температура күрт тӛмендейді3000-4000 м тереңдіктен кейін температура 
+2, – 0ºС аралығында тұрақтайды. 
Дүниежүзілік  мұхит  суының  құрамы  аса  күрделі.  Мұнда  суда  еритін 
тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның 
құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың 
барлығы  дерлік  мұхит  суында  еріген  күйінде  кездеседі.  1  л  мұхит 
суындағы  еріген  тұздардың  мӛлшері  судың  тұздылығы  деп  аталады.  Бұл 
кӛрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 
35 промилле шамасында. Тұздың ӛте жоғары кӛрсеткіші-41 промилле. 
Мұхит  суының  тұздылығы  36  промилле  мұхит  суының  қату 
температурасы -2С шамасында болады. Арктикалық және антарктикалық 
белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады. 
Мұхит  табанынының  ең  басты  компоненттерінің  бірі  оның  суы. 
Мұхиттың белгілі бір бӛлігін алып жатқан зор кӛлемді суды су массалары 
деп  атайды.  Мұхит  пен  құрлық  арасындағы  жылу  мен  ылғалдың 

151 
 
алмасуына 
беткі 
ағыстардың 
маңызы 
зор. 
Беткі 
ағыстардың 
қалыптасуының негізгі себебі жел. 
Ағыстар  жүйесі  солтүстік-шығыс  пассаттың  беткі  су  массаларын 
батысқа  қарай  айдауынан  түзілген  Солтүстік  пассат  ағысынан  басталады. 
Ол  Оңтүстік  Американың  шығыс  жағалауында  екіге  айырылып,  бір 
тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай 
кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп 
су  деңгейін  кӛтереді.  Осы  беткі  су  массасы  Антиль  аралдарын  айналып 
ӛтіп,  Жердің  ауытқытушы  күшінің  әсерінен  дұние  жүзіндегі  ең  қуатты 
жылы  ағыс  –  Гольфстримді  тҥзеді.  Гольфстрим  ағысы  Солтүстік 
Американың  шығыс  жағалауын  бойлай,  40  с.е.  дейін  жетеді.  Одан  әрі  су 
массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс 
желдері  әсерінен  Солтүстік  Атлант  ағысына  айналады.  Бұл  ағыс 
Скандинавия түбегін айналып ӛтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі 
судың  беткі  температурасын  жоғарылатады.  Қоңыржай  ендіктерден 
қайтқан  су  массалары  Африка  жағалауларындағы  тереңнен  кӛтерілетін 
суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік 
Пассат ағысына жалғасады. 
Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл 
жүйе  Оңтүстік  Пассат  ағысы,  Бразилия  ағысы,  Батыс  желдері  ағысы, 
Бенгел ағыстарынан құралады. 
Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы 
Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік 
Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас. 
Дҥниежҥзілік  мҧхитта  беткі  ағыстар  жылу  мен  ылғалдың 
тасымалдануы мен бӛлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс 
бӛлігінде  жылы  суларды  полюстерге  қарай  бағыттап,  жоғары  ендіктерді 
жылытады,  ал  шығысында  экватор  маңына  салқын  суларды  алып  келіп, 
жылынуына себепші болады. 
4-топ. Тест арқылы жауап береді. 
1. Жер бетіндегі Дҥниежҥзілік мҧхиттағы ең терең шҧңғыма 
А) Ява B) Мариан C) Алеут D) Филиппин E) Курил-Камчат 
2.  Жер  бетінің  қанша  пайызын  Дҥниежҥзілік  мҧхит  сулары  алып 
жатыр? 
A) 60%-ын B) 40%-ын C) 71%-ын D) 26%-ын E) 29%-ын 
3. Дҥние жҥзін алғашқы болып жҥзіп шыққан адам? 
A) Д.Ж.Кук B) Ф.Магеллан C) М.Поло C) Х.Колумб E) А.Веспуччи 
4. Африка қанша мҧхитпен шектеседі? 
A) 5; B) 3; C) 4; D) 2; E) 1. 
5. Дҥниежҥзілік мҧхиттың жалпы ауданы қанша млн км²? 
A) 320 млн км² B) 316 млн км² C) 361 млн км² 
D) 313 млн км² E) 363 млн км² 
4. Тереңдеген сайын мҧхит суы ... тҥседі? 
A) Ауытқи түседі; B) Қозғалады; C) Тӛмендей түседі; 
D) Арта түседі; E) Температурасы ӛзгермейді. 

152 
 
5. Дҥние жҥзілік мҧхиттағы ең жоғарғы тҧздылық қай теңізде? 
A) Қара теңізде; B) Ақ теңізде; C) Қызыл теңізде; 
D) Жерорта теңізінде; E) Каспий теңізінде. 
Қорытынды:  Бүгінгі  сабақта,  Тынық мұхитына  зерттеу  жасадық  Келесі 
де  қосымша  интернет  ресурстарын  қолданып  мәліметтер  алып  келу 
тапсырылады. 
 
«Әлемді тану» қолданбалы курсына ҧсынылған әдебиеттер 
1.  Агеева 
Р.А.  Страны  и  народы:  происхождение  названий. 
М.:Наука,1990. 
2.  Болотин  Б.М.,  Шейнис  В.Л.  Экономика  развивающихся  стран  в 
цифрах. -М.: Наука, 1988. 
3.  Болысов  СИ.,  Гладкевич  Г.Н.  и  др.  Пособие  по  географии  для 
поступающих в ВУЗы. -М, 1995. 
4.  Бунакова  Т.М.,  Родионова  И.А.  Пособие  по  географии  для 
поступающих в ВУЗы. - М.: Просвещение, 1993. 
5.  Витвер  И.А.  Историко-географическое  введение  в  экономическую 
географию  зарубежного  мира.  -М:  Гос.  изд.географ.  лит-ры,  2  изд., 
1963. 
6.  Витвер  И.А.  Южная  Америка  (Т.  10  Всемирной  экономической 
географии). -М.-Л., 1930. 
7.  Галич М. История доколумбовых цивилизации. -М.: Мысль, 1990. 
8.  Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Регионоведение:Учебник. -М., 2003. 
9.  Горнунг М.Б., Липец Ю.Г. История открытия и исследования Африки. -
М.: Мысль, 1973. 
10. Григорьева И.В., Рогулев Ю.Н., Смирнов В.П. и др. История новейшего 
времени  стран  Европы  и  Америки:  1945-1990гг./Уч.пособие  для 
студентов вузов по специальности «история». Под ред. Е.Ф. Язькова. -
М., 1993. 
11. Грицай О.В. Западная Европа: региональные контрасты на новом этапе 
НТР. - М., 1988. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

153 
 
«География және экономика тарихы» қолданбалы курсы 
(10-11 сыныптар) 
Бағыты: жаратылыстану-математика 
Бағдары: география, химия-биология 
 
Тҥсінік хат 
«География  және  экономика  тарихы»  қолданбалы  курсы  10-11 
сынып оқушыларына арналған. Курсқа оқушылардың экономикалық және 
физикалық  географиядан  алған  білімдері  негіз  болады.  Қазіргі  заманғы 
білімді  әр  түрлі  білім  кӛздерімен  елестету  мүмкін  емес.  Соның  ішінде 
география мен тарих. Бұл ғылымдар білім негізі және тарихы жағынан бір-
бірімен  тығыз  байланысты.  Қолданбалы  курста  оқушылар  қоғамдағы 
экономикалық  үрдістерді  саралап,  математикалық  негізге  сүйене  отырып, 
экономикалық заңдылықтарды ашуға мүмкіндік алады. 
Қазіргі мектеп оқушылары ӛз елінің тарихы, экономикасын біліп қана 
қоймай,  дүние  жүзі  елдерінің  тарихы  мен  экономикасын  білулері  керек, 
ӛйткені олар келешекте әлемнің кӛптеген елдерінде қызмет ететін болады. 
Оқушылар курс мазмұнындағы географияның ежелгі, орта ғасырлық, жаңа 
және қазіргі дәуірдегі дамуын, дүние жүзі елдерінің экономикасының даму 
тарихымен  таныса  отырып  ӛздерінің  интеллектуалдық  деңгейлерін 
кӛтереді.  Жалпы  және  салыстырмалы  сипаттамалар  барысындағы  ой 
қозғаулар 
оқушыларды 
жан-жақты 
ізденістерге 
ұмтылдырып, 
шығармашылықпен  жұмыстануға  мүмкіндік  береді.  Қолданбалы  курс 
қазіргі  әлемдік  дамудың  негізгі  бағыттарымен  таныстырып,  оны  жаңа 
ақпараттар  ағынында  дұрыс  түсінуге  кӛмектеседі  және  оқушыларға 
болашақ мамандықтарын таңдауға кӛмектеседі. 
Мақсаты: 
1.  Қоғам  мен  шаруашылықтың  даму  сатысындағы  тұтас  жүйелі 
заңдылықты қалыптастыру. 
2.  Дүние  жүзі  елдері  мен  аймақтардағы  экономикалық  заңдылықтардың 
себеп-салдарын анықтау. 
3.  ТМД  және  Балтық  маңы  елдерінің  халқы  мен  шаруашылығының 
географиялық бейнесін ашу. 
4.  Географиядан  алған  білімдерін  басқа  білім  салалармен  байланыстыра 
отрып,себебін түсіндіре білу. 
Міндеті: 
- Курсты оқу барысында оқушылар әлеуметтік-экономикалық түсініктерді 
меңгереді. 
-  Оқушылардың  логикалық  ойлауы  және  жағдайатты  шешу  ептіліктері 
дамиды. 
- Әр түрлі шағын топтарда жұмыс жасауға үйренеді. 

Географияның  кешенді  картасын,  сызба,диаграммаларды,сандық 
деректерді сараптауға үйренеді. 
Әдістемелік нҧсқаулар. 

154 
 
Осы  курсты  меңгеруде  оқушылар  кӛп  нәрсені  үйренеді:  ӛздігінен 
ізденуге,  кесте  толтыру,  ғылыми  рефераттар  жазу,  түрлі  хабарламалар 
дайындап  мәліметтерді  жинастыру,  ақпаратпен,  картамен  жұмыс  және  де 
түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған 
білімдері  сарамандық  жұмыстар  мен  сынақ  жұмыстар  (тест)  арқылы 
толықтырылады. 
Дәптерге  дәрістер,  тезистер  құрады,  кесте,  сызбанұсқа,  ақпарат 
кӛздерінен  жиналған  түрлі  мәліметтер,  диаграммалар,  сонымен  қатар 
рефераттар  дайындап,  слайд  жасалып,  әрбір  жұмысты  қорытындылап, 
бағалау. 
Кҥтілетін нәтиже. 
Оқушылар  географиядан  алған  білімдерін  шындайды.  Осы  курсты 
меңгере  отырып  географиялық  және  экономикалық  білімдерін  жетілдіріп 
әр  түрлі  іс  әрекеттер  орындайды.  Қолданбалы  білім  мен  практикалық 
икемділіктері  қалыптасады.  Оқушылар  мамандық  тандауға  бағыт  бағдар 
алады. 
Қолданатын қҧрал-жабдықтар: 
Дүние  жүзінің  саяси  картасы,  Дүние  жүзінің  физикалық  картасы, 
атластар,  кескін  карталар,  дидактикалық  материалдар,  электрондық 
оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер. 
Бағдарланған  мамандықтар:  Географ,  экономист,  саяхаттанушы, 
аймақтану, тарихшы. 
Пәнаралық 
байланыс: 
Экономика, 
тарихи 
география, 
тарих, 
мәдениеттану, саясаттану. 
Курсты  жҥргізу  формасы:  дәрістер,  сарамандық  жұмыс,  пікірталастар, 
семинар, тест, конференция, шығармашылық ізденіс жұмыстары. 
Қолданбалы  курсты  аяқтау  формалары:  тестілеу,  рефераттар  мен 
ғылыми жобалар қорғау, презентациялар дайындау, слайдтар жасау. 
 
Бағдарлама мазмҧны: 
I. Тақырып. Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері,маңызы1сағат 
II.Тақырып. Ежелгі дәуір (б.з.V ғ дейін) 4 сағат 
Ежелгі  дәуір  ӛркениеті.  Жерортатеңіздік  ежелгі  ӛркениет.  Европа, 
Африка,  Австралия,  Америка  ӛркениеті  және  тайпасы.  Тұңғыш 
географиялық  зерттеулер.  Ежелгі  Вавилон  географиясы.  Ежелгі 
финикиялықтар,  үнділер  мен  малайялыктар  географиясы.  Ертедегі 
парсы  географиясы.  Құл  иеленушілік  қоғамында  адамның  тек 
табиғатпен  ғана  емес,  сондай  ақ  адамзатпен  және  ӛз-ӛзімен  қарым-
қатынасы  мәдениеттің  басты  құрам  бӛлігі  ретінде.  География,  ежелгі 
дүниенің басқа да ғылым салалары сияқты бастапқыда философия ішінде 
дамуы.  Эмпирпикалық  жалпыламаларды  және  геоақпаратты  жеткізудің 
бірегей әдісі – картографияның пайда болуы. 
III. Тақырып. Орта ғасырлық дәуір (V-XVғғ) 3 сағат 
Орта  ғасырдағы  Европа,  Таяу  және  Орта  Шығыс,  Азия, 
Африка. Америка, Австралия және мұхиттық аралдар. Феодалды 

155 
 
шектеулер 
мен 
кеңістіктік 
ӛрістің 
бытыраңқылығы, 
шіркеу 
постулаттарының  жоғарылаған  рӛлі  –  Орта  ғасырлардың  негізгі  белгісі. 
Еуропада  феодализмге  кӛшу  мәдениетінің  күйзеліске  әкелуі.  Библия 
антикалық  ғалымдардың  еңбектерімен  алмасуы.  Жер  шары  тӛртбұрышқа 
немесе  күй  табаққа  «айналуы».  Дүниенің  біртұтас  бейнесі  дүниетанудың 
діни догмаларында сақталуы. 
IV. Тақырып. Жаңа дәуір. (XV-XXғғ) 1 сағат 
Жаңа дәуірдегі Европа мен Азия. Европадағы капиталистік ӛндірістің 
қалыптасуы  дүниетанымдық  ӛлшемнің  ӛзгерісіне  және  діни  азаттық  пен 
шіркеудің  қамқорлығынан  шығуға  деген  ұмтылысты  тудырды. 
Буржуазияның 
қалыптасып 
келе 
жатқан 
сатысы 
тәжірибелік 
жаратылыстанудың және қолданбалы ғылымның дамуында мүдделі болды. 
Европаның  солтүстігін  мекендеген  нормандар  (викингтер).  Венециялық 
кӛпес Морко Поло саяхаты. Европалық саяхатшылар. 
V. Тақырып. Ҧлы географиялық ашылулар. 3 сағат 
Ұлы  географиялық  ашылулар  заманы.  Алғашқы  болжамдар. 
Х.Колумбтың  Американы  ашуы.  Үндістанға  баратын  теңіз  жолының 
ашылуы. 
Португалдықтардың 
Үндістанда 
жүргізген 
отарлық 
басқыншылықтары  мен  сауда  саттықтары.  Үндістанға  апаратын  батыс 
жолының  ашылуы.  Ф.Магеланның  жер  шарын  алғаш  рет  айналып  шығу 
саяхаты.  П.П.Семенов-Тянь-Шанский,  Пржевальский  экспедициялары. 
Ш.Уалиханов  саяхаты.  Папуастар  тұрмыс-тіршілігі.  Халықаралық 
Геофизикалық жыл бағдарламасы. 
VI. Тақырып. Қазіргі заман дәуірі. 11 сағат 
Қазіргі  заман  географияның  классикалық  үрдістерден,  географияның 
идеографикалық  идеяларынанан  арылып,  пәнаралық  қиын  мәселерді 
парадигма 
кӛмегімен 
және 
географияда 
басқа 
ғылымдарды 
(философиялық,  математикалық,  жүйелі,  экологиялық  және  т.б.)  кең 
кӛлемде  қолдану  арқылы  шешуге  кӛшумен  сипатталады.  Батыс  Европа, 
Ресей,  Солтүстік  Америка,  Азия,  Африка,  Латын  Америкасы,  Австралия 
және  мұхиттық  аралдар  елдерінің  ашылу  тарихы,  саяси  картасы, 
мемлекеттік  құрылымы,  рухани  мәдениеті,  халқы,  экономикалық  дамуы. 
Дүние жүзінің аумақтық бӛлінуі және дүние жүзілік сауда. 
VII.  Тақырып.  Дҥние  жҥзі  елдері  экономикасының  даму  тарихы.  11 
сағат 
Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай, ТМД , Балтық маңы 
елдері 
экономикасының 
даму 
тарихы.Еуропа 
елдерінің 
жалпы 
сипаттамасыЕуропаның саяси картасы, оның екінші дүниежүзілік соғыстан 
кейін  ӛзгеруі.  Дүние  жүзілік  аренадағы  Еуропа  елдерінің  орны.  Еуропа 
елдерінде  мемлекетті  басқарудың  түрлері,  экономикалық  даму  деңгейі 
және  даму  жолдары  бойынша  топтастыру.  Табиғат  ресурстары,  оларды 
экономикалық-географиялық 
тұрғыдан 
бағалау. 
Экологиялық 
проблемалары. 
Халықтар 
географиясының 
ерекшеліктері, 
экономикасының  құрылымы  мен  ұйымдастырылуының  факторлары; 
ӛнеркәсібі 
мен 
ауыл 
шаруашылығының 
географиясы. 
Сыртқы 

156 
 
экономикалық  байланыстар,  олардың  мәні.  Әскери  және  экономикалық 
блоктар. Халықаралық  қатынастарды орнатудағы жаңа саяси кӛзқарастар. 
Еуропада  ӛнеркәсіпті  орналастырудың  және  дамытудың  басты 
ерекшеліктері. Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік. 
 
«География  және  экономика  тарихы»  атты  қолданбалы  курстың 
тақырыптық-кҥнтізбелік жоспары. 
Рет 
саны 
Сабақтың тақырыбы 
Сағат 
саны 
Ӛткізу тҥрі 
I. 
Кіріспе (1сағат) 
 
 
1. 
Курстың мақсаты, міндеті, маңызы 

дәріс-баяндау 
II. 
Ежелгі дәуір (4сағат) 
 
 
2. 
Ежелгі дәуір ӛркениеті 

дәріс, 
(слайдтар 
ацтектер,  майялар, 
инктер ӛркениеті) 
3. 
Ежелгі шығыс ӛркениеті 

дәріс  (слайд  Тибет 
ӛркениеті) 
4. 
Ежелгі жерорта теңіздік ӛркениет 

дәріс  (слайд  Рим 
ӛркениеті) 
5. 
Европа,  Африка,  Австралия  және 
мұхиттық  аралдар  ӛркениеті  мен 
тайпасы 

дәріс-баяндау 
III. 
Орта ғасырлық дәуір (3сағат) 
 
 
6. 
Европа елдері 

дәріс 
7. 
Орта және Таяу шығыс (5-15ғғ) 

реферат 
8. 
Азия 

дәріс 
IV. 
Жаңа дәуір (15-20ғғ) 1сағат 
 
 
9. 
Жаңа дәуірдегі Европа мен Азия 

дәріс 
V. 
Ҧлы 
географиялық 
ашылулар 
заманы (3 сағат) 
 
 
10. 
Ұлы  географиялық  ашылулардың 
алғашқы болжамдары 

дәріс 
11. 
Ұлы 
географиялық 
ашылулар 
нәтижесі 

дәріс 
12. 
Сарамандық жұмыс 

кескін 
картамен 
жұмыс 
VI. 
Қазіргі заман дәуірі (11 сағат) 
 
 
13. 
Батыс 
Европа 
елдерінің 
саяси 
картасы,  мемлекеттік 
құрылысы
экономикалық дамуы 

дәріс, саяси карта 
14 
Батыс  Европа  елдерінің  ғылым 
мәдениеті,  халқының  орналасуы  мен 
қозғалысы. Ұлттың қалыптасуы. 

дәріс 
15 
Қортынды сабақ 

сынақ тест жұмысы 

157 
 
16 
Ресей  (географиялық  ашылуы,  саяси 
картасы,  мемлекеттік 
құрылысы, 
халқы, экономикалық дамуы) 

дәріс, саяси карта 
17 
Солтүстік  Америка  (ашылу  тарихы, 
саяси  мемлекеттік  құрылысы,  халқы, 
экономикалық дамуы) 

дәріс, саяси карта 
18 
Азия 
(ашылу 
тарихы, 
саяси 
мемлекеттік 
құрылысы, 
халқы, 
экономикалық дамуы) 

дәріс, саяси карта 
19 
Латын  Америкасы  (ашылу  тарихы, 
саяси мемлекеттік құрылысы, халқы, 
экономикалық дамуы) 

дәріс, саяси карта 
20 
Австралия  және  мұхиттық  аралдар 
(ашылу  тарихы,  саяси  мемлекеттік 
құрылысы,  халқы,  экономикалық 
дамуы) 

дәріс, 
саяси 
картамен жұмыс 
21 
Африка 
(ашылу 
тарихы,  саяси 
мемлекеттік 
құрылысы, 
халқы, 
экономикалық дамуы) 

дәріс, 
саяси 
картамен жұмыс 
22 
Дүние жүзінің аумақтық бӛлінуі және 
дүние жүзілік сауда 

дәріс, 
сандық 
деректермен жұмыс 
23 
Қортынды сабақ 
 

конференция 
VII. 
Дҥние жҥзі елдері экономикасының 
даму тарихы (11сағат) 
 
 
24 
Германия,  Ұлыбритания,  Франция 
елдерінің 
экономикасының 
даму 
тарихы 
1 
дәріс, сызба, кесте, 
диаграммалармен 
жұмыс 
25 
АҚШ  елінің  экономикасының  даму 
тарихы 

дәріс, сызба, кесте, 
диаграммалармен 
жұмыс 
26 
Қытай  елінің  экономикасының  даму 
тарихы 

дәріс, сызба, кесте, 
диаграммалармен 
жұмыс 
27 
Беларусияның экономикасының даму 
тарихы 

дәріс, сызба, кесте, 
диаграммалармен 
жұмыс 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет