ҚОҒамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы
8.5 Тоңазытқыш камерасындағы жылу ағынының есебі Есептеу әрбір салқындатылатын бөлмеге жеке жүргізіледі. Салқындатылатын камералардың температуралық режимінің өзгеруіне әсер ететін жылу ағынын ескереді. Жылулық есептеуді жүргізу үшін қолданылатын бастапқы анықтамалар: салқындатқыш камералардың, бөлімдерінің және олардың өлшемдерінің жоспары; жылу беру қоршауларының қабылданған коэффициенттің мәні; сыртқы ауаның, жанама бөлмелер ауасының, топырақтың температурасы мен ылғалдылығы; түсетін жүктің температурасы мен мөлшері. Қоршаулар_арқылы_өтетін_жылу_ағыны'>8.5.1 Қоршаулар арқылы өтетін жылу ағыны Жылу ағыны қоршаулар құрлымыы арқылы температуралар азайтындысының бар болуы нәтижесінде жылу беру жолымен жылу ағынының қосындысы ретінде анықталады (қабырғалар арқылы, қалқа, едендер арқылы жабулар немесе төсемдер, төле бөлмелердегі тереңдетілген оқшауланбаған бөлмелер арқылы). Берілген есептеумен камералардың ішіндегі температураның бір қалыптылығын сақтау үшін, қажетті суықтың жалпы жұмсалуын анықтайды. Қабырғалар арқылы, қалқалар арқылы немесе жабулар арқылы жылу ағындары, яғни Qқорш. (Вт) мына формула бойынша анықтауға болады Qқорш.= Кақиқ.F(tсырт.-tішкі) (39) Кақиқ. – жылу беру қоршауларының ақиқат коэфициенті, оқшауланған қабаттың қалындығын есептеу кезіндегі 2-ші формуламен анықталған, Вт/(м2• К); F – қоршау бетінің ауданы, м2; tсырт. - қоршаудың сырқы температурасы, ◦С; tішкі- салқындатылатын бөлменің ішіндегі ауа температурасы, ◦С. Камераның төбесі мен еденіне арналған жылу беру беті ішкі осьтері мен сыртқы қабырғалардың ішкі беттерінің арасындағы ауданына тең. Қабырғаның жылу беру бетін анықтау кезінде биіктік камераның еден деңгейінен бастап жоғарыда жатқан қабаттың еден деңгейіне дейін немесе төсем құюының жоғарғы жағына дейін саналады. Сыртқы қабырғалардың ұзындығы ішкі қабырғаның осьтер арасымен немесе сыртқы қабырғаның сырқы беттерінен ішкі осьтеріне дейін; ішкі қабырғаның ұзындығы – сыртқы қабырғаның ішкі беті арасымен және ішкі қабырғаның осімен несеме ішкі қабырғаның осьтер арасымен саналады. Сыртқы қабырғаның беті мен тоңазытқыш камерасының жабынына қосымша күн сәулесі түскендіктен, күн радиациясының әсер ету есебінен жылу ағынын анықтау керек. Күн радиациясынан анықталған жылу ағыны келесі формуламен анықталады Qк.р.=Кақиқ.∙ F ∙ ∆tк (40) мұндағы Кақиқ. – жылу беру қоршауларының ақиқат коэффициенті, Вт/(м2∙К); F – күн сәулесі түскен қоршау бетінің ауданы, м2; ∆tс – жаз мезгіліндегі күн радиациясы әсерін сипаттайтын температура айырмасының артық мөлшері, ◦С. Әрбір камераға жылу ағыны Qк.р анықталады, шыққан мәнін 67-ші кестеға енгізіледі. Барлық камералардағы жылу ағыны қоршау арқылы өтетін жылу беру есебінен әрбір камерадағы жылу ағынының қосындысына тең. Қоршау құрылымы арқылы өтетін жылу ағынының есептеулер нәтижесі 75 кестеға енгізіледі. Кесте 75 – Жылу беру және күн радиациясы жолдарымен, қоршаулар арқылы өтетін жылу ағыны (құрама кесте)
8.5.2 Өнімдер мен ыдыстардан түсетін жылу ағымы Жылу өнімдерді суыту, салқындату кезіңде бөлінеді. Тоңазытқыш өңдеуінің кез келген түрінен алынатын жылуды Q2 (Вт) мына формуламен анықтауға болады Q2=(Gтағ. ∙ Cтағ. + Gы ∙ Cы)(tтағ.б – tтағ.с) (41) мұнда Gтағ., Gы – суытылған бөлмеге тәулік бойы түсетін тағам мен ыдыс, кг/тәул; Стағ. , Сы- тағам және ыдыстың меншікті жылу сыйымдылығы, Дж/кг·К) (12.8 қосымшасы); tтағ.б - tтағ.с камераға бастапқыда түсетін тағамдар және тоңазытқыш өңдеуінің соңындағы температуралары, 0С; ( Қарау. СанЕжН 42-123-4117 -86. Ерекше тез бұзылатын тағамдарды сақтау мерзімдері, шарттары); τ тоң.өң. - тоңазытқыш өңдеуі және tтағ.соң температурасына дейін сақтау ұзақтығы. Жобаланатын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының тоңазытқыштары үшін тағамдардың салқындату камерасына тәулік бойы түсуі (Gтағ) оларды сақтау ұзақтығына қатысты қабылданады. Егерде тағамды сақтау ұзақтығы 1-2 күнді құраса, онда тағамдар салмағы 100 % тең қабылданады, 3-4 күндік сақтау кезінде – 50- 60 % және 4 күннен көп (10 көп емес) сақталса – 40 % камера сыйымдылығы камерадағы сол тағамның ең көп мөлшерінен. Ыдыстардың тәулік бойы түсуін есептеулерде былай қабылдайды: ағаштан және болаттан -20 % , картоннан – 10 %, шыныдан - 100 % тағамның тәулік бойы түсуінен. Тағамдардың меншікті жылу сыйымдылығы 12.8 қосымшада және ыдыстардыкі 12.9 қосымшада келтірілген. Тағамдар және ыдыстармен камераларға енгізілетін жылу есептерінің нәтижелері, 76 құрама кестесіне енгізіледі. Кесте 76 – Жүктерден жылу ағымы (құрама кесте)
жүктеу/скачать 6,53 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |