ҚОҒамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы



бет15/29
Дата23.08.2017
өлшемі6,53 Mb.
#24756
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29


8.2 Тоңазытқыштың желдеткіші

Салқындатқыш камераларды жеміс, көк, ашыған және тұздалған қырыққабатты сақтау камерасынан басқаларға, ағым – соратын желдеткішісіз жобалау керек.

Бұл бөлімде желдеткіштің түрлерінің қолданатынын белгілеу керек. Және қандай еселік ауыспалы ауа қолданады. Міндетті түрде ауа қандай биіктікте камераға келуі және шығын тұрғанын белгілеу керек.

Салқындатқыш камераларда қозғалмалы желдеткіштің жүйесімен жобалауына кепілдеме береді, ол тәуліктік ауаның төрт еселік ауысуына есептелген.

Тамақ сақтау камерасында қозғалмалы желдетпе қолданады, ауаның төрт есе ауысуына есептелген.

Салқындатқыш камералы желдеткіш, басқа желдеткіш жүйелерімен байланыспай.өз бетімен жүруі керек.



8.3 Есептеуіш параметрлерді анықтау

Тоңазытқыш камералары және жеке тоңазытқыштарды жобалаған кездегі есептеуіш параметрлері׃



    • тоңазытқыш камераларындағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы мен температура;

    • іргелес суымайтын бөлмелердің ауа температурасы.

    • жазғы уақытта сыртқы ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы.

    • тоңазытқыш камера тамбурдағы ауа температурасы.

    • жердің температурасы.

    • географиялық пункттердегі орташа жылдық температурасы.

Салқындалатын камералардың температурасы және ылғалдылығын анықтау үшін тағам түрлері бойынша топтастыру керек. (Санитарлы – эпидемиологиялық ереже; СЕ 2.3.6.1079-01, пункт 7) және бірдей температуралық – ылғалды шартта сақталуы. (СанПин 42 – 123 – 4117 – 86. Тез бұзылып кететін тағамдардың сақталу мерзімі). Ол үшін 73 кестені толтыру қажет.
Кесте 73 – Тез бұзылатын тағамдардың сақталу шарттары

Тағамның аты

Нормативті параметрлері

Ауаның температурасы, 0С

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Сақтау мерзімі, тәулік

Сүтті – май камерасы

Маргарин


+2

85

5

Кулинарлы май, қаймақ

+2

85

5

және т.б.











8.4 Оқшауландырғыштың есебі

Тоңазытқыштардың жұмыс істеп тұру мерзімі, оқшауландырғыш сапасыменде анықталады. Дұрыс таңдалған оқшауландырғыш материал және жақсы орындалған оқшауландыру ұзақ ақыт бойы өзінің қасиетін сақтайды.

Ғимарат құраушыларының салқындалатын бөлмелердің жылу оқшауландырғышы СНиП 3.11.87.«Тоңазытқыштар. Жобалау нормалары» бекітілген жылу беру коэффициентінің есептері бойынша алынуы қажет. Салқындатудың әр түрлері үшін жылу беру коэффициентінің қажетті мәні камера ішіндегі қоршаулардың бетіне ылғалды жібермеу шартымен бекітілген.

Осы бөлімді бастапқы мәліметтер׃



    • кәсіпорынның орналасқан климаттық аймағы;

    • ғимарат құрылысының құрылымы. (Сәулеттік – құрылыс тарауынан);

    • қоршау плитасының қалыңдығы мен оқшауландырғышы.

    • кірпішті қабырғаның құрылымы. (Суретте көрсетілген.)

    • темірбетонды қабырғаның құрылымы. (Суретте көрсетілген.)

Оқшауландырғыштың есебі, орнатылған жылуалмасудың нормативті коэффициентінің мәніне байланысты, оқшауландырғыш қабаттың қалыңдығын анықтау болып табылады.

Қоршаудың оқшауландырғыш қабатының қалыңдығын (метрде) мына формула бойынша анықтаймыз




(37)
мұндағы К – 2 жақ шетінің қоршауы мен температурасына байланысты алынатын, қоршаудың жылу алмасу коэффициенті; Вт/(м2·град);

δі – қоршаудың құрылымның қабатының қалыңдығы; м.



λі – қоршау құрылымын құрайтын, құрылыс материалдарының жылу өткізу коэфициенттері, 4 қосымша бойынша аламыз; Вт/(м· К);

– жылу оқшауландырғышының 4 қосымша бойынша алынатын жылу өткізу коэффициенті, Вт/(м2*К).

, – қабырғаның сыртқы және ішкі жағының 5 қосымша бойынша алынатын жылу беру коэффициенттері, Вт/(м2*К)

Қоршаудың нормативті жылуалмасу коэффициентін (К) таңдағанда, жобаланған кәсіпорын орналасқан климаттық аймақтың орташа жылдық температурасын және берілген географиялық пункттегі сыртқы ауаның жазғы температурасының есебін білу қажет.

Шатырсыз қоршауға қарағанда, шатырлы қоршаудың жылу алмасу коэфициенті 10 % - ға көбірек алынады.

Мына шамалар (i/i)термикалық кедергі, ал Σ (δі/λі) – жалпы термикалық кедергі деп аталады..

Әзірше тоңазытқыш құрылысында ең көп таралған жылу оқшауландырғыш материал ПСБ-С маркасындағы пенополистирол болып табылады. Одан жасалатын бұйымдар плита түрінде болады, ұзындығы 900 – ден 2000 мм – ге дейін, 500 мм аралықпе, ені сол аралықтыы қосқанда 500 ден 1000 мм – ге дейін, 25, 30, 50 және 100 мм қалыңдықта.

Жылу оқшауландырғыш құрылымды ылғалдан қорғау үшін гидро оқшауландырғыш материялдар қолданады׃ битум, борумпидрозол, толь, қара қағаз, полиэтилен қабығы, полиамид қабықшасы және т.б.

Жылу оқшауландырғышты ең суық жағынан орналастыру керек, яғни қоршаудың ішкі жағынан. Суық камералар арасындағы қалқаларды қатты плиталардан немесе көбікті бетонды блоктардан жасайды. Қатты плиталық материалдар қалыңдығы бойынша екіқабатты (100 мм), үшқабатты (150 мм) және төртқабатты (200 мм) болып бөлінеді.

Көбікбетоннан жасалған қалқалар 250, 400мм қалыңдықта жобаланады. Сыртқы қабырғаның құрылыс – изоляциялық конструкциялары және тоңазытқыш жапқыштары 66 – шы кестеде көрсетілген.

Плиталық материалдарды қолданғанда, изоляцияланған қабаттың қалыңдығын есептегеннен кейін, есептеу шамасы стандартты плитаның қалыңдығына сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда оқшауландырылған қабатты қысқа стандартты плита қабатына сәйкес алу керек және бұдан кейінгі есептеулерде қолданылатын қоршаудың нақты жылу алмасу коэффицентін анықтау қажет.



Жылуалмасудың нақты коэффициент шамаларын мына формуламен анықтайды

(38)
мұндағы – жылу изоляциясының нақты қалыңдығы, м.

Осыған ұқсас әдіс бойынша құрылыстық – оқшауландырғыш құрылымдардың, қоршаудың ішкі және сыртқы қабырғалар қалыңдығының және коэфициентінің жылуалмасуын, еден және төбе жабулары бойынша есептеу жүргізіледі.


Кесте 74 – Тоңазытқыштың сыртқы қабырғасы мен жабынының құрылыстық –оқшауландырғыш құрылымдары


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет