«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері»


Дәріс №6. ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН КЕЛЕШЕГІ



бет7/17
Дата24.04.2022
өлшемі1,38 Mb.
#140704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
система межд отнош, Бастауыш 5, Белль (Дисней) — Википедия, 9aa3ce5a0ff87098a5a0a1515fd9eba7, 99092cd84c83abcfac06dd9f7fc25a84
Дәріс №6. ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Жоспар
Эволюциялық даму кезеңдері, оның бағыттары
Даму тәжірибесі, эволюциялық табыс және факторлар
Эволюциялық дамудың болашақ бағдарлары

1.Эволюциялық даму кезеңдері, оның бағыттары. Қазіргі таңда елімізде жаппай үлкен қолданысқа ие болып, әр аймаққа қолдау тауып жатқан елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. Себебі, мақаланың мәні мен беретін ойы, міндеттері әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды. Елбасының осы мақаласында баса назар аударатын тұсы бар. Ол «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы». Эволюцияға еру, даму үшін әрбір азаматша немесе азаматтар мынаны білуі керек;


1) Қазақстанды сандық технологияға алып келу үшін, IT саласын жетік меңгеру;
2) XXI ғасырға ілесе отырып, ақпаратты дұрыс қабылдай білу;
3) Халықаралық үлкен сахнаға көтерілу үшін ұлттық бояуы бар бұйымдар, жобалар, идеялар, Қазақстандық бренд болатын кез келген еңбекті алға тарту және оған мемлекеттік көмектің болуы абзал;
4) Ғылым мен білімнің салтанат құруына байланысты, тек оқу емес тәжірибені де қатар ала жүріп, щет елге еңбек сіңіруге талпыну керек;
5) Әрбір маман өз қалауымен және бар күш-жігерін сала отырып, сол мамандықтың ақсап тұрған жерін түзеуге бара алатындай білікті болуы маңызды.
Жапон және Қазақстан елдері үшін экономикалық қатынастарды дамыту өте маңызды болып отыр. Айта кетер жайт қазақ айында Астанада Жапон Қазақстан үкіметтері мен жекеменшік сектордың біріккен комиссиясының отырысы өтті. Бұл кездесуге 200-ден астам бизнес өкілдері қатысты. Мұның бәрі де Жапон кәсіпкерлерінің Қазақстан экономикасына, қазба байлығына деген қызуғышылығының артып отырғандығының дәлелі.
Бастапқыда жапондық кәсіпкерлер Қазақстанның шикізат көздеріне, әсіресе қазба байлығымызға көңіл бөлді. Бүгінде екі ел арасында тек шикізат көздеріне байланысты ғана емес өңдеу, ауылшаруашылығы салаларында жапондық кәсіпорындардың алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалану туралы мәселелер көтеріліп отыр. Әсіресе еліміз дамыған елу ел қатарына қосылуға ұмтылып отырғанда жапондық жетістіктерді пайдалану біз үшін бірден бір тиімді мүмкіншілік болып табылады. Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорын «Қазатомпром» жапондық кәсіпорындар «Марубеші корпорейшин» мен «Сушитомо корпорейшн» бірігіп уранды өндіру жөнінде жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Рухани дамымай, экономикалық даму болмайды,-дейді Елбасымыз». Рухани байлық - елді алға жетелейтін бірден-бір өрлеу. Мемлекет басшысы білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан болу керек екенін айтты. Яғни, эволюцияның дамудың бастамасы-білімді жастар. 2019 жылда «Жастар жылы» деп атауының өзі біздерге-жастарға қанат бітіріп отырғанның көрінісі.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Президенттің жыл басындағы халыққа жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыру басталғаны жарияланды. Осылайша, бізге қайта түлеудің айрықша маңызды екі үрдісі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алу жолға қойылды. Біздіқ мақсатымыз айқын бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу деп Елбасының өзі атап өтті. Аталған екі жаңғыру процессінің де нақты мақсаты-міндеттері, басымдылықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі яғни, одан бұрын жаңғырып отыру керек. Елбасы жолдаған жолдауда болашаққа болжам қазіргі жағдайға талдау жасап, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуын ерекшеліктер айтылады. Бұл бағдарламаларда еліміздің саяси, әлеуметтік экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілгендіктен электроэнергетика республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 7%-дан астамын қамтамасыз етеді.
2016 жылы Қазақстандағы электроэнергиясының өндірісі 102,3 млрд кВт сағатты құрайды. Ол 2014 жылдың деңгейінен 4,9%-ға жоғары, ал тұтыну 93,15 млрд кВт құрайды. Жоғарғы аталғандарға байланысты энергияның балама көздерін пайдалану туралы сұраққа сәйкес болады.
Қазақстан ұзақ мерзімді перспективада табиғи байлықтан ауыстырушы бола алатын қалпына келетін энергияны (су, жел, күн және ауылшаруашылық секторынан шығатын органикалық қоқыстар) пайдалану потенциалына ие.
Болашақ тұлғаның келбетін құрайтын үшінші қасиет сана-сезімнің ашықтығы. Қазақстан халқы әлемнің түрлі мәдениеттерін қабылдауы керек. Алайда дамуды тежейтін құбылыстардан бойын аулақ ұстау қажет.
Мемлекет басшысы болашақ қазақстандық білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, білім шыңына шыққан жан болуы керек екенін айтты. Президент эволюциялық дамуға шақырды. «Бұл да революция бірақ эволюциялық адам өлтіру, ұлтты болу, азаматтық соғыс жоқ революция. Міне, біз өзімізді де, балаларымызды да осыған тәрбиелеуіміз керек» - деді Н. Назарбаев. «Мәдени тарихи мұраны сақтау» деген бөлімінде мынандай нақты міндеттер қойылған:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, салт-дәстүрін зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау; Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымдық қорын жасау. Қорыта айтқанда, мұның бәрі елдің экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.
Елбасы бастамасымен қолға алынған гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң¬даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасауға арналған оқулықтар бүгінде өз оқырмандарына жол тапты. Атай кетсек, Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. «Әлеуметтану негіздері», Дж. Ритцер, Дж. Степницки «Әлеуметтану теориясы», Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том. «Антика философиясы», Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін», Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Энтони Кеннидің Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы» дәріс және практикалық сабақтарға қажетті өте құнды оқулықтар болып отыр.
2. Даму тәжірибесі, эволюциялық табыс және факторлар. Әлеуметтік-экономикалық және рухани үрдістер Қазақстан қоғамында рухани келісім тенденцияларымен қатар, адамдардың терең идеялы – діни таластарымен ерекшеленеді.
Қазақстан Батыс пен Шығыс өркениеттің қиылысындағы ел бола отырып, көпұлтты, конфессионалды қоғам болып табылады. Ғасырлар бойы халқымыздың ерен туған батырлары еліміз бен жерімізді жаудан қорғап келген жоқ па. Елі мен жері үшін соңғы демі үзілгенше күрескен қас батырлар есімі мәңгі тарихта ұмытылмайды. Қазақ халқы қашанда ерлік істерден бастау алған өр халық болғанбыз. Елжандылық болмаса, халқымызды сүйе алмасақ, осы құндылықтар үшін күресе алмасақ, тілімізді құрметтей алмасақ ата-бабаларымыздың күресінің мәні қалмас еді.
Елбасымыздың осы Жолдауында ерекше талқылап өтетін жерінің бірі туған жер туралы айтып өткені. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады деп айта келе Елбасы «Туған жер», «Туған ел» бағдарламасын қолға алуды ұсынады.
Елбасы көтерген тағы бір маңызды нәрсе ол «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру. Бұл жоба мәні отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал, бұған ауқымды мемлекеттік қолдау жасалуы қажет. Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз [1, 38 б].
Біз Еуропа бола алмаймыз, Еуропа Қазақстан бола алмайды, өз ұлттық құндылықтарымыз бен ерекшеліктерімізді сақтай отырып, өз моделімізді тауып, ұлтттық қажеттіліктерімізге сүйенген дұрыс, Еуропаның дайын формуласы бізге келе бермейді. Мысалы елімізге Австралиядан әкелген қой сіңбейді. Өз жерінің климатына, шөп жеміне үйренген мал жерсінбейді, Біздің еліміз бен жеріміздің өзіндік даму ерекшелігі бар, қоғамның дамуын ескеру, ұлттық ерекшеліктерді ұмытпау керек, Елбасының заңдылықтарын басшылыққа алу керек.
Германияда фабрика, заводтарды Traban маркалы көлік жасалған, және оны ойлап тапқын ғалым инженерге завод 1 $ сатқан, ғылыми жаңалығы үшін демалыс алған. ал бізге осы көлік сырттан өте қымбат бағада келеді екен. Эволюцияның даму көріністері осындай. Еуропаның жетістіктеріне сүйене отырып, үлттық ерекшеліктерімізді сақтаймыз. Ауылшаруашылықта жеткенімізбен, индустрияда қиналамыз. Біздің ұлттық мазмұн көрінуі керек.
3.Эволюциялық дамудың болашақ бағдарлары. Бұдан он жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір құжаттардың, жеке іс-қағаздарының, банк қызметінде есеп жүргізу жүйесінің құжаттарының барлығы болмаса да біразы қазақша толтырылуға көшіп отыр. Сонымен қатар теледидар мен баспасөз қызметтерінде де, біршама оң өзгерістер нәтижесін көріп жүрміз. Теледидардан қазақ тілінде әртүрлі танымдық, әлеуметтік мәселелерді көтеретін хабарлар жүргізілуде.
Алдыңғы қатарлы өркениетті деген батыс елдерінің өзінде рухани тоқырау шеңгеліне түскен кезде Шығыстың рухани байлығының қажеттігін сезінеді. Интернетке үйрену бұл әлеуметтік өркениеттен қоғамның қалып қоймауы, білім сапасын арттыру мақсатындағы шаралар, студенттердің мобилділігін арттыру болып табылады. Мәдени әртүрлілік – қазіргі әлемдегі Қазақстанның маңызды артықшылығы. Дін мен этностардың қауымдастығы біздің елімізге мәдени, потенциалды қамтамасыз етеді. Өркениеттің соқтығысуы біз үшін қауіпті. Сондықтан, агрессивті ұлтшылдық, діни шыдамсыздық, сепаратизмдерді тоқтату – біздің ұрпағымыздың міндеті болып саналады.
Қазақстан – Еуразия материгіндегі әскери-стратегиялық орталық кеңістік. Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігі – Қазақстанның болашақ жетекшілігінің негізгі және алғашқы шарты. Бостандық, әділеттік, қауымдастық – біздің болашағымыздың кепілі. Осы жоба бүкіл әлемді жақсыға өзгертуге қабілетті.
Бәсекелік қабілет ұғымы қазіргі таңда ең көп қолданыстағы термин. Жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Елбасымыз: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстар деп анықтап кетеді.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» деп ұтымды айтып өтеді.
Студенттер бәсекелік қабілетімен жұмыс табуына мүмкіншілік алады. Мысалы ағылшын тілін еркін меңгерген, оған қоса ана тілінде мықты негізді білімі болса, мұндай шәкірттер еліміздің беделді жерлерінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болары хақ. Сонымен қатар шет мемлекеттерден шақырту ала алады, өз білім дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын жан жақты тәжірибесінде қолдана алады. Ұлтымыздың рухани құндылықтарының негізін сақтай отырып, өзін жан жақты қырынан көрсетуге мүмкіндік алады.
Прагматизм – ысырапшылдық, астамшылық, даңғойлық, кердеңдік сынды жағымсыз қасиеттерге жол бермеу арқылы өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу.
Ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру, әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлық прагматизмі.
Елімізде коммунизм, фашизм, либерализм, радикалды идеологиялар болып өткенін ескерсек, ендігі жерде айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейді. Яғни, реализм мен прагматизм керек.
Ұлттық жаңғыру ұлттық сананың кемелденуі. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыру, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуы, жаңа интеллигенцияның қалыптасуы. Бұл – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Эволюциялық даму қағидасы әрбір Қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
Қазіргі кезеңнің күн тәртібіндегі басты мәселе балалар мен жастардың дүниетанымының деңгейін қазіргі заман талабына сай көтеру болып отыр. Қазіргі заман адамының жан-жақты ойланып, толғануға мұршасы жоқ, өмірдің сан қилы жағдайларымен күнделікті тұрмыста соқтығысып отырады. Жастарға байсалдылық пен байыптылық, шыдамдылық жетіспейді деуге негіз бар.
Индустрияландыру, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуы, жаңа интеллигенцияның қалыптасуы эволюциялық даму көрсеткіші. Қазақстанның эволюциялық даму жолында революциялық реформалар жүргізіп, уақытты басып озуда.
Бұған 2013 жылы «Болашақ - 2050: Әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» атты зерттеу жүргізген «Дағдарыстан кейінгі әлем» тәуелсіз сараптамалық Қоры орталығының зерттеулері дәлел, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл зерттеуге 5 құрлықтың 68 елінен 303 сарапшы қатысқан. Зерттеу барысында сарапшылардың алдына «2050 жылға таяу әлем бойынша қандай энергетика үстемдік етеді?» және «Жаңа әлемдік тәртіп орнату арқылы шектеулі табиғи қорлардың мәселесі шешіледі ме?» деген сауалдар тасталып, сарапшылардың көпшілігі сөзсіз эволюциялық даму жолын таңдаған еді.
2050 жылға дейін көптеген елдердің реформаларында жаңа өзгерістер болуы мүмкін. Осы реформалар әлемдік нарыққа тиімді жолмен ыңғайлы орнығу, бірқалыпты даму, тұрақтылықты сақтап қалу және ішкі қауіпсіздік мәселелерін қамтуы тиіс. Ол үшін: серпінді инфраструктуралық жобалардың болуы, мемлекеттік басқарудың ерекше сапасы мен адам капиталының өсуіне басымдық берілуі тиіс. Осы шарттарды ескере отырып, реформаларына батыл өзгерістер еңгізіп және тамаша нәтижелерге қол жеткізетін алғашқы мемлекеттер жаңа көпполярлы әлемнің геосасаяси таралымында жеңіске жететіндігі сөзсіз. «Дағдарыстан кейінгі әлем» тәуелсіз сараптамалық Қоры орталығы зерттеулерінің нәтижесі 2050 жылы «үлкен қайта бөлініс» болатындығын, сонымен қатар «күн астындағы орынға» таластың күшейетіндігін көрсетіп отыр. Сол үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан – 2050» Стратегиялық жаңа бағыты тек қана өзектілік емес, біздің еліміз үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жүктелген серпінді экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттер осы бағытты тұрақты ұстанып келеді. Соның салдарынан, Қазақстан тек қана әлемдік үрдістерді алдын ала болжап қана қоймай, оларды басып озуда.
Сұрақтар:
1. Адамзаттың эволюциялық дамуы үшін әрбір азамат нені меңгеруі тиіс
2. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының мәні неде?
3. Бәсекелік қабілет дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдарламасы. – Ж., 1993.
2. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. Қазақстан Республикасының 2015 Жылға Дейінгі Білім Беруді Дамыту Тұжырымдамасы
5. Есім Ғ. Жар жағасы. – Алматы: Санат, 2007. – 240 б.
6. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
7. Жандаулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы. – Алматы, 1998. – 221 б.
8. www.kazakparat.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет