Топ күмәнді дебиторлық берешек және анықталғанға дейінгі сома қалдықтары бойынша резерв жасайды. Күмәнді дебиторлық берешекті бағалау үшін маңызды пікір қолданылады. Күмәнді дебиторлық берешекті бағалау үшін клиенттің тарихи және болжалды қаржылық көрсеткіштері ескеріледі. Экономикадағы, саладағы өзгерістер немесе клиенттің ерекше жағдайлары шоғырландырылған қаржылық есептілікте тіркелген күмәнді шоттар бойынша резервте түзетуді талап етуі мүмкін.
10 САТЫЛАТЫН ҚОЛДА БАР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР Сатылатын қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарға мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық векселі
6,756,735
7,858,293
Жергілікті қаржы институттарының облигациялары
3,578,594
3,635,123
Корпоративтік облигациялар
100,252
100,252
10,435,581
11,593,668
Минус: сатылатын қолда бар бағалы қағаздардың құнсыздану қоры
(100,252)
-
Барлығы
10,335,329
11,593,668
Жергілікті қаржы ұйымдарының облигациялары мынаны қамтиды:
мыңтеңге
Кредитрейтингі
2015 жылғы 31 желтоқсан
2014 жылғы 31 желтоқсан
«Қазкоммерцбанк» АҚ
Moody's: B3/негативті/NP
1,743,092
1,080,963
«Еуразия банкі» АҚ
Moody's: B3/негативті
1,339,208
1,442,720
«БанкЦентрКредит» АҚ
Moody's: B2/тұрақты/NP
496,294
774,842
«Каспий Банк» АҚ
Moody's: B1/негативті/NP
-
336,598
3,578,594
3,635,123
Саытлатын қолда бар инвестициялық бағалы қағаздардың пайыздық мөлшерлемелері мен өтеу мерзімдері былайша ұсынылды:
мың теңге
2015 жылғы 31 желтоқсан
2014 жылғы 31 желтоқсан
%
Өтеу мерзімі
%
Өтеу мерзімі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық векселі
5%-8.75%
2016-2032
4.3%-8.75%
2015-2032
Жергілікті қаржы ұйымдарының облигациялары
4.9% - 6.77%
2016-2023
5.5%-11.0%
2015-2023
Корпоративтік облигациялар
13%
2028
13%
2028
10 САТЫЛАТЫН ҚОЛДА БАР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР, ЖАЛҒАСЫ 2015 жылы Топ сатылатын қолда бар инвестициялық бағалы қағаздармен операция жасаудан болған 419,068 мың теңге сомасындағы іске асырылмаған залалды (2014 жыл: 392,955 мың теңге сомасында пайда) таныды. 2015 жылы Топ сатылатын қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды сатудан түскен жалпы сомасы 3,356 мың теңге іске асырылған пайданы таныды (2014 жылы: 2,062 мың теңге).
Сатылатын қолда бар қаржылық инвестициялардың құнсыздануы Әрбір есепті күні Топ сату үшін қолда бар, инвестициялар ретінде жіктелген бағалы қағаздардың құнсыздануын ескереді. Ішінара, Топ басшылығы құнсызданудан болған залал сомасын анықтау мақсатында жеке негізде соманы бағалау және ақша қаражатының келешек кезеңдерінің мерзімдері үшін пікірді қолданады. Бұл есептер факторлардың санына қатысты жол берулерге негізделген және нақты нәтиже ерекшеленуі мүмкін, бұл келешекте резервтегі өзгерістерге алып келеді.
Топ 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстан Қағазы» АҚ эмитентінің бір жыл ішінде құнсызданған деп танылған корпоративтік облигацияларын иеленді. Топ ссы облигацияларды да құнсызданған деп таныды әрі 2013 жылы есептен шығарды. 2014 жылы Топ қайта құрылымдау жоспарына, эмитенттің қаржылық жағдайын талдау және эмитенттің қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыруы аясында алған 7,974 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатына сәйкес түзетулер енгізіліген өтеу кестесі жарияланғаннан кейін, 100,252 мың теңге көлеміндегі «Қазақстан Қағазы» АҚ облигацияларын жартылай қалпына келтірді. 2015 жыл ішінде эмитент төлеу кестесіне сәйкес купондық төлемдерді төлеген жоқ, сол себепті Топ осы облигацияларға 100,252 мың теңге сомасында 100% провизия енгізді.
11 БАНКІЛЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТЕР 2015 және 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қысқа мерзімді банк депозиттері өтеуге дейін қалған мерзімі 12 (он екі) ай немесе одан аз, жылына 12-14% мөлшерлемемен Қазақстан банктерінде орналастырылған теңгелей депозиттерді білдіреді.
12 АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛАМАСЫ, ЖАЛҒАСЫ 2015 және 2014 жылдары Топ Қазақстан Қор биржасындағы (KASE) контрагенттермен «кері Репо» шартын жасасты. Осы келісімдер 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 107,085 мың теңге әділ құнға ие (2014 жылы: 2,685,071 мың теңге) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің казынашылық вексельдеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ноталарына жатады.
Ақша қаражаты және оның баламалары мына валюталарда көрсетілген: